«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауы

«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Bilim Media Group компаниясы барша қазақстандыққа зор денсаулық, толағай табыс тілеп, ортақ үйіміз – Қазақстан үшін істеген игілікті еңбегінің жемісті болуына тілектестігін білдіреді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Bilim Media Group компаниясы «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауын ашық деп жариялайды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Жаңашыл мұғалім” байқауының мақсаты мұғалімдердің білім беру саласында АКТ-ны қолдану көрсеткішін арттыру және ұстаздардың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби беделін көтеру болып саналады.

«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауы екі кезеңнен тұрады.

Жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқау төрт аталым бойынша жүргізіледі:

  • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану;

  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

 

Байқаудың басты шарты мұғалімдердің білім беруде АКТ әдістерін оңтайлы пайдалана білуі, шығармашылық әлеуетін танытуы және  BilimLand.kz ресурсын оқыту үдерісінде тиімді қолдануы болып саналады.

Біз білім беру саласындағы жаңашылдыққа жаны құмар, BilimLand.kz порталын белсенді қолданушы білім және тәрбие беру мекемелерінің барша қызметкерін байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқау жұмыстары 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап қабылданады.

Қосымша ақпарат пен байқау шарттары туралы толық мәліметті BilimLand порталынан http://bilimland.kz, сондай-ақ ВКонтакте, facebook, Instagram, Мой Мир әлеуметтік желілеріндегі BilimLand парақшасынан оқи аласыз.

Жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыз.

 

Ұқсас мақалалар

Жеңімпазды марапаттау - Bilimland.kz Жеңімпазды марапаттау
25.05.2016
«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары
10.04.2016
«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының қорытындысы - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының қорытындысы
06.04.2016