«Bilim Media Group» компаниясы ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы 2015 жылдың 2 қазаны мен 2016 жылдың 15 ақпаны аралығында өткен болатын.
Енді, міне, байқау шартында белгіленген уақытта байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар есімін жариялаудың сәті де келді.
Атап өткен жөн, қатысушы мұғалімдердің білім беруші www.bilimland.kz ресурстарын сабақта қолданудың сан алуан тәсілдерін көрсетіп, сан түрлі үлгісін байқатып, кәсіби шеберлігін сынға салған байқауда жеңімпаздар мен дипломанттарды анықтау сарапшы комиссия үшін де оңай болған жоқ.
Сонымен, «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары:
1-орын: Сүйрібаев Бақытбай (Жаңаөзен қ., Теңге ауылы, № 11 ОМ МКМ)
Сыйлығы: Диплом және 500 000 теңге;
2-орын: Аширова Дамира Хамитовна (Тараз қ., Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)
Сыйлығы: Диплом және 350 000 теңге;
3-орын: Мұқашева Жазира (Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы; Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №45 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы)
Сыйлығы: Диплом және 150 000 теңге.
Байқау қорытындысын шығару барысында сарапшы комиссия байқау жұмыстары жоғары деңгейде орындалған 10 дипломанттың есімін анықтады:
1) Аксёнова Инна (Тараз қ., физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі);
2) Ермаханұлы Ербол (Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы, "Арыстан" мамандандырылған лицейі);
3) Заитова Арзигүл (Алматы қ., №49 ОМ МКМ);
4) Құрманғалиева Гүлмира (Павлодар қ., Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі);
5) Жүсіпбекова Динара (Астана қ., №64 ОМ МКМ);
6) Тасқынбаева Қарлығаш (Шымкент қ., Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі);
7) Төлеуова Анар (Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, Ж.Мыңбаев ат. ОМ);
8) Исаева Айгүл (Қызылорда қ., Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі);
9) Казекешева Гүлнар (Ақтау қ., Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі);
10) Ниязбекова Айгүл (Астана қ., № 75 ОМ МКМ).
Дипломанттар білім беруші www.bilimland.kz порталының жарты жылдық жазылымына және байқауға белсенді қатысқандығы жөніндегі сертификатқа ие болады (электронды поштасы мекенжайына жіберіледі).
Сарапшы комиссияның бірауызды шешімімен сабақта www.bilimland.kz ресурстары өзгеше тәсілмен қолданылған екі қатысушының жұмысы дербес аталымдарға ие болды.
1) Мұрынова Әлия (Ақтөбе қ., №1 ОМ МКМ) – «BilimLand ресурстарын инклюзивті білім беруде қолдану» аталымы бойынша;
2) Ниязалиев Асқар (Тараз қ., Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі) – «BilimLand ресурстарын дене тәрбиесі пәнінде қолдану» аталымы бойынша;
Аталым иегерлері байқауға белсенді қатысқандығы жөнінде сертификатқа ие болады (электронды поштасы мекенжайына жіберіледі).
Байқаудың екінші кезеңіне өткен барлық қатысушы байқауға қатысқандығы жөнінде берілетін сертификатқа ие болады (қатысушының электронды мекенжайына жіберіледі).
«Bilim Media Group» компаниясы Ақтөбе қаласындағы №1 ОМ МКМ-нің, Астана қаласындағы №64 ОМ МКМ-нің және Қызылорда қаласындағы ХББ НЗМ басшылығына өздері басқаратын оқу орындары педагогтарының байқауға ерекше белсенділік танытып қатысқандығы үшін ыстық ықыласпен зор алғысын білдіреді. Оқу орнының ресми мекенжайына компания атынан Алғыс хат жіберіледі.
Жеңімпаздардың дипломдары мен сыйлықтарын табыстау салтанатты рәсімі 29 сәуірге дейін атқарылады (шара туралы қосымша хабарланады).
www.bilimland.kz сайтында жарияланатын жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыз!
Жеңімпаздарды мерейлі жеңісімен құттықтаймыз!