Мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін 10 тағам

Мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін 10 тағам

Егер балаңыз үй тапсырмасын орындауда қиналса, жаңа тақырыпты игеру қиынға соқса, көптеген ата-аналар бұл мәселенің себебі оның интеллектуалдық қабілеттеріне байланысты деп пайымдайды. Алайда, бұл мәселе көбінесе баланың ағзасы мен миының дамуына қажетті тағамдардың жетіспеушілігінен туындайды. Дамушы адамның миы оның басқа мүшелеріне қарағанда тағамнан алынатын пайдалы заттарды көбірек сіңіреді. Сондықтан балаңыздың жақсы дамуы үшін оған кішкентай кезінен бастап дұрыс тамақтануды үйреткен жөн. Төменде балалардың ағзасы мен миының жақсы дамуына пайдалы 10 түрлі тағамдарды ұсынамыз. 

Арқан балық. Майлы теңіз балығы құрамында ми функцияларына пайдалы  омега-3 майлы қышқылы бар. Омега-3 қышқылын күнделікті қолдану адамның жадысын жақсартады.

Жұмыртқа. Сарыуыздың құрамында есте сақтау қабілетін жақсартатын холин элементі бар. Балаларыңыздың ас мәзіріне қайнатылған жұмыртқа, омлет тағамдарын қосыңыз.  

Жержаңғақ майы.  Жержаңғақ ми жарғақшасын қорғайтын антиоксидант ㄧ Е дәруменінің көзі болып табылады. Жержаңғақты кез келген салатқа қосуға болады, ал жержаңғақ майын нанға жағып жеген дәмді.

Дәнді-дақылдар. Адам миының жақсы жұмыс істеуі үшін оған глюкозаның белгілі бір мөлшері қажет. Қабығы алынбаған тұтас дәнді-дақылдардың құрамында қанға қанша көлемде глюкоза түсуін реттейтін өзек те бар. Оған қоса, B тобының дәрумендеріне өте бай. Күнделікті өмірде тұтас дәнді нан қолдануға кеңес береміз. 

Сұлы. Сұлы ботқасы ㄧ бала үшін ең үздік таңғы ас, өйткені құрамында E, B дәрумендері, потассиум және мырыш бар. Бұл элементтер мен дәрумендер балаңызға өз зияткерлік әлеуетін толық жүзеге асыруға көмектеседі. Сұлыны ұнмен бірге қосып, бәліш, құймақ дайындауға болады. Жаңғақтармен бірге құрғақ табада қуырып, йогурт немесе сүт қосып жеуге болады. 

Жидектер. Құлпынай, қарақат, шие, таңқурай, қара бүлдірген, бүлдірген құрамында қатерлі ісік ауруын туындауына жол бермейтін антиоксиданттар бар. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, құлпынай және қожақат таңқурай жады жұмысын жақсартса, ал құлпынай, таңқурай, қожақат таңқурай және бүлдіргеннің тұқымдары омега-3 қышқылына бай. 

Бұршақ тұқымдастар. Үрмебұршақ, асбұршақ және жасымық ағзаға өте пайдалы. Себебі құрамы протеин мен өзекке, дәрумендер мен минералдарға бай. Күнделікті түрлі салаттарға қолдануға болады.  

Көкөністер. Қызанақ, брокколи, кәді, асқабақ, шпинат, сәбіз, болгар бұрышы, жүгері — бұл көкөністердің құрамында зақымдалған жасушаларды қалпына келтіретін антиоксиданттар көп. 

Cүт және йогурт. Сүт өнімдері ми тінінің өсуіне қажетті В тобының дәрумендеріне өте бай. Балаларыңызға таңғы асқа орташа “тәттілігі” бар йогурт, майлы емес қаймақ, сүт, айран берген жөн.  

 

Сиыр еті. Сиыр еті ㄧ есте сақтау қабілетін арттыратын темір мен мырыштың көзі. Сиыр етін С дәруменіне бай қызанақ, болгар бұрышы, апельсин, құлпынай сынды тағамдармен бірге жеген пайдалы, себебі сол кезде ағза темірді  жақсырақ сіңіреді.