Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.2.4 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін біледі және дәлелдейді; 7.3.3.4 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданып, есептеуге және дәлелдеуге есептерді шығарады; |
| Сабақ мақсаттары | Барлығы:Үшбұрыштар теңдік белгілерінінің теоремасын айта алады; Басым көпшілігі: Үшбұрыш теңдіктерін дәлелдей алады; Кейбірі:Үшбұрыш теңдіктерін есептер шығаруда қолданады. |
| Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: Үшбұрыштар теңдік белгілерін біледі ; Қолдану: үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданып, есептеуге және дәлелдеуге есептерді шығарады; Анализ: үшбұрыштар теңдігінің белгілері арасындағы айырмашылықтарды көрсете алады |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Үшбұрыштар теңдік белгілерін ауызша және жазбаша сипаттай алады Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Үшбұрыш теңдігінің бірінші белгісі ... Үшбұрыш теңдігінің екінші белгісі ... Үшбұрыш теңдігінің үшінші белгісі ... Олар тең, себебі, ... Терминология Іргелес қабырғалар және бұрыштар, үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары; Үшбұрыштардың түрлері: тік бұрышты, тең қабырғалы, доғал бұрышты, сүйір бұрышты, тең бүйірлі, қабырғалар, катеттер, гипотенуза, ұзындық, өлшемі, өлшеу, тең, тең емес; медиана, биссектриса, биіктік. |
| Құндылықтарды дарыту | Ақпаратты іздейді және оны сыни көзқараспен талдайды; Еркін шығармашылық кеңістігін жолдастарымен құра біледі; Өзгенің пікірін тыңдайды және сыни баға береді; |
| Пәнаралық байланыстар | Өнер |
| Бастапқы білім | Үшбұрыш түрлері.Үшбұрыш медианасы, биссектрисасы, биіктігі. (7.3А Үшбұрыштар) |
Ход урока
| Этапы урока | Запланированная деятельность на уроке | Ресурсы |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбы жазылады. Сабақтың барысымен таныстырылым жасалады. Оқу мақсаты, бағалау критерийлері нақтыланады 1. Үй тапсырмасын тексеру ( интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге асырылады). 2. Жаңа сабақ 3. Жұптық жұмыс 4. Қорытындылау Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгелдігіне назар аудару. (циркуль, сызғыш және қарандаш) Үй тапсырмасын тексеру Тақтада сұрақтар тізімі презентацияда көрсетіледі. Кездейсоқ таңдалған оқушы сұраққа жауап береді 1. Үшбұрыш дегеніміз не? 2. Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не? 3. Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз не? 4. Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не? 5. Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не? 6. Үшбұрыштың орта перпендикуляры дегеніміз не? 7. Үшбұрышты бұрыштары бойынша классификацияла 8. Үшбұрышты қабырғалары бойынша клссификацияла 9. Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не? 10. Тең қабырғалы үшбұрыш дегеніміз не? 11. Тік бұрышты үшбұрыш дегеніміз не? 12. Үшбұрыштың орта сызығы және оның қасиеті? 13. Дұрыс үшбұрыш дегеніміз не? |
Ереже парағы Презентация №1 |
|
Сабақтың ортасы (25 минут) |
Жаңа сабақ: Жаңа сабақтың мазмұнын ашуда оқушының белсенділігіне басымдылық беріледі, яғни мұғалім бағыттауыш сұрақтар қою арқылы оқушыны жетістікке жетуге қолдау жасайды, бағыттайды. I белгі. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады. AB=A1B1 , AC=A1C1 және ⦟А=⦟A1 ⇒ ∆ABC=∆A1B1 C1 II белгі. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес бұрыштары сәйкесінше екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес бұрыштарына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады. ⦟А=⦟A1 , ⦟C=⦟C1 және AC=A1C1 ⇒ ∆ABC=∆A1B1 C1 III белгі. Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы сәйкесінше екінші екінші үшбұрыштың үш қабырғасына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады. AB=A1B1 , AC=A1C1 және BC= B1C1 ⇒ ∆ABC=∆A1B1 C1 Жұптық жұмыс. Оқушылар өткен сабақта 5 жұпқа бөлінген. Сол жұп бойынша отырғызылады. Қарастырылып отырған есептер дұрыстығы жұпта талқыланып отырады. Сынып ішінде ЖАДА-ның орын алуына жағдаяттар туындатамын. Әр жұптың жұмыс барысын назардан тыс қалдырмай, тексеру жүргізіп бақылау-бағалау журналға белгілеп отырамын. Бағалау дескрипторы 1. Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін біледі. 2. Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін анықтай алады. 3. Есептер шығаруда үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданып, дәлелдейді. |
Презентация №2 Есептер жазылған таратпа кеспелер |
|
Соңы (5 минут) |
Үйге тапсырмасы. Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді. Үй тапсырмасына бағыт бағдар беремін. (bilimland.kz сайты Үшбұрыш теңдігінің белгілері. ) Рефлексия. Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікірін, ұсыныстарын жазады. Мен бүгін білдім ... Маған бүгін түсініксіз болды ... Менің ұсынысым ... Кері байланыс. бақылау-бағалау журналындағы мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардың жетістіктері мен әлі де қол жеткізу керек мәселелер айтылады |
http://www.bilimland.kz/ru/content/lesson/11581-priznaki_ravenstva_treugolnika |
Отзывы(0)