Школа-лицей №64
Школа-лицей №64
Лицей
Адрес:
Ғ. Мүсірепов, 15
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 27.12.2024
2337
64 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі «100 мектеп-100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып 2010 жылғы 1-қыркүйекте ашылды. Проект бойынша 1200 оқушыға арналған тек қазақ тілінде оқытатын мектепте өткен оқу жылында 50 сыныпқа топтастырылған 1374 оқушы аяқтаса, бүгінде 79 сыныпта 2119 оқушы дәріс алуда. Олардың үздік оқитыны өткен оқу жылы 247, биылғы жылы 383, ал екпінді оқушылар сәйкесінше 540 және 730, білім сапасы 60,5% және 63,7%-ды құрайды.
Мектеп қызметінің мақсаты: Жаңа ақпараттық технологияларды іс-тәжірибеге енгізе отырып, білім сапасын арттыруда мұғалім мен оқушының ынтымақтастық жұмыс ортасын қалыптастыру.
Мектеп жұмысының бағыты - толық математикалық бағытта білім беру, көптілділік негізінде ерте жастан (2-сыныптан) бастап шет тілін (ағылшын) оқыту.
Мектеп іші, акт залы, мәжіліс залы, спорт залы, хореография залы, 4 шеберхана және оқу кабинеттері заман талабына сай безендіріліп, интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ, 35155 кітап қоры бар, 50 орындық кітапхана да интернет желісін пайдалануға лайықталған. Сонымен қатар оқу құралдарымен де тиісті деңгейде жабдықталған. Мектепте 150 компьютер, 10 интерактивті тақталар, 20 проекторлық қондырғылар іске қосылған. Оқушыларды шынықтырып, салауатты өмірге баулу үшін мектеп ауласындағы 3 спорт алаңдары (футбол, волейбол, теннис корты) да орынды пайдаланылуда.
Оқушылардың игілігіне 395 орындық жаңа техникалық құралдармен жабдықталған асхана жұмыс істейді. Осы асхана арқылы 2310 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, оның ішінде бастауыш сыныптардың 1090 оқушысы және аз қамтылған отбастарынан 57 оқушы тегін тамақтанады.
Мектепте оқу жаратылыстану-математика бағытында жүргізіледі. Оқушыларымыз түрлі сайыстарға үнемі қатысып, көптеген жетістіктерге жетіп жүр.