Средняя школа №61
Средняя школа №61
Средняя школа
Адрес:
ул. Конституции, 33 уг. ул. Аспара
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 26.12.2024
3805
Астана қаласы №61 орта мектебі 2008 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. Мектептің алғашқы директоры Ұмсын Нұржігітқызы болған. 2014 жылдан бастап Жангазакова Кенжеш Апсеитовна басқарып келеді.
Мектеп ашылған жылы эстетикалық бағытта жұмыс жасады. Хор, би, домбыра, драма үйірмелері ашылды. Сонымен бірге оқушыларды сурет, қыштан мүсін құю, қолөнер түрлерін үйренуге бейімдеді. Сурет және еңбек пәнінің мұғалімдері бұл жұмысты Еуразия Ұлттық Университетінің ұстаздарымен бірлесіп жүргізді.
Мектеп ашылған жылдан бастап оқушыларымыз білім алумен қатар қалалық, республикалық іс-шараларға да қатысты.
Қалалық пән олимпиадаларына қатысып, оқушылар төмендегідей жеңістерге қол жеткізді:
2014 жылдың 11 қазанында 3-4 сынып оқушыларына арналған математикалық сайысқа қатысып Серік Гүлім, Молдахмет Даниял, Жамшатов Арсен мақтау қағазымен марапатталды, жетекшісі Смаилова Г.Қ.2015 жылдың 19 наурызында өткізілген «Кенгуру» конкурсына Ержанұлы Нұржүзбай қатысып І орын, Серікбаев Дінмұхамед ІІ орын, Жұманазарова Ақниет ІІІ орын алды.
«Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы»-Абай шығармаларын жатқа оқуға Ұ.С.Спиянованың жетекшілігімен Нығметова Мадина қатысып ІІІ орын алды. Түркістан қаласында өткен халықаралық конференцияда 6 «Г» сынып оқушысы Абдуалиев Асылбек І орын алды, жетекшісі Ермағанбет Бауыржан.
Қалалық сайыста «Үздік гид» мақтау қағазымен 9 «Ә» сынып оқушысы Сасаева Аяулым марапатталды.
«Астана дарыны» өткізген ғылыми жоба байқауында Қыпшақбаева Райхан ІІ орынды жеңіп алды. Қалалық ғылыми жобадан 5 «В» сынып оқушысы Жақсылық Дана ІІ орын, 11 сынып оқушысы математика пәнінен халықаралық ғылыми жоба байқауында Уйсинбай Жаннур І орын алып, жоғары оқу орнының грантын иеленді.
Дәстүрге айналған Абай оқуының қалалық байқауында Нығметова Мадина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мектебімізде хореограф Қорғашева Дананың жетекшілігімен «Сезім» би ансамблі үздіксіз жұмыс жасап келеді. Ансамбль жыл сайын өтетін Ұлттық Дельфийлік ойын бағдарламасы бойынша қалалық «Шаттық» байқауына қатысып, «Халық биі» номинациясы бойынша марапатталды. «Ақ көгершін» балалар байқауында қазақ биі «Пиала» ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, эстрадалық биден ІІІ орын алды. Қарағанды қаласында өткен «Шоқ жұлдыз» байқауында жүлделі ІІ орын, Халықаралық «Звезд Евразии» байқауында эстрадалық би өнерімен ІІІ орын, «Египетские фрески» биімен І орын иеленді.
Мектеп оқушылары спорттық сайыстарға да белсене қатысады, республика, қала деңгейінде танымал спортшылар бар. Мектепте бірнеше спорт секциялары жұмыс істейді. 2014-2015 оқу жылында Астана қаласы оқушылар спартакиадасына қатысып, спорттың барлық түрлерінен жоғары жетістіктерге жетіп, командалық үшінші орын иеленді. Олардың ішінде баскетболдан ұлдар командасы І орын, тоғызқұмалақтан І орын, көктемгі спорттық көпсайыстан ІІІ орындарды жеңіп алды. Тоғызқұмалақтан Базаралиева Гүлнара Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Бокстан 8 «А» сынып оқушысы Әлібек Беделхан республикалық жарыстардың жеңімпазы, 6 «Е» сынып оқушысы Марат Арайлым Азия жарыстардың жеңімпазы болды. Кабдуллаев Біржан Каратэден төрт дүркін Азия чемпионы, екі дүркін Әлем чемпионы атағын иеленді. Қалалық гир тасын көтеру жарысынан Жекеев Диас 10 «Б» ІІ орын , Баймағамбетов Әділ 9 «А» ІІІ орын иегері.
Қыстық спорт түрлерінен жетістіктері:
Шаңғыдан 10 «В» сынып оқушысы Тоқышев Аманжол Республикалық жарыстардың жеңімпазы. 9 «Д» сынып оқушысы Дауренбеков Дамир мамыр айындағы Президенттік нормативті жоғарғы деңгейде тапсырып, Президенттің «Алтын төс» белгісімен марапатталды.
Спортық «Ынта» жарысына қатысып, волейбол қыздар командасы ІІ орын, баскетбол ұлдар құрамасы І орын, қыздар құрамасы ІІІ орынды иеленді.
Сарыарқа ауданының әкімі және ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы- ларының өткізген футбол жарысына қатысып, І орын алды. Астана спорт клубтарының ұйымдастыруымен өткен футбол жарысына қатысып, І орын иеленді.
С.Сейфуллин мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С. Сейфуллин мұражайында 2014 жылы қазанның 15 жұлдызында С. Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойы қарсаңында Астана қаласының оқушылары арасында дәстүрлі «Сәкен оқулары» байқауы өтті. №61 орта мектептің 8 «Е» сынып оқушысы Мыңбай Нұртілеу байқауға қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен және оқушыны «Сәкен оқуларына» дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Омашева Асем Рахмановна «Алғыс хатпен»марапатталды.
«Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» Жастар қанаты, Астана қаласының Білім басқармасының басшысы, «Мемлекеттік тілді дамыту» президенттік қорының директоры, қоғамдық қор «Алдаспан» батырлар қорының президенттерінің ұйымдастыруымен 2014 жылы желтоқсанның 4 жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ТӘУЕЛСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУҒА БӘРІМІЗ ЖҰМЫЛАЙЫҚ!» тақырыбындағы танымдық кештің аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мектеп оқушылары арасында өткен «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҰМТЫЛЫС» атты шығармашылық байқауға қатысқаны үшін №61 орта мектептің 10 «В» сынып оқушысы Мыңбай Назерке ІІІ орынға иеленіп, қалалық жарысқа жолдама алды. Желтоқсанның 10 жұлдызында қалалық байқауға қатысып, мақтау қағазымен және оқушыны дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Омашева Асем Рахмановна «Алғыс хатпен» марапатталды.
2015 оқу жылында мектеп бітірушілер арасынан «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған оқушылар ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырды. 11 «В» сынып оқушысы Дүйсенова Айжан, 11 «Ә» сынып оқушысы Кушакаев Азат «Алтын белгі» белгісінің иегерлері атанды