Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар
Сабақтың мақсаты |
Химиялық реакциялардың жылдамдығының маңыздылығы және оған әсер ететін факторларды ажыратуды үйрену. |
Сабақтың түрі |
Зерттеу, талдау, жинақтау. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар, зерттеушілік әңгіме, әңгіме-дебат, сұрақ-жауап. |
Қажетті құралдар, ресурстар |
Таратпа ресурстар, ноутбуктер, зертханалық құрал-жабдықтар. |
Сабақтың барысы:
Кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Сабақтың басы 10 минут |
Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Оқушыларға химиялық реакциялардың жылдамдығы және оның қоршаған ортада маңыздылығын айқындау үшін арнайы TWIG порталындағы реакцияның жылдамдығы бейнежазбасын қарап, талқылау, оқушылардың пікірін тыңдау, қоршаған ортадан өзге мысалдар келтіруін сұрау. https://twig-bilim.kz/kz/film/rates-of-reaction-basics
BILIMLAND порталындағы физикалық химия саласындағы химиялық кинетика тарауынан химиялық реакциялардың жылдамдығы тақырыбымен танысып, тапсырмалаларын орындайды. Химиялық реакциялардың жылдамдығын есептеу үшін қолданылатын формуланы бірігіп айқындау. |
Оқушылар орындарына отырады.
Бейнежазбаны қарап болған соң мысалдар келтіріп, өз пікірлерін айтады.
Оқушылар тапсырмаларды орындап, өз пікірлерін айтады. |
Сабақтың ортасы 20 минут |
Оқушыларды екі топқа бөлу. Зертханалық жұмыс жасамай тұрып, қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Абайлып жұмыс жасауын тапсыру. 1-топ. Химиялық реакцияға жанасу бетінің ауданы мен концентрацияның әсерін байқау үшін зертханалық жұмыс жасау. Кейін BILIMLAND порталынан тақырыптық тапсырмаларды орындап, топпен ақылдасып таныстырылым дайындауға тапсырма беру. 2-топ. Химиялық реакцияға әрекеттесуші заттардың табиғаты мен температураның әсерін байқау үшін зертханалық жұмыс жасау. Кейін BILIMLAND порталынан тақырыптық тапсырмаларды орындап, топпен ақылдасып таныстырылым дайындауға тапсырма беру. Әр топ бір-біріне түсіндіру үшін баяндама жасайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, талқылайды. |
Топқа бөлінеді.
Зертханалық жұмысты орындап, таныстырылым дайындайды.
Баяндама жасайды, талқылайды, сұрақтар қойып, оған жауап береді. |
Сабақтың соңы 10 минут |
ITEST порталынан тақырыптық тест орындау. https://itest.kz/kz/lekciya_zhalpy_khimiya_khimiyalyq_reakcziyalardyng_zhuru_zangdylyqtary «Сыртқы-ішкі шеңбер»
Блиц тур. Сабақ барысында таныс болған жаңа терминдер және тірек сөздерді кезек-кезек айту.
Үй жұмысы. Тест жинақтарынан тақырыпқа байланысты сұрақтарды, есептерді табу және шығару. |
Жеке жұмыс.
Әр топтың оқушылары кезектесіп қатысады.
|