Отынның тиімділігін зерттеу

Жүсіпназарова Ғазиза Макуаевна
Тараз қаласы, ФМБ НЗМ
242
Жаңашыл мұғалім-2019
Химия
Тақырыбы:
Отынның тиімділігін зерттеу

Оқу мақсаттары

10.4.3.21 әртүрлі отынның тиімділігін салыстыру үшін зерттеуді жоспарлау;

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі отындардың тиімділігін зерттеуде жоспар құрастыру

Отындардың тимділігін зеттеуде практикалық жұмысты орындау

Берілген отын түрлерінің ішінен тиімді отын түрін анықтап, таңдауын себебін түсіндіру.

· Жұмысты жақсарту жолдарын ұсыну

Бағалау

критерийлері

Әртүрлі отындардың тиімділігін зерттеуде жоспар құрастырады

Отындардың тимділігін зеттеуде (ҚТЕ сақтай отырып) практикалық жұмысты орындайды

Берілген отын түрлерінің ішінен тиімді отын түрін анықтап, таңдауын себебін түсіндіреді

Жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады   

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: жану энтальпиясына анықтама береді, жылусыйымдылық ұғымын еске түсіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология 

Меншікті жылу сыйымдылық, судың меншікті жылу сыйымдылығы, жану энтальпиясы, калориметр, калориметрлік бомба.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Берілген бір килограмм заттың температурасын 1°C /1K арттыру үшін берілетін жылу мөлшеріне тең шама заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталады. Судың меншікті жылу сыйымдылығы ...

Пәнаралық байланыс

Физика (отынның меншікті жылу сыйымдылығын есептеу)

Алдыңғы білім

8.2A  Атомдағы электрондардың  қозғалысы  

8.4В  Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В  Қосылыстар құрылымы 

10.3А  Органикалық химияға кіріспе  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурсы

Ұйымдастыру кезеңі

1-2 мин

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығы тексеріледі және позитивті атмосфера қалыптастырылады.

презентация

Мақсат қою

3-4 мин

Суреттер арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын талқылау. Оқушылар бағалау критерийлерімен танысады.

 

Жаңа сабақты игеру

5 - 8 мин

 

     

 

 

9-20 мин

 

 

 

 

 

21-30 мин

 

 

 

 

31-38 мин

 

Алдыңғы сабақпен байланысы:

Оқушылардан алкандардың жану нәтижесіндегі өнімдер, олардың қоршаған ортаға әсері, шала жануы, оның өнімдері және ағзаға әсері туралы білімдерін қайталау.

№1 Практикалық жұмысты жоспарлау.

1.Оқушылардан отындардың жану кезінде бөлінетін жылуды қалай анықтауға болатындығын сұрау.

2. Оқушылардан гексан, этанол, изобутанол отынжарының жану кезінжегі бөлінетін жылуды лабораторияда қалай есептеуге болатындығын сұрау.

3. Оқушылардың топта жіктеп, тапсырма беріп, қалай есептеу жүргізетіндігін талқылау. (Қосымша 1) Есепті шығармас бұрын BilimLand сайтынан «Меншікті жылу сыйымдылығы» туралы білімдерін қайталау. Есептің дұрыс жауабын перезентацияда көрсетілетін дұрыс жауаппен оқушылар өзін-өзі тексереді.

4. Оқушыларға жану энтальпиясы түсіндіруде

Bilimland сайтынан бейне көрініс корсетіп, оқушылардың алған білімдерін қолдану мақсатында «Энтальпия өзгересі және калориметрия »  тақырыбындағы 5 бетіндегі 1,2,3 тапсырмалар орындайды. Жауаптарын тексеріп, мұғалім кері байланыс береді.

№2 Практикалық жұмысты орындау. «отынның тиімділігін зерттеу»

(уақытқа үлгеру үшін, топта оқушылардың рөлдерін бөліп беру)

1.    Оқушылармен жұмыс барысын талқылау.ол үшін берілген құрал-жабдықтарды қолдана отырып жұмыс барысын жоспарлайды.

2.    ҚТЕ қайталау, журналға қол қою.

3.    Оқушылар практикалық жұмысты орындайды,

4.    Мұғалім ТҚЕ сақтауын және жұмыстың орындалу барысын бақылайды.

№3 Практикалық жұмыс нәтижесін талқылау.

1.    Оқушылардан практикалық және теориялық отындардың (гексан, этанол, изобутанол) жану энтальпияларының теориялық және практикалық мәндері арасындағы айырмашылыққа назар аударту.

2.    Практикалық мәннің сай келмеуінің себептерін сұрау.

3.    Қай отын түрі тиімді және өз таңдауларын түсіндіруді оқушылар жазбаша орындауына уақыт беріңіз (оқушылардың жазба жұмысы тексеруге жиналып алынады)

4.    Оқушылардан жұмысты жақсарту жолдарын сұраңыз.

5.    Оқушылардың жауабын толықтырыпу үшін «калориметрлік бомбаның» жұмысымен BilimLand сайты арқылы таныстырыңыз.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/termodinamika/lesson/zhylusyi-ymdylyq

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-termodinamika/lesson/ehntalpiya-ozgeristeri-zhane-kalorimetriya

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-termodinamika/lesson/ehntalpiya-ozgeristeri-zhane-kalorimetriya

 

Рефлексия

39-40

минут

Кері байланыс

Сабақтың мақсаттарына оралу. Ауызша сабақ мақсатына сәйкес сұрақтар қойып. Сабақты қорытындылаңыз.

 

Табиғи газ пропанның 0,6 кг  ауада жанып, 100 г суды  25 ° C –тан 90 ° C жылытты. (Судың жылу сыйымдылығы  тең  4,18 Джг – 1К – 1.). Пропанның меншікты жану жылуын анықтаңыз.

Қате туралы хабарландыру