Молярлы концентрация

Жүсіпназарова Ғазиза Макуаевна
Тараз қаласы, ФМБ НЗМ
5548
Химия
Тақырыбы:
Молярлы концентрация

 
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Ерітіндінің концентрациясын берілген ерітіндідегі еріген заттың моль саны арқылы өрнектей білу.
Сабақ мақсаттары ✔ Молярлы концентрацияға анықтама беру.
✔ Молярлы концентрацияны формула түрінде өрнектеу.
✔ Еріген заттың массасы арқылы ерітіндінің концентрациясын анықтау.
✔ Молярлы концентрациясы арқылы, ерітіндідегі заттың массасын анықтау.
✔ Концентрлі ерітінділерді сұйылтуда есептеулер жүргізу.
Бағалау критерийлері – Молярлы концентрацияға анықтама беріп, формула түрінде өрнектейді.
– Ерітінді концентрациясы арқылы еріген заттың массасын анықтайды.
– Заттың массасы немесе моль белгілі болғанда, ерітінді концентрациясын анықтайды.
– Концентрлі ерітінділерді сұйылтуда есептеулер жүргізеді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады.
Молярлы концентрацияға анықтама береді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология.
Қосылыстар, еріткіштер, еритін заттары.
Еріген заттың массасы, еріген тұздың зат мөлшері.
Молярлы концентрация – молярная концентрация – molar concentration.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер.
Еріген заттың молі/массасы көп болса, ол концентрлі ерітінді.
Құндылықтарды дарыту Коллаборативті мәдениет.
Құрмет.
Сыйластық пен ынтымақтастық.
Жауапкершілік.
Өмір бойы білім алу.
Пәнаралық байланыстар Математика (есептеулер), АКТ.
Бастапқы білім Қарапайым химиялық реакциялар (7.2A)
Ерітінділер мен ерігіштік (7.3C)
Моль (8.3C)
Су (8.4C)
Стехиометриялық есептеулер (8.4A)
 
Сабақ барысы
 
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ой шақыру

0-4 мин
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен салемдесу.
«Миға шабуыл»:
Ерітінді дегеніміз не?
Ерітінді концентрациясының қандай түрлерін білесіңдер?
Молярлық концентрацияны қалай анықтауға болады?
Еріген заттың массасы арқылы ерітінді концентрациясын анықтауға бола ма?
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен сабақтың мақсаттарын анықтау.
Презентация
Мағынаны тану

5-12 мин

Жұптық жұмыс.
Оқушылар bilimland.kz сайтынан виртуалды лабораторияны қолдана отырып, әртүрлі тұз ерітінділерін әзірлейді, ерітінді концентрциясын анықтау арқылы, молярлы концентрацияға анықтама береді.

 

Молярлы концентрация - 1


Молярлы концентрация дегеніміз – 1 л ерітіндідегі еріген заттың массасы (моль).
Жасалынған лабораториялық жұмыс бойынша оқушылар осындай анықтама беруі мүмкін. Сонымен қатар концентрлі ерітінділер қаныққан ерітінді болатындығын біледі.
«Топтық жұмыс»
Құрастырылған анықтамаға сай оқушылардан топта молярлы концентарциясының формуласын құрастыруды сұрау.
Оқушыларды бағалау критерийімен таныстыру:
Бағалау критерийлері:
− Формула екі жолмен өрнектеу;
− Өлшем бірлігін көрсету.


Әрбір топ формулаларын тақтаға жазып, бірін-бірі бағалайды.
Сыныппен жұмыс bilimland.kz сайтынан молярлы концентрацияның анықтамасына назар аудартып, анықтаманы дәптерлеріне жазады. Қорытындылау үшін бейне көріністерді көрсету, талқылау.
Сөздік: молярлы концентрация – молярная концентрация – molar concentration
Мұғалім түсіндірмесі: Молярлы концентрация моль/л бойынша өлшенеді және "M" әрпімен белгіленеді. Мысалы, 2 M NaOH – натрий гидросидінің екі молярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндінің 1 литрінде заттың 2 молі немесе 80 граммы бар (M(NaOH) = 40 г/моль).
Жұпта оқушылардан bilimland.kz сайтындағы концентрациясы арқылы еріген заттың массасын есептеуді сұрау. (дәптермен жұмыс)

Молярлы концентрация - 2
 
Молярлы концентрация - 3
Нәтижелерін тексеру.
«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу. Сұрақ туындаған жағдайда қайта тапсырмаларды қарастыру.
Оқушылардан тұрмыстық жағдайда қандай концентрлі ерітінділерді білетіндіктерін сұрау.
Оқушылардан концентрлі ерітінділерді қалай сұйылтуға болатындығын сұрау. (Сірке қышқылынның мысалында қарастыруға болады).
Оқушылар молярлы концентрлі ерітінділерді қалай сұйылтуға болады деген сұраққа жауапты bilimland.kz сайтынан іздестіреді.
 
Молярлы концентрация - 4
 
Молярлы концентрация - 5


Концентрлі ерітіндіден (қаныққан ерітіндіден) сұйылтылған ерітінді алу үшін қажетті есептеулерді жүргізеді. Есепті дәптерлеріне орындайды.

Молярлы концентрация - 6


Мұғалім бақылау арқылы оқушылардың деңгейін анықтайды, керек жағдайда кері байланыс береді. Тапсырманы тез орындаған оқушыларға қосымша тапсырмалар орындауға беріледі.

 

  молярлығы көлем
Литий гидроксиді 0,5 М 300 cm3
Барий хлориді   200 cm3
Мыс сульфаты   700 cm3
Мырыш нитраты 2 M 1,5 dm3
 






















https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/eritindilerding-konczentracziyasy











https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/eritindilerding-konczentracziyasy
Рефлексия

39-40 мин
Сабақтың мақсатына қайта оралу.
Рефлексия.

 
Оқушының аты-жөні: Өте жақсы Жақсы, бірақ әлі де жаттығу керек Көмек керек
Молярлы концентарцияны формула түрінде өректей аламын.      
Еріген заттың массасы не зат мөлшері арқылы молярлы концентрацияны есептей аламын.      
Молярлы концентрациясы белгілі болғанда заттың массасын/зат мөлшерін есептей аламын.      
Презентация
 
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлығы: - ерітінді концентрациясына анықтама береді;
Көбісі: - ерітінді концентрациясының формуласын еріген заттың масса және зат мөлшері арқылы өрнектейді;
Кейбіреуі: Концентрлі ерітінділерді сұйылтуға арналған есептерді шығарады.
Бағалау мұғалімнің бақылауы, кері байланысы және оқушылардың бір-бірін бағалау арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар оқушылар bilimland.kz сайтында тапсырмалар орындау барсында дұрыс жауаптары арқылы өздерін-өзі бағалайды. Оқушылар жаңа білімді алу мақсатында https://bilimland.kz сайтын қолданады. Топтық және жұптық жұмыс кезінде бір-бірінің ойын құрметтеуге, коллаборативті мәдениетті дамытуда, жаңа білімді өздері ізденіп түсінуде, өнім бойы оқу дағдыларын дамытуға тәрбиелеу.
Қате туралы хабарландыру