Күкірт және оның қосылыстары
Жалпы мақсаты |
Күкірттің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы және қасиеттерімен, маңызды қосылыстары және олардың қолданылуы туралы білімдерін тереңдете түседі. Ұйымшылдықпен өз бетінше жұмыс жасауға бейімдеу. |
|||
Оқу нәтижесі |
Оқушылар темір туралы жалпы мәліметтерді біледі, генетикалық және сандық есептер шығара алады. |
|||
Түйінді идеялар |
«Химияның әлемі – қызық әрі танымды, Өз сырымен химия қызықтырар әркімді» |
|||
Сабақ мазмұны |
||||
Уақыты |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
5 мин |
Кіріспе: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: Таратпа қағаздардан өздеріне түскен күкірт қосылыстарының жақсы жақтарын оқиды. Таратпа қағаздардың бөлінуіне байланысты тұздар, оксидтер, қышқылдар деп 3 топқа бөлінеді. Тақырыпты осы таратпа қағаздары арқылы ашады. Тақырыпты ашу. Мақсат қою. Өздеріңіздің мақсаттарыңызды жазып қойыңыздар деген ұсыныс білдіреді. |
Оқушылар қолдарындағы таратпа қағаздардан берілген заттардың жақсы қасиеттерін оқиды. Таратпа қағаздардағы берілген формулаларды қосылыстарына қарай бөліп, топқа орналасады. Оқушылар мақсат қояды. |
Таратпа қағаздар. Интерактивті тақта, прези бағдарламасы. Преиодтық кесте. |
|
15 мин |
Негізгі бөлім: http://itest.kz/lekciya_bejorganikalyq_khimiya_vi_a_bejmetaldar_zhane_onyng_qosylystary |
itest.kz сайты арқылы оқушылар лекциямен жұмыс жасайды, өз бетімен меңгеру. Дәрістен ұғынғандарын постерге түсіреді, өз постерлерін қорғап шығады. |
Интерактивті тақта. Периодтық кесте. Постер, маркер, стикер. |
|
10 мин |
Бекіту: |
Әр топтан екі оқушы шығып сұрақтарға уақыт қоя отырып, жауап береді. Тақырыптық тесттермен жұмыс жасалды, тақырып қортылды, тест жұмысын тексере отырып, бағаланады. |
Интерактивті тақта. |
|
10 мин |
Бағалау. Кері байланыс. Мақсаттарын жазған парақшаға бағаларын қояды және меңгермегендерін жазады. |
Өз-өздерін бағалайды. |
Бағалау парақшасы. |
|
2 мин |
Үй тапсырмасы. |
Кітаппен жұмыс, тақырыпты толық оқу, №5-10 есеп шығару. |