Авогадро заңы. Молярлық көлем

Батырбаева Меруерт Қыстаубаевна
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылы, Мырзатай ОМ
1210
Химия
Тақырыбы:
Авогадро заңы. Молярлық көлем

Оқу мақсаттары

8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты, стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану.

 

Барлық оқушылар:
Молярлық көлемнің мәнін анықтай алады.
Қалыпты және стандартты жағдайларды анықтай алады.
Авогадро заңының қалай оқылуын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:
Формулаға қарап есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар:
Авогадро заңына сүйеніп күрделігі жоғары есептер құрастырып шығарады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайдалдағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану.

 

Оқушылар орындай алады:
Кез келген газдың 1 молінің қалыпты жағдайда алатын көлемі молярлық көлем екенін сандық мәні 22,4 л болатынын, бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемдерінде молекула сандары бірдей болатыны Авогадро заңы екенін біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қалыпты, стандартты жағдай, Авогадро саны, Авогадро заңы, молярлық көлем.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік тіркестер:
Авогадро заңы қалай оқылады? Қалыпты жағдайдағы газдардың молярлық массасы мен тығыздығын есептей алады. Кез келген газдың ... қалыпты жағдайда алатын көлемі ... деп аталады. 

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Физика, математика.

Алдыңғы білім

7.1.1.4 бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп бүгінгі болатын сабақта төрт топқа бөлінеді.
Топ ережесін сақтай отырып, сабақтарына сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын сұрау
«Кім жылдам?» әдісі 
1. Зат мөшерінің өлшемі?
2. Молярлық масса дегеніміз?
3. Авогадро саны нені көрсетеді?
4. «Моль» дегеніміз не?
4. Мr мен М арасындағы айырмашылық?

«Мозайка» әдісі
А) Төменде хлорсутектің, азот, күкірт және фосфор қышқылдарының молекулаларының модельдері берілген. Олардың формулаларын жазып, мольдік массаларын есептеңдер.

Дескриптор
- формуланы анықтайды;
- қосылыстардың мольдік массаларын есептейді.
Қалыптастырушы бағалау. 
Түрі: топтар бір-бірін бағалау.

Миға шабуыл әдісі бойынша жаңа сабақты ашу мақсатында мына сұрақтар койылады.
1. Қандай газдарды білесіңдер?
2. Тығыздық деген не?
3. Көлем дегеніміз не?
«Борт журналы» әдісі бойынша оқушыларға қима қағаздар таратылады.
Жаңа сабақ мұғалім түсіндірмесі
Химиялық заттардың кейбіреулері газ күйінде болады, мысалы Н2, О2, Cl2, N2, т.б.
Күрделі заттарда газ күйінде бола алады: CO2, SO2,
CH4, HCl, H2S т.б.
Газдардың тығыздықтары бойынша олардың 1 молінің алатын көлемін есептейік.
mm
p=----; г/л     V=----;г/л    Vm=22,4 л/моль.
Vp

Қалыпты жағдайда (қ.ж.), яғни 0 С температурада, 1 атмосфералық қысымда (101,325 кПа) кез келген газдың бір молі 22,4 л көлем алады.  Оны молярлық көлем деп атайды.

Осы есептеулерден көрініп тұрғандай 1 моль газдың көлемі шамамен бірдей екен, оның сандық мәні 22,4 л. Молярлық көлем (Vm) t-0°C, p-1атм-101,3 кПа, жағдайында анықталған, бұл қалыпты жағдай (қ.ж.)  деп аталады. 
Стандартты жағдай t-25°C, p-101,3 кПа бұл кезде молярлық көлем – 24л. 
Кез келген газдың 1 молінің қалыпты жағдайда алатын көлемі  молярлық көлем деп аталады. Бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемдерінде молекула саны бірдей болады. Бұл Авогадро заңы.  

 

«Конверт» әдісі арқылы оқушыларға канверттерге дайын жазылған тапсырмаларды салып төрт топқа таратылады.

1-топ
1. Көлемі 1 л (қ.ж.) сутектің молекула сандарын есептеңдер.
2. Зат мөлшері 2 моль азот қ.ж. қандай көлем алады?
3. Көлемі 112 л қ.ж. азоттың зат мөлшерін есептеңдер?

2-топ
1. Көлемі 1 л(қ.ж.) оттектің  молекула сандарын есептеңдер.
2. Хлордың (Cl2) 1 литрдің массаларын есептеңдер. Ол шама қалай аталады?
3. Зат мөлшері 0,5 моль көмірқышқыл газының массасын молекула санын, көлемін есептеңдер.
Жауабы: 22 г, 3,01х1023, 11,2 л

3-топ
1. Көлемі 1 л (қ.ж.) көмірқышқыл газының молекула сандарын есептеңдер.
2. Метанның (СН4)  (қ.ж.) 1 литрдің массаларын есептеңдер. Ол шама қалай аталады?
3. Массасы 128 г күкірт (IV) оксидінің (қ.ж.) көлемі мен малекула санын табыңдар.
Жауабы: 44,8 л, 1,204х10223

4-топ  
1. Көлемі 1 л (қ.ж.) күкірт сутектің молекула сандарын есептеңдер.
2. Күкіртті газдың 1 литрдің массаларын есептеңдер. Ол шама қалай аталады?
3. Көлемі 89,6 л (қ.ж.) хлорда, оттегіде қанша молекула болады. Массаларын есептеңдер.
Жауабы: 2,108х1024 молекула, 284 г Cl2, 128 г О2

Дискриптор: 
1. Авогадро заңын қолданып молекулалық массаны табады.
2. Есептердің шығару жолдарын біледі.
3. Молярлық көлемді есептеуді біледі.
4. Қалыпты жағдайдағы газдардың көлемін табады.

Кері байланыс:

БББ әдісі арқылы кері байланыс беріледі не түсінікті болды, не түсініксіз болғанын анықтау мақсатында пайдаланылады.
Үйге тапсырма. Химиялық формулаларын құрастырып кестеге қою.

Интерактивті тақта
үлестірме
материалдар


 

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/avogadro-zangy-moldik-kolem?mid=%info% - молярлық көлем
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/avogadro-zangy-ideal-gaz-kujining-tengdeui - тақырып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/gazdardyng-salystyrmaly-tyhyzdyhy-kolemdik-qatynas-zangy - көлемдік үлес

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қате туралы хабарландыру