Химия пәні бойынша тест сұрақтары
1. Электрондық конфигурациясы: 1s22s22p63s23p2
A) N
B) F
C) Si
D) Mg
E) Cl
2. ІІ топ негізгі топшасындағы элементтер.
A) Li, Na, Au
B) Be, Mg, Ca
C) Mg. Ca. Hg
D) C, Si, S
E) N, P, As
3. Темір(ІІІ) гидроксидінің молярлық массасы:
A) 56 г/моль
B) 200 г/моль
C) 103 г/моль
D) 107 г/моль
E) 101 г/моль
4. R2O5-не сәйкес келетін оксидтер түзетін элементтер қатары.
A) Ba, Mg, Ca
B) B, Al, Ca
C) Li, Na, K
D) C, Si, Ge
E) N, P, As
5. Калий перманганатындағы марганецтің тотығу дәрежесі:
A) +7
B) +6
C) +4
D) +3
E) +2
6. Магнийдің кристалдық торының түрі.
A) атомдық
B) металдық
C) иондық, металдық
D) иондық
E) молекулалық
7. Темірдің (ІІІ) оттекпен реакциясы теңдеуіндегі тотықсыздандырғыш формуласының алдына қойылатын коэффициент.
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
8. Күшті электролиттерге жататын қосылыс:
A) Cu(OH)2
B) Ba (OH)2
C) Fe(OH)2
D) Zn(OH)2
E) Be(OH)2
9. Ерітіндісінде фенолфталеин индикаторының түсі таңқурай түсті болатын қосылыс:
A) HNO3
B) FeCl3
C) H2SO4
D) Na2CO3
E) HCl
10. Гексин-2 ауадан... ауыр
A) 2,33
B) 2,50
C) 2,65
D) 2,82
E) 2,80
11. Молекулалық массасы 134-ке тең ароматты көмірсутек:
A) этилбензол
B) 1,2-диметилбензол
C) 1,2-диметил 2-этилбензол
D) 1,3-диметилбензол
E) 1,3,4-триметилбензол
12. 200 г әктасты қыздырғанда бөлінген көмірқышқыл газының (қ.ж) көлемі:
A) 22,4 л
B) 44,8 л
C) 4,48 л
D) 2,24 л
E) 44 л
13. Тұз қышқылының 4 л 0,2 н ерітіндісін дайындау үшін жұмсалатын тұз қышқылының массасын есептеңдер.
A) 29,2 г
B) 30,5 г
C) 31,2 г
D) 32 г
E) 33 г
14. Темір тотықсыздандырғыш болатын жағдай:
A) Fe2O3+2Al=Al2O3+2Fe
B) 2Fe+O2=2FeO
C) 2FeCl3+2HI=2FeCl2+2HCl
D) Zn+Fe2(SO4)3=ZnSO4+Fe
E) FeCl2+H2S=FeS+2HCl
15. Массасы 138 г этанолдың көлемі.
A) 89,6 л
B) 44,8 л
C) 67,2 л
D) 4,48 л
E) 2,24 л
16. Гидрлегенде шығымы 75% болса, онда 15,6 г бензолдан алынатын циклогексанның массасы.
A) 11,6 г
B) 10,6 г
C) 12,6 г
D) 15,6 г
E) 13,6 г
17. 0,6 моль сірке қышқылы 0,5 моль натриймен әрекеттескенде түзілетін сутектің (қ.ж) көлемі:
A) 11,2 л
B) 5,6 л
C) 22,4 л
D) 44,8 л
E) 67,2 л
18. Қалыпты жағдайда 3,36 л көміртек (ІV) оксидіндегі молекула саны:
A) 1,2 *1022
B) 4,5* 1022
C) 3,5 *1022
D) 1,9 *1022
E) 9,3* 1022
19. Зертханада 10 мл метил спиртін тығыздығы 0,8 г/мл тотықтырғанда, формальдегидтің массалық үлесі 0,03 120 г ерітіндісі түзілді. Формальдегидтің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы:
A) 47%
B) 48%
C) 49%
D) 50%
E) 51%
20. Аминсірке қышқылы құрамындағы оттегінің массалық үлесі (%):
A) 15,2
B) 42,7
C) 24,3
D) 36,4
E) 53,8
21. Сулы ерітіндіде сатылап диссоциацияланады:
A) Н2SO4
B) KOH
C) NaCl
D) NaHSO4
E) Ca(OH)2
F) K2S
G) Na2SO4
H) HCl
22. Глюкозаның ашу үдерісі кезінде түзілетін өнімдер:
A) сорбит
B) этил спирті
C) фруктоза
D) су
E) көмірқышқыл газы
F) сахароза
G) сүт қышқылы
H) крахмал
23. Этанальді алуға болады:
A) этиленді оттекпен тотықтырып
B) метанолды оттекпен тотықтырып
C) бутанальді гидрлеп
D) этил спиртін дегидратациялап
E) этанды оттекпен тотықтырып
F) ацетиленді гидратациялап
G) этанды формальдегидпен әрекеттестіріп
H) пропанальді гидрлеп
24. Фосфор тыңайтқыштарының түрі:
A) суда еритіндер
B) минералдық
C) органикалық
D) суда нашар еритіндер
E) жай
F) кешенді
G) суда ерімейтіндер
H) карбамид
25. Суда ерімейтін қосылыстар:
A) темір гидроксиді(ІІІ)
B) алюминий сульфаты
C) натрий гидроксиді
D) барий сульфаты
E) күкірт қышқылы
F) кремний қышқылы
G) магний хлориді
H) калий сульфаты
26. p-элементтерін көрсетіңіз.
A) калий
B) алюминий
C) кальций
D) күкірт
E) темір
F) мышьяк
G) мыс
H) қалайы
27. Ерітіндіде реакцияға түсетін заттар жұбы:
A) NaCl+K2SO4=
B) BaCl2+H2SO4=
C) CuCl2+NaOH=
D) MgCl2+KNO3=
E) KCl+ H2SO4=
F) NaOH+ H2SO
G) CaSO4+NaCl=
H) Li2SO4+NaNO3=
28. Сілтілік ортаны көрсететін тұздар:
A) калий карбонаты
B) алюминий сульфаты
C) натрий карбонаты
D) темір хлориді
E) калий фосфаты
F) натрий хлориді
G) мыс сульфаты
H) литий нитраты
29. Жоғары молекулалы қосылыстарға жататындар:
A) полиэтилен
B) дивинил
C) полипропилен
D) бутадиен
E) ацетилен
F) нәруыз
G) пентадиен
H) гептен
30. Метиламин алынады:
A) нитрометан мен сутектен
B) аминсірке қышқылы мен аммиактан
C) метан мен азот қышқылынан
D) метанол мен азот қышқылынан
E) хлорметан мен аммиактан
F) бромметан мен аммиактан
G) хлорсутек пен аммиактан
H) хлорметан мен азоттан
Жауаптары:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
C | B | D | E | A | B | D | B | D | D | C | B | A | B | C | C | B | E | B | B | A D E |
B E G |
A D F |
A D G |
A D F |
B D F |
B C F |
A C E |
A C F |
A E F |