Химия
1. Қалыпты жағдайда 10 г газ 7 л көлем алады. Газдың мольдік массасы:
A. 30 г/моль
B. 32 г/моль +
C. 34 г/моль
D. 36 г/моль
E. 38 г/моль
2. Реакция теңдеуінің коэффициенттерін орындарына қойыңыз (жазылу реті бойынша): Fe2O3 + H2 → Fe + H2O
A. 2-6-4-6
B. 1-3-3-2
C. 2-6-2-3
D. 1-3-2-3 +
E. 1-2-3-4
3. 10 л (қ.ж.) ацетиленді жағуға қажет ауаның (ауадағы оттегі 20%) көлемі:
A. 112 л
B. 172 л
C. 134 л
D. 125 л +
E. 148 л
4. Органикалық қосылыстардың көпшілігі суда нашар ериді. Оның себебі:
A. Органикалық заттар көміртек және сутектен түзілген
B. Органикалық заттар – қатты заттар
C. Органикалық қосылыстарға судың полюсті молекулаларымен әрекеттеспейтін химиялық байланыстар тән +
D. Органикалық қосылыстар сумен әрекеттеспейді
E. Органикалық заттар судан жеңіл
5. Салыстырмалы молекулалық массасы кіші зат:
A. NaBrO3
B. NaIO2
C. NaClO +
D. NaPO2
E. NaClO3
6. Өзгерістер тізбегіндегі Э элементі:
A. Фосфор +
B. Көміртек
C. Кальций
D. Магний
E. Азот
7. Осы сөйлемде оттек химиялық элемент болады:
A. Оттектің мольдік массасы 32 г/моль.
B. Фотосинтез процесі нәтижесінде оттек түзіледі.
C. Ауаның құрамындағы оттекпен тыныс аламыз.
D. Судың құрамына оттек кіреді. +
E. Оттек – газ тәрізді зат.
8. Мына айналымды жүзеге асыру үшін қажет X және Y заттары:
A. H2, O2
B. H2, BaO
C. t˚, HCl +
D. H2, t˚
E. H2, Cl2
9. Концентрациясы 0,5 моль/л алюминий нитраты ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесі 30% болса, 1 л ерітіндідегі барлық бөлшектердің зат мөлшері:
A. 0,95 моль +
B. 0,35 моль
C. 0,55 моль
D. 0,65 моль
E. 0,25 моль
10. Фосфор атомында толық аяқталған электрондық деңгейдің саны:
A. 1
B. 5
C. 3
D. 4
E. 2 +
11. Заттың құрамын химиялық таңбалар және индекстермен шартты түрде жазу:
A. Химиялық теңдеу
B. Термохимиялық теңдеу
C. Салыстырмалы молекулалық масса
D. Химиялық формула +
E. Мольдік масса
12. Схема арқылы алынатын А затының аталуы:
A. дипептид
B. альдегид
C. спирт
D. амин қышқылы +
E. эфир
13. «Күміс айна» реакциясын көрсететін карбон қышқылы:
A. құмырсқа қышқылы +
B. қымыздық қышқылы
C. хлорбутан қышқылы
D. бензой қышқылы
E. үш хлор сірке қышқылы
14. Мыстың негіздік карбонаты Cu(OH)2CO3 ыдырағанда түзілетін заттар:
A. Cu + H2 + O2
B. 2CuO + H2O + СO2 +
C. CuO + H2O + СO
D. Cu(OH)2 + СO2
E. CuO + H2O + СO2
15. … 5s25p2 конфигурациясы бар элемент:
A. С
B. Si
C. Ge
D. Pb
E. Sn +
16. Глюкозаның «күміс айна» реакциясына қатысатын себебі, молекуласында ... .
A. кетон тобы бар
B. амин тобы бар
C. альдегид тобы бар +
D. нитротоп бар
E. карбоксил тобы бар
17. Fe3+ ионының электрондық конфигурациясы:
A. ... 3d64s2
B. ... 3d54s0 +
C. ... 3d34s0
D. ... 3d44s0
E. ... 3d64s0
18. Тек р-р электрондық бұлттарының бүркесуі есебінен түзілген σ-байланыс бар молекула:
A. NH3
B. Na3N
C. HCl
D. NCl3 +
E. Li3N
19. MnO2 + Al → Al2O3 + Mn реакция теңдеуіндегі тотықсыздандырғыштың алдына қойылатын коэффициент:
A. 6
B. 3
C. 5
D. 2
E. 4 +
20. Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен металл иондары түзілетін заттардың аты:
A. қышқылдар
B. сілтілер
C. қышқыл тұздар +
D. негізгі тұздар
E. орта тұздар
Бірнеше дұрыс жауабы бар 10 сұрақтан тұратын тест
21. Формуласы көрсетілген қосылыстың атауы:
A. Метилэтан
B. Метилпропан +
C. Метилпентан
D. Изобутан +
E. Пропилметан
F. Этилпропан
G. Триметилметан +
H. Диметилэтан
22. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар:
A. уақыт
B. концентрация +
C. жылдамдық
D. температура +
E. катализатор +
F. ерітінді табиғаты
G. қысым
H. сыртқы факторлар әсер етпейді
23. Құрамында 50 г тұз және 200 г суы бар ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%):
A. 0,2 +
B. 20% +
C. 10%
D. 25%
E. 40%
F. 0,19 +
G. 0,02
H. 0,019
24. Суда еритін зат:
A. Мыс (ІІ) нитраты +
B. Күміс хлориді
C. Мыс хлориді +
D. Барий карбонаты
E. Мырыш нитраты +
F. Барий сульфаты
G. Мырыш фосфаты
H. Темір сульфиді
25. Суда ерімейтін зат:
A. Мыс (ІІ) нитраты
B. Натрий хлориді
C. Барий сульфаты +
D. Күміс хлориді +
E. Аммоний фосфаты
F. Қорғасын сульфиді +
G. Калий карбонаты
H. Натрий ацетаты
26. 250 мл 7,15 %-тік НСІ (ρ=1,035 г/мл) ерітіндісіндегі НСІ массасы:
A. 1,8
B. 1,85
C. 1,85006
D. 18,5 +
E. 18,5006 +
F. 18,500625 +
G. 185,0
H. 185,006
27. Күміс нитратымен анықталатын ерітінділер:
A. NaCl, HCl +
B. KOH, NaNO3
C. Al(OH)3, ZnCl2
D. Fe(NO3)3, CuSO4
E. HCl, KOH +
F. AlCl3, HBr +
G. AlCl3, Al(NO3)3
H. Cr(NO3)3
28. Диссоциациясы кезінде хлорид ионы Cl– түзілетін электролит ...
A. NaCl +
B. NaCl2
C. NaClO3
D. NaClO4
E. KClO
F. KCl +
G. LiCl +
H. NaClO
29. Берілген заттардың ерігіштігіне байланысты, тұнба түспейтін жағдайды анықтаңыз:
A. AgNO3 + NaCl →
B. CuCl2 + NaOH →
C. Ba(NO3)2 + H2SO4
D. AgNO3 + H3PO4 →
E. NaOH + HCl → +
F. MgCl2 + HNO3 → +
G. KNO3 + H3PO4 → +
H. H2SO4 + CaCl2 →
30. Берілген тотығу-тотықсыздану реакциясы нәтижесінде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент
A. S +
B. S, Na
C. O
D. Si +
E. S, O
F. C +
G. Si, O
H. Na