Қазақ әдебиеті

Жантұрсынова Клара
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылы, О.Әлібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
7269
ҰБТ тесттері
Тақырыбы:
Қазақ әдебиеті

1. Ж. Жабаевтың сатиралық өлеңге жататын шығармасын көрсетіңіз.

    А) «Мөңке туралы».

    В) «Өстепкеде».

    С) «Менің пірім – Сүйінбай».

    D) «Әділдік керек халыққа».

    Е) «Жылқышы».

 

2. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

    А) Эпитет.

    В) Метафора.

    С) Кейіптеу.

    D) Теңеу.

    Е) Әсірелеу.

 

3. Қаратаудың ойында, Қарасуда дүниеге келген батырды табыңыз.

    А) Мергенбай.

    В) Ер Төстік.

    С) Тазша бала.

    D) Аяз би.

    Е) Кендебай.

 

4. Кейқуат, Қаракөз қай шығармалардың кейіпкерлері екенін көрсетіңіз.

    А) «Ер Қосай» жыры.

    В) «Ер Тарғын» жыры.

    С) «Алпамыс батыр» жыры.

    D) «Қамбар батыр» жыры.

    Е) «Қобыланды батыр» жыры.

 

5. Мағжанның махаббат лирикасында жазылған өлеңін көрсетіңіз.

    А) «Бұлбұл».

    В) «Зар».

    С) «Сен сұлу».

    D) «Сағындым».

    Е) «Тірілдім».

 

6. «Абай жолы» романының бірінші кітабы қалай аталатынын табыңыз.

    А) «Қат-қабатта».

    В) «Өрде».

    С) «Бел-белесте».

    D) «Шытырманда».

    Е) «Қайтқанда».

 

7. Әмірің қатты Есім хан,

    Бүлік салып бұйырдың, – деп ханға өктем сөйлеген жырауды белгілеңіз.

    А) Үмбетей жырау.

    В) Махамбет.

    С) Жиембет жырау.

    D) Шалкиіз жырау.

    Е) Ақтамберді жырау.

 

8. «Жұмбақ жалау», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз» шығармаларының авторын табыңыз.

    А) Сәкен Сейфуллин.

    В) Бейімбет Майлин.

    С) Сәбит Мұқанов.

    D) Мұхтар Әуезов.

    Е) Әбділда Тәжібаев.

 

9. Д.Исабековтың «Әпке» шығармасындағы Қамажайдың қызметін анықтаңыз.

    А) Кондуктор.

    В) Сауыншы.

    С) Мұғалім.

    D) Дәрігер.

    Е) Инженер.

 

10. С.Мұратбековтың повесін көрсетіңіз.

     А) Аласапыран.

     В) Жусан иісі.

     С) Бауыр.

     D) Қоңыр күз еді.

     Е) Сусамыр.

 

11. «Дариға, сол қыз» өлеңінің авторын көрсетіңіз.

      А) Қ.Аманжолов.

      В) Ғ.Орманов.

      С) Ә.Кекілбаев.

      D) Ә.Тәжібаев.

      Е) А.Тоқмағамбетов.

 

12. «Байбөрі баласы Алып Бамсы» қай кітаптан екенін көрсетіңіз.

      А) «Құтты білік».

      В) «Оғыз қаған» жыры.

      С) «Күлтегін» жыры.

      D) «Диуани хикмет» кітабы.

      Е) «Қорқыт ата» кітап.

 

13. Ахмет ысырыла жол берген жұртты киіп-жарып балалардың алдына барды да, қалт бөгелді... Содан соң орнынан көтеріліп балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

Үзіндінің авторын және атауын табыңыз.

       А) С. Мұратбеков, «Бір атаның балалары».

      В) Ә.Кекілбаев, «Бір атаның балалары».

      С) Ә.Кекілбаев, «Шыңырау».

      D) М.Мағауин, «Бір атаның балалары».

      Е) М.Мағауин, «Тазының өлімі».

 

14. Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. ... Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген.

Үзіндінің авторын және атауын табыңыз.

      А) Ғ.Мүсірепов, «Автобиографиялық әңгіме».

      В) Ғ.Мүсірепов, «Қос шалқар».

      С) І.Жансүгіров, «Тулаған толқындар».

      D) С.Мұқанов, «Өмір мектебі».

      Е) І.Жансүгіров, «Жапон балладасы».

 

15. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасының жазылған жылын көрсетіңіз.

      А) 1897.

      В) 1927.

      С) 1917.

      D) 1947.

      Е) 1937.

 

16. Ж.Аймауытовтың романдарын белгілеңіз.

      А) «Абай жолы», «Көксерек».

      В) «Қартқожа», «Ақбілек».

      С) «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік-Кебек».

      D) «Ақбөпе», «Тулаған толқын».

      Е) «Қарағанды», «Боранды түнде».

 

17. Әділет, бақыт, ақыл, мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз.

      А) М.Қашқари.

      В) А.Яссауи.

      С) З.Бабыр.

      D) С.Саран.

      Е) Ж.Баласағұн.

 

18. Жерұйық іздеген жырауды белгілеңіз.

      А) Қорқыт.

      В) Әз-Жәнібек.

      С) Тәуке хан.

      D) Есім хан.

      Е) Асан қайғы.

 

19. Ш.Айтматовтың «Найман ана» әңгімесіндегі мәңгүрт болып кеткен жігіттің есімін көрсетіңіз.

      А) Дөненбай.

      В) Қатыран.

      С) Дөнентай.

      D) Жоламан.

      Е) Қалқаман.

 

20. С.Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімін табыңыз.

      А) Сағындық.

      В) Сәдуақас.

      С) Сейфқожа.

      D) Сейфолла.

      Е) Сарыпбек.

 

Нұсқау: «Сізге бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі».

 

1. А.Байтұрсынұлының еңбектері.

    А) «Қырық мысал».

    В) «Маса» еңбегі.

    C) «Оян, қазақ»

    D) «Қазақтыңбас ақыны».

    E) «Тіл құрал».

    F) «Педагогика».

    G) «Психология» (жан жүйесі).

    H) «23 жоқтау».

 

2. Мағжан Жұмабаевтың поэмалары.

    А) «Батыр Баян».

    В) «Көкшетау».

    C) «Ертегі».

    D) «Қорқыт».

    E) «Дала».

    F) «Күйші».

    G) «Жүсіпхан».

    H) «Тоқсанның тобы».

 

3. Абай Құнанбаевтың И.Крыловтан аударған аудармалары.

    А) «Қазаға ұшыраған қара шекпен».

    В) «Теректің сыйы».

    C) «Шегіртке мен құмырсқа».

    D) «Демон».

    E) «Есек пен бұлбұл».

    F) «Өгіз бен бақа».

    G) «Жалау».

    H) «Піл мен қанден».

 

4. С.Сейфуллиннің өлеңдер жинағы.

    A) «Өткен күндер».

    B) «Сағанақ».

    C) «Асау тұлпар».

    D) «Беташар».

    E) «Домыра».

    F) «Жиған-терген».

    G) «Экспресс».

    H) «Тұрмыс толқынында».

 

5. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасындағы кейіпкерлерді ата.

    A) Әбдірахман.

    B) Әзімхан.

    C) Шұға.

    D) Раушан.

    E) Есімбек.

    F) Мияш.

    G) Қасымжан.

    H) Күлзипа.

 

6. І.Жансүгіровтің оқу-білімге үгіттейтін өлеңдері.

    A) «Жастар».

    B) «Надан бай».

    C) «Саналы жастарға».

    D) «Жетімге».

    E) «Оқимын».

    F) «Толғамалар».

    G) «Баласынан анасына хат».

    H) «Інішегіме».

 

7. Мұрат Мөңкеұлымен айтысқа түскен ақындар.

    A) Жылқышы.

    B) Орынбай ақын.

    C) Бала Ораз Өтебайұлы.

    D) Шөже.

    E) Жаскелең.

    F) Асан бұғымен.

    G) Жантөлі қызбен.

    H) Ізім Шайыр мен.

 

8. Майлықожаның толғауларын ата.

    A) «Толғау».

    B) «Райымқұлға».

    C) «Атамекен».

    D) «Қасқыр».

    E) «Бұл дүиеде не жетім».

    F) «Ноғай мырзаға».

    G) «Оразалыға».

    H) «Үш жігіт».

 

9. «Мадақ жырында» Қазтуған жырау өзін қалай таныстырады?

    A) «айдаса – қойдың көсемі».

    B) «Би ұлынан несі жоқ?».

    C) «сөйлесе – қызыл тілдің шешені».

    D) «буыршынның бұта шайқар азуы».

    E) «хан ұлынан артық еді менің несібем».

    F) «бидайықтың көл шайқаған жалғызы».

    G) «күңіреніп күн түбіне жортқанмын».

    H) «ұстаса – қашағанның ұзын құрығы».

 

10. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы аналар.

    A) Зере.

    B) Күңке.

    C) Сарыапа.

    D) Ақлима.

    E) Ұлжан.

    F) Күнікей.

    G) Айғыз.

    H) Ұлпан.

 

1) А  11) А

2) D  12) Е 

3) Е  13) D

4) С  14) А

5) С  15) С

6) Е  16) В

7) С  17) Е

8) С  18) Е 

9) А  19) D

10) В    20) В 

 

1) A, B, D, E, H 

2) A, C, D, G, H 

3) A, C, E, F, H 

4) A, C, E, G, H 

5) A, C, E, G, H 

6) A, C, E, F, G 

7) A, C, E, G, H 

8) A, B, D, F, H 

9) A, C, D, F, H 

10) A, B, C, E, G

Қате туралы хабарландыру