География пәні бойынша тест тапсырмалары
1. Аталған тау жыныстарынан магмалық тау жынысын көрсет.
А) шымтезек пен көмір
В) мәрмәр, кварцит
С) бор, әктас
D) базальт, гранит
Е) тұз
2. Мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар.
А) морена
В) криктер
С) фьордтар
D) рифт
Е) терая
3. Солтүстік жарты шарда аса кең аумақты, ал оңтүстік жарты шарда аз орын алатын бұл белдеу шөл, дала, орман зоналарынан тұрады.
А) полярлық
В) субэкваторлық
С) субтропик
D) тропиктік
Е) қоңыржай
4. Ежелгі және жас платформалардың әртүрлі жастағы және қалыңдықтағы шөгінді жыныстар жауып жатқан бөлігі:
А) рифт
В) қалқан
С) тақта
D) платформа
Е) геосинклиналдар
5. Жер беті ауданы 149 млн. км2, ал Африканың ауданы 30,3 млн. км2 алып жатыр. Барлық Жер беті бойынша Африканың алып жатқан үлесі.
А) 20,3%
В) 15,2%
С) 8,4%
D) 9,7%
Е) 12,9%
6. Батысқа қарай орналасқан қала:
А) Өскемен
В) Қарағанды
С) Ақтөбе
D) Көкшетау
Е) Ақтау
7. Жер шарындағы ең үлкен түбек.
А) Үндіқытай
В) Сомали
С) Арабия
D) Пиреней
Е) Камчатка
9. Өскеменде буланушылық 600 мм, ал жауын-шашын 800 мм болғанда ылғалдану коэффициентін тап.
А) 0,19
В) 0,26
С) 1,33
D) 0,51
Е) 0,85
10. Республиканың жер қоры 270 млн.га, оның ішінде шабындық пен жайылым алып жатқан үлесі 70,4% болса шабындық пен жайылым қанша га екенін есептеңіз.
А) 120 млн.га
В) 135 млн.га
С) 167 млн.га
D) 212 млн.га
Е) 190 млн.га
11. 4 санымен белгіленген физикалық-географиялық аймақ:
А) Сарыарқа
В) Солтүстік Қазақ жазығы
С) Мұғалжар тауы
D) Тұран жазығы
Е) Алтай
12. Маңызды теңіз-каналдары.
А) Гибралтар, Мозамбик
В) Ла-Манш, Дрейк
С) Гудзон, Беринг
D) Киль, Магеллан
Е) Суэц, Панама
13. Аккумулятор шығаратын зауыт орналасқан қала.
А) Ақтөбеде
В) Қарағандыда
С) Өскеменде
D) Шымкентте
Е) Талдықорғанда
14. Алюминий зауытын орналастырудағы негізгі фактор:
А) энергетикалық
В) транспорттық
С) шикізаттық
D) экологиялық
Е) тұтынушылық
15. Шойын өндіруден жетекші ел.
А) Түркия
В) Ұлыбритания
С) Ресей
D) Германия
Е) Қытай
16. Аралдық мемлекеттің астанасы.
А) Берлин
В) Токио
С) Париж
D) Мәскеу
Е) Рим
17. Жапония, Малайзия, Испания, Бельгия ...
А) абсолютті монархиялар
В) унитарлы мемлекеттер
С) конституциялық монархиялар
D) теократты мемлекеттер
Е) федерациялық мемлекеттер
18. Тугела атауының Африкадағы географиялық объектіге қатысы.
А) Өзен
В) Көл
С) Үстірт
D) Жазық
Е) Сарқырама
19. Дүниенің екі бөлігінде орналасқан Қазақстан облыстары:
А) Маңғыстау, Атырау
В) Ақтөбе, Ақмола
С) Атырау, Батыс Қазақстан
D) Батыс Қазақстан, Маңғыстау
Е) Маңғыстау, Қызылорда
20. Минералдық ресурсқа кедей ел.
А) Қазақстан
В) Бразилия
С) Қытай
D) Аустралия
Е) Жапония
21. ОПЕК-ке мүше елдерді көрсет.
А) Алжир
В) Малайзия
С) Таиланд
D) Венесуэла
Е) Катар
F) Болгария
G) Қытай
H) Нигерия
22. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері:
А) Енисей
В) Хуанхэ
С) Ганг
D) Обь
Е) Сырдария
F) Лена
G) Рейн
H) Амур
23. Атлант мұхитына тиесілі ұғымдарды таңда.
А) Ең терең жері – 8742 м
В) Ауданы – 178, 6 млн км2
С) Ауданы – 92 млн км2 жуық
D) су көлемі – 330 млн км2
Е) орташа тереңдігі – 4560 м
F) су бетінің беткі температурасы +18,1˚C
G) Бискай, Гвиней, Мексика шығанақтары орналасқан
H) Курил, Сахалин, Исландия, Мальдив аралдары орналасқан
24. Каспий теңізінің жағалауын шайып жатқан мемлекеттер.
А) Қазақстан
В) Ресей
С) Тәжікстан
D) Өзбекстан
Е) Түрікменстан
F) Әзірбайжан
G) Ирак
H) Иран
25. Африканың шөлдері:
А) Атакама
В) Намиб
С) Гоби
D) Такла Макан
Е) Калахари
F) Ливия
G) Тар
H) Руб-әл-Хали
26. Мезозой қатпарлығының дәуірлері:
А) Пермь
В) Бор
С) Силур
D) Неоген
Е) Ордовик
F) Юра
G) Триас
H) Девон
27. Азияның абсолютті монархиялық мемлекеттері:
А) Катар
В) Кувейт
С) Малайзия
D) Жапония
Е) Таиланд
F) Оман
G) Біріккен Араб Әмірлігі
H) Камбоджа
28. Қазақстанның темір кен орындары:
А) Қоңырат
В) Ащысай
С) Қашар
D) Әйет
Е) Кемпірсай
F) Лисаков
G) Бозшакөл
H) Соколов-Сарыбай
29. ІV сағаттық белдеуде орналасқан Қазақстан облыстары:
А) Ақмола
В) Атырау
С) Ақтөбе
D) Қарағанды
Е) Жамбыл
F) Маңғыстау
G) Шығыс Қазақстан
H) Батыс Қазақстан
30. Балқан түбегінде орналасқан мемлекеттер.
А) Албания
В) Дания
С) Италия
D) Греция
Е) Болгария
F) Түркия
G) Испания
H) Македония
Дұрыс жауаптары
1 – D
2 – C
3 – E
4 – C
5 – A
6 – E
7 – C
8 – A
9 – C
10 – E
11 – C
12 – E
13 – E
14 – A
15 – E
16 – B
17 – C
18 – E
19 – C
20 – E
21 – A, D, E, H
22 – A, D, F
23 – A, C, D, G
24 – A, B, E, F, H
25 – B, E, F
26 – B, F, G
27 – A, B, F, G
28 – C, D, F,H
29 – B, C, F, H
30 – A, D, E, H