Биология
Бір дұрыс жауабы бар тест
1. Сүзгілі түтіктер болады:
А) Сүректе
В) Өзекте
С) Камбийде
D) Қабықта
Е) Ксилемада
2. Көп сүйекті жинақталған жеміске жатады:
А) Таңқурай
В) Итмұрын
С) Аскөк
D) Інжір
Е) Меңдуана
3. Раушангүлділер тұқымдасына тән емес белгі:
А) Аталықтары көп
В) Бунақденелілер тозаңдандырады
С) 3000 астам түрі бар
D) Жапырақтары қатарлас, доға жүйкелі
Е) Қос гүлсерікті
4. Вирустан болатын аурулар:
А) Қызылша, сары ауру
В) Оба, сіреспе
С) Баспа, топалаң
D) Туберкулез, іш сүзегі
Е) Құздама, сарып
5. Сиыр цепенінің сорғыштарының қызметі:
А) Ас қорытуға қатысу
В) Тыныс алуға қатысу
С) Ішекке жармасу
D) Өсімдік сабағына жабысу
Е) Қоректік затты сору
6. Кенелерге тән емес:
А) Дернәсілі – нимфа
В) Өсімдіктерді зақымдайды
С) Аузы – кеміруші
D) Топырақ құнарлылығын артыратын түрі бар
Е) Толық түрленіп дамиды
7. Сусар тұқымдас жануар:
А) Сабаншы, қарақұлақ
В) Сілеусін, ілбіс
С) Борсық, итаю
D) Сақалтай, ұлар
Е) Тапир, тарпан
8. Жасушада синтезделген барлық заттарды тығыздап жинақтайды:
А) Гольджи жиынтығы
В) Эндоплазмалық тор
С) Рибосомалар
D) Митохондриялар
Е) Плазмалемма
9. Тек адамға тән қасиеттер байланысты:
А) Мишыққа
В) Аралық миға
С) Үлкен ми сыңарына
D) Сопақша миға
Е) Ортаңғы миға
10. Дененің кеңістіктегі жағдайы туралы ақпарат беріп отырады:
А) Евстахиев түтігі
В) Көру мүшесі
С) Вестибула аппараты
D) Дыбыс сүйекшелері
Е) Тері сезімі
11. Сіңіру процесі жүреді:
А) Капсулада
В) Бүйрек өзекшелерінде
С) Бүйрек қақпасында
D) Бүйрек астауында
Е) Жинағыш түтікшелерде
12. Біздің барлық психикалық іс-әрекетіміздің біз үшін маңызды заттар мен құбылыстарға бағытталуы:
А) Адам қажетсінулері
В) Қабілеттілік
С) Нышан
D) Зейін
Е) Есте сақтау
13. ДНҚ молекуласының құрамындағы тимин нуклеотидтерінің мөлшері 20% болса, қалған нуклеотидтерінің мөлшері:
А) А-20%, Г-30%, Ц-30%
В) А-30%, Г-20%, Ц-30%
С) А-30%, Г-30%, Ц-20%
D) А-20%, Г-30%, Ц-20%
Е) А-20%, Г-20%, Ц-30%
14. Оңтүстік-Батыс Азия орталығында мәденилендірілген өсімдіктер:
А) Бидай, қарабидай, бұршақ, зығыр, сәбіз, жүзім, алмұрт
В) Күріш, қант қамысы, көкөністер
С) Тары, қарақұмық, көптеген көкөністер
D) Қатты бидай, арпа, құмай, банан, кофе ағашы
Е) Жүгері, мақта, асқабақ, темекі, какао
15. Алып әйел ауруының жыныстық хромосомасы:
А) ХО
В) ХХУ
С) ХХХ
D) ХУУ
Е) ХХ
16. Дивергенция нәтижесі:
А) Кактустар және сүттігендер
В) Раушан мен жантақ тікенектері
С) Қызылша жемтамыры мен картоп түйнегі
D) Бүркіт пен тоқылдақ саусақтары
Е) Адам мен сегізаяқ көздері
17. Бірінші қатардағы консумент:
А) Қоян
В) Түлкі
С) Бүркіт
D) Шөптер мен бұталар
Е) Шіріту бактериялары
18. Жануарлар мен өсімдіктер түрі Қазақстан Республикасының барлық аумағында ерекше қорғалады:
А) Қорықтағы
В) Қорықшадағы
С) Қызыл кітаптағы
D) Табиғат ескерткіштері
Е) Ұлттық табиғи саябақтар
19. Шөл белдемі алып жатыр:
А) 50,2%
В) 28%
С) 7%
D) 60-90%
Е) 34%
20. Ксерофиттер өседі:
А) Тропиктік орманда
В) Ылғалы орташа жағдайда
С) Ылғалы тапшы жағдайда
D) Суда
Е) Басқа өсімдіктерде
Бірнеше дұрыс жауабы бар тест:
21. Алқалар тұқымдасына тән емес:
А) Тостағанша, күлте жапырақшалары біріккен
В) Баклажан, қызанақ, картоп жатады
С) Жемісі жидек немесе қауашақ
D) 2900-ге жуық түрлері бар
Е) Жоңышқа, жантақ, мия жатады
F) Күлте жапырақшалары бірікпеген
G) Жемісі бұршаққын
H) Меңдуана, шырайгүл жатады
22. Жемісі тұқымша өсімдіктер:
А) Сұлы
В) Мақсыр
С) Бақбақ
D) Шомыр
Е) Жусан
F) Мия
G) Қызылқұлақ
H) Шетен
23. Гермафродиттер:
А) Ақ сұлама
В) Ішексорғы
С) Өрмекшілер
D) Шұбалшаң
Е) Бауырсорғыш
F) Шегіртке
G) Сегізаяқ
H) Суыртқы
24. Тағам ретінде пайдаланылады:
А) Теңізқияр
В) Бұғықоңыз
С) Қандауырша
D) Зымырақ
Е) Каракатица
F) Латимерия
G) Жүзім ұлуы
H) Қалқанқұлақ
25. Вена қаны болмайтын қантамыр:
А) Қолқа
В) Өкпе артериясы
С) Өкпе венасы
D) Бүйрек артериясы
Е) бүйрек венасы
F) Жоғарғы қуыс вена
G) Төменгі қуыс вена
H) Бауыр венасы
26. Нәруыз текті заттар:
А) Гликоген
В) Антиденелер
С) Глицерин
D) Ферменттер
Е) Нуклеотидтер
F) аминқышқылы
G) Коллаген
H) Плазма
27. Түр аралық будандар:
А) Тритикале
В) Жаздық бидайдың қысқа сабақты мутанттары
С) Новосибирская-67 бидай сорты
D) Қазақтың ақбас сиыры
Е) Қырдың қызыл сиыры
F) Қашыр
G) Арқар-меринос қойы
H) Қазақстан-3 бидай сорты
28. ААВв Х ААвв будандастыруында бірінші ұрпақтың генотипі мен фенотиптері:
А) 1ААВВ: 2ААВв
В) 1ААВВ: 1ААВв
С) 1 сары, тегіс: 1 сары, бұдыр
D) 1ААВв: 1ААвв
Е) 1 сары, тегіс: 1 жасыл, тегіс
F) 1 сары, бұдыр: 1 жасыл, тегіс
G) 2АаВв: 1ААвв
H) 1АаВВ: 1ААвв
29. Мезозойда пайда болды:
А) Адам
В) Саңырауқұлақтар
С) Ашықтұқымдылар
D) Сүтқоректілер
Е) Қосмекенділер
F) Жоғалаушылар
G) Құстар
H) Жабықтұқымдылар
30. Биосфера, биоценоз, экожүйе терминдерін ұсынған ғалымдар:
А) К.Мебиус
В) ЭюГеккель
С) А.Тенсли
D) В.Н. Сукачев
Е) В.И. Вернадский
F) Эдуард Зюсс
G) А.Р. Уоллес
H) Н.Н. Докучаев