Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы туралы біледі. |
||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы туралы терең түсінік қалыптасады. |
||
Оқушылардың басым бөлігі: қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы туралы айтып бере алады. |
|||
Кейбір оқушылар: хандықты басқару ісі туралы айтып бере алады. |
|||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: оқушыларды диалогқа түсіру арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту, қалыптастыру. |
||
Негізгі сөз тіркестер: бітім. |
|||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Жылдар, ғасырлар. |
|||
Жаңа тақырыптан түсінгендерін жазу, термин сөздерге екі жақты күнделік жазу. Бітім, Дешті Қыпшақ. |
|||
Алдыңғы оқу |
§44. Қазақ хандығының құрылуы. |
||
Басталуы І. Ұйымдастыру 3 мин
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 5 мин
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту 5 мин |
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Зейінді шоғырландыру «Жүректен-жүрекке» жаттығуы. «Атомдар мен молекулалар» жаттығуы арқылы топқа бөлу.
«Бастағы қалпақ» әдісі. Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол сабақ туралы өз ойын ортаға салады.
«Бір минуттық ой» әдісі арқылы мына сөздерге сөйлем құрау. Ұрыс ханның ұрпақтары, Есен-бұға, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қобыланды батыр, Қозыбасы, Үшқоңыр жайлауы, Хантау, Сарысу өзені, Қазақ даласының негізгі тұрғындары.
«Дөңгелек стол» Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа үй тапсырмасы бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды. |
АКТ, жүрекшелер. Топ аттары.
Әуен, А4, қалпақ. Интерактивті тақта, сөздер.
А4, сөздер, мәтін. |
|
Ортасы
ІV. Жаңа сабақ
20 мин |
Жаңа сабақ. Топтық жұмыс. «Джигсо әдісі» қолдану. Топтарға оқулықтан 4 түрлі тапсырманы бөліп беремін. Ғаламтордан да қосымша мәліметтер іздеулеріне болады. 1-топ. Хандықты басқару ісі; 2-топ. Хандықтың ішкі жағдайы; 3-топ. Сыртқы саяси жағдайы; 4-топ. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы.
«Кубизм» әдісі. (1 айналым) 1 жақ – анықтама беріңіз – Бітім. 2 жақ – салыстырыңыз – 1457 жыл мен 1470 жыл. 3 жақ – зерттеңіз – Хандықтың ішкі жағдайы. 4 жақ – әңгімелеңіз – Хандықтың басқару ісі. 5 жақ – ойларыңызды байланыстырыңыз – Хандықтың сыртқы саяси жағдайы. 6 жақ – келісіңіз не қарсы шығыңыз – Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қалаларды қол астына қаратты.
«Кубизм» әдісі. (2 айналым) 1. Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды? 2. Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды? 3. ХV ғасырдың соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды? 4. Қазақ хандығының шайбанилермен соғысы қанша жылға созылды? 5. Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қандай қалаларды қол астына қаратты? 6. Сырдария бойындағы қалалардың қазақтар үшін қандай тарихи маңызы болды?
«Ғасырлар, жылдар сөйлейді» ХV ғасырдың екінші жартысы – ХV ғасырдың аяғында – ХVІ ғасырдың басында – ХV ғасырдың 70-жылдарында – 1470 жылы – ХV ғасырдың 80-жылдары.
«Аяқталмаған сөйлем». 1. Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы, Керей хан болса, ... 2. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасы Орда тігуі ең алдымен, көшпелі ... 3. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – ... 4. 1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан ... 5. Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып, ....
«Адасқан әріптер» Топтар 2 минутта әріптерден сөздер құрастыруы керек. 7-9 сөз құрастырған топқа 2 ұпай беріледі. Нікебжә (Жәнібек), сыбазықо (Қозыбасы), аряидрыс (Сырдария), қаілбәрый (Әбілқайыр), нқасағы (Сығанақ), іскнатүрт (Түркістан), инабйфш (Шайбани), снатлоғмо (Моғолстан), хаурин (рухани), тауншынідрал).
Сергіту сәті. “Оркестр” жаттығуы. Мен – дирижер, тыңдаушылар – оркестр. Қолымды төмендетсем ақырын шапалақтайды, жоғарылатқан сайын қатты шапалақтайды. |
Суреттер, АКТ.
Оқулық, ғаламтор, АКТ, плакат, маркер.
Кубик, сөздер.
АКТ, кубик, оқулық.
Интерактивті тақта, ғасырлар, жылдар.
Оқулық, жұмыс дәптері.
Интерактивті тақта, адасқан сөздер.
Видеоролик. |
|
Аяқталуы V. Қорытынды 10 мин
VI. Бағалау 1 мин
VII. Үйге тапсырма беру 1 мин |
3-топ. 3 тест тапсырмалaрын орындату арқылы сабақты қорыту. http://itest.kz/exam_test?test_id=686987317 http://itest.kz/exam_test?test_id=179619011 http://itest.kz/exam_test?test_id=529409472 Формативті «бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. Кері байланыс: «Әрқашан күн сөнбесін»
§45, оқу, жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындап келу. |
Тест тапсырмалары.
АКТ, стикер, «Әрқашан күн сөнбесін» плакаты.
Оқулық, қосымша деректер. |