Тәуелсіздік – ел мерейі

Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы, Алғабас шағын орталықты орта мектеп
15583
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Тәуелсіздік – ел мерейі

 

Сабақтың мақсаты

а) Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

ә) Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. 

б) Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекіліктері

Сюжетті суреттер, сұрақтар, шарлар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

Сабақтың дереккөздері

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder

 

Сабақ барысы

 

Тәрбие  сағатының барысы

 

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз. 

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары! 
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ел мерейі» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 

1-оқушы: Азиза

   Әнұраным – жан ұраным,

  Айтар әнім – сөйлер сөзім.

  Туған жерім сағынарым,

  Мәңгі бақи шырқалады,

  Республика әнұраным.

   (Әнұран орындалады)

1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Д. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.  Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты. 

2-оқушы: Нұрдос

Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі. 16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз, 
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз. 
Тәуелсіздік – білектегі әліміз, 
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз. 
Үлгі бізге аталардың ерлігі, 
Ұлағат, өнегесі, еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі. 

3-оқушы. Жібек 

Тәуелсіздік 11 әріптен құралған, 
Сан ғасырлар қазаққа боп арман. 
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қанымен атты таң боп, бізге алдан. 
Тәуелсіздік – болашақтың бағдары, 
Тәуелсіздік – асулардың асқары.
Тәуелсіздік – адамдықтың белгісі, 
Тәуелсіздік – үлкен істің бастауы. 

4-оқушы: Қаракөз   

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

5-оқушы: Жанерке

Тәуелсіздік ел мұраты,

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.

Тәуелсіздік мақтанышым,

Бізге бақыт сыйлаған.

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған. 

6-оқушы: Ақарыс

Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,
Желтоқсанның жастары салды бар күшін,
Қанын төгіп, жанын қиды аямай,
Жанын қиды елі менен жері үшін.

Байлығы мол байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі,
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең.

7-оқушы: Гүлмира

Жаңа ғана қазағымның таңы атты 
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты. 
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам 
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты. 
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

«Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» – дей келе «Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

Хор.

8-оқушы: Айбек 

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Тақтадан Қазақстан туралы толық ақпарат беріледі.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz Қазақстан – ортақ үйіміз! бейнеролигі көрсетіледі.

9-оқушы: Нұрдос

Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша  белгілер – рәміздер.

Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

10-оқушы: Азиза

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Қасиетін асқақтатар Отанның

Рәміздерін ардақтайтын бар кісі.

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу.

Тақтадан Мемлекеттік Рәміздер бейнеролигі көрсетіледі.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder

11-оқушы. Ақарыс

«Қазақстан Жалауы»

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан Жалауы.

Көк емес ол тектен тек.

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту ары.

12-оқушы: Қаракөз 

«Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің.

13-оқушы: Аяна

«Әнұран»
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.

1. Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Тәуелсіздік – ел мерейі - 2

14-оқушы: Майра

Кұтты болсын, тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Әлі де шығар алаңға Отан үшін
Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ
Түсінеміз, ұғамыз.
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

15-оқушы: Гүлмира

Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ береді баршаға,
Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым,
Түсті бақыт жолыма,
Менің Қазақстаным!

1-оқушы: Айбек

Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға,
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

2-оқушы: Нұрдос

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың. 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып. 
Бұғаудағы боздақтары кете барды,
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.

3-оқушы: Азиза

Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.

Тәуелсіздік бас арманы болған екен,
Атамыз бен бабамыздың сол ертеден.
Арманына жету үшін күрескені,
Тарихта шежіре боп қалған екен.

4-оқушы: Олжас

Он алтыншы желтоқсан,

 Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн.

Енді Туған жер, Отан туралы мақал мәтелдер айту.

5-оқушы: Бекзат

1. Отан – елдің анасы

    Ел – ердің анасы.

2. Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей ел болмас.

6-оқушы: Дамир

1. Отанды сүю отбасынан басталады.

2. Туған жердің жуасы да тәтті.

7-оқушы: Жандос

1. Отан үшін күрес, 

    Ерге тиген үлес.

8-оқушы: Эленура

1. Отаның берік болса,

    Жауың алмайды.

2. Отансыз адам – армансыз бұлбұл.

9-оқушы: Жанерке

1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 2. Ел-жұртыңның қадірін

     Іс түскенде білерсің.

- Жарайсыңдар, балалар. Біз, Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан халқы. «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?

Оқушылар: Отан деген менің үйім, туған жерім.

Менің жүрегім Отан деп соғады. Ендеше, Топтастыру әдісін жүргізейік.

Тәуелсіздік – ел мерейі - 3

9-оқушы: Жанерке

1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2. Ел-жұртыңның қадірін

    Іс түскенде білерсің.

«Астана» әні. Жанерке.

VI. Қорытынды сөз.

Мұғалім:

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіздік күнің туды, кенеле бер,

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш шаттық тілейміз.

Мұғалім: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын демекпін.

Қазақстан қандай ел?

Хормен:

Туымен – Тұғырлы,

Елтаңбасымен – Еңселі,

Әнұранымен – айбатты ел!

Ендеше балаларды ортаға шақырайық «Қазақстан» сөзіне мағлұмат берейік.

Қ – Қазағымыз аман болсын!
А – Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З – Заманымыз тыныш болсын!

А – Аман болсын Тәуелсіз елдің ұрпағы!
Қ – Қыран құстай биік болайық!
С – Сарыарқа даласындай кең болайық!
Т – Тәуелсіз ел туын көкке көтерейік!
А – Аман болсын Тәуелсіз қазақ елі!
Н – Намысты қолдан бермейік !
Хор: «Біз бақытты баламыз!»

 

Қате туралы хабарландыру