Табиғат тағдыры – адам тағдыры

Бабашева Айгүл Абаевна
Түркістан қаласы, №27 ЖББОМ КММ
2482
Жаңашыл мұғалім-2019
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Табиғат тағдыры – адам тағдыры

Сабақ мақсаттары:

· экологиялық мәселелердің туындауын және оның  адамзатқа тигізер кері әсерін ұғындыру

· қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; 

· шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру 
 

Тілдік мақсаттар

Pollution- ластану, solution -шешім, recycle- қайта өңдеу, Global warming- ғаламдық жылыну,  re-use- қайта қолдану

Құндылықтарды дарыту

 Қоршаған ортаны қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; 

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, география

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz, Twig-bilim.kz,  ноутбук, проектор

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған мұғалімнің іс-әрекет

 Оқушылардың жасайтын іс-әрекет

Ресурстар

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлеметсіздер ме, оқушылар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға дайынсыздар ма? Тәрбие сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, сыныпта  ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін «Shopping» ойынын ойнайық.

Ойын барысында барлығымыз өз бойымыздағы «жағымсыз» қасиеттерімізден арылып, бойымызға «жағымды»  қасиеттерді жинаймыз.

 

 

 

2.Топқа біріктіру. Кеспе қағаздар арқылы 3 топқа бірігеді.

І топқа «Суға» байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.

ІІ топқа «Ауаға»  байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.

ІІІ топқа «Топыраққа»  байланысты жазылған сөзі бар кеспе қағаздарды алған оқушылар отырады.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар сәлемдеседі.

Шаттық шеңберінде тұрып, өз бойындағы бір «жағымсыз» қасиетін сатып, өзіне жанында тұрған досының бойындағы жақсы бір қасиетін сатып алады. (Мысалы,  Аділет: мен өз бойымдағы  «ашуланшақ» қасиетімді сатып, жанымда тұрған Аружанның «сабырлық» қасиетін сатып аламын.)

 

 

2.Топқа біріктіру.

Оқушылар қолдарына алған кеспе қағаздар арқыла қай топта отыру керектігін анықтап, «Су», «Ауа», «Топырақ» топтарынан орындарын тауып отырады.

1-cлайд

  

2-cлайд

 

Кеспе қағаздар

булану         

құнарлы

 

мөлдір, таза

3.Тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін бейне ролик көрсетіледі

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/adam-zhane-tabihat

 Оқушылар  өздерің көрген бейне роликтен қандай ой түйдіңіздер және бүгінгі тәрбие сағаты не туралы деп ойлайсыздар? Әрине бүгін біз табиғат туралы, қоршаған ортаның ластануы туралы және оның шешу жолдары туралы айтатын боламыз.

1.Адам табиғаттың ажырамас бөлігі дегенге келісесіздер ме?

 2.Қоршаған ортаның ең басты мәселесі (проблемасы) не?

3.Қоршаған ортаның ластануының ең басты әсер етуші фактор не?

4.Қоршаған ортаның ластануының қандай түрлерін білесіздер?

4.Twig-bilim.kz –тен бейне ролик көрсетіледі.

«Су» тобына

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-water

«Ауа» тобына

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-air

«Топырақ»тобына

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-land

 

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы ойларымен бөліседі.

 

5.Суретпен жұмыс.

 Оқушылар, қоршаған ортаның мәселесі ғаламдық  мәселе. Ғаламдық мәселелер көп жерде баршаға ортақ тіл ағылшын тілінде жазылатындығы бесенеден белгілі.Ендеше мына берілген суреттердің мағынасы туралы өз ойларыңызды бөлісіңіздер.

 

6.Мәтінмен жұмыс

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/ehkologiya/lesson/qaldyqtardyng-kobeyuinen-tonetin-qauip

Көрсетілген сілтемедегі № 5 кезеңіндегі қоқысты сұрыптау туралы мәліметпен танысып,  №6 кезеңіндегі 2-жаттығуды орындайды

7.Қорытындылау кезеңі

  « 9 гауһар»  әдісі

1.     Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды күшейту керек.

2.     Табиғатты таза ұстауды әркім өзінен бастау керек.

3.     Табиғи жолмен тез ыдырайтын заттарды пайдалану керек

4.     Қоқыстарды қайта өңдеу керек

5.     Суды үнемдеу керек.

6.     Жанармаймен жүретін көліктердің орнына, велосипедпен не жаяу жүру керек.

7.     Жарықты пайдаланып болған соң өшіріп жүру керек

8.     Баламалы энергия  көздерін пайдалану керек

9.     Топыраққа кері әсерін тигізетін химикаттарды қолданбау керек.

Мұғалім: Мінекей оқушылар, сабағымызда өз мәресіне жетіп қалды. Өздерің әр түрлі бейне роликтерді , табиғат туралы мәліметтерді  оқып, қоршаған ортамызды қорғауды өзімізден бастау керектіген түсіндіңіздер деп ойлаймын. Өйткені табиғат тағдыры-адам тағдыры. Ендеше  сабағымызды мына өлең шумағымен қорытындылайық.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.

 

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, сабақтың тақырыбының табиғат туралы және оның ластануы туралы екендігін айтып,әр топ өз ойларымен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Twig-bilim.kz –тен бейне ролик көрсетіледі.

Әр топ бейне роликтерді көріп болған соң,  аталмыш мәселелердің шешу жолдарын «ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы талқылап, ортақ шешімге келіп, көрсетілген мәселелердің шешу жолдарын  постерге түсіріп, барлық сыныптастарына түсіндіріп береді.

5.Суретпен жұмыс.

Әр топқа бір суреттен беріледі. Оқушылар топта суреттің мағынасын ашып, өз ойларымен  топта бөліседі.

 

 

Оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу туралы мәліметпен танысып, 2-жаттығудағы тұжырымдамаларды сәйкестендіреді.

 

 

7.Қорытындылау кезеңі

  Оқушылар қоршаған орта ластануының шешу жолдары жазылған кеспе қағаздарды, әр топ  өзара ақылдаса келіп,  маңыздылығына, өзектілігіне қарай, жоғарыдан төменге  ромб тәрізді етіп, қойып шығады.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өлең шумағын хормен айтады

 

 

Bilimland.kz

Экология курсы

 

 

 

 

 

 

 

 

Twig-bilim.kz

Плакат, маркер

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

bilimland.kz

 

 

 

9 гауһар

 

 

            

.

  

 

Қате туралы хабарландыру