Шоқантанушылар сайысы

Алибекова Тарбия Кантургановна
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы, «Т.Әубәкіров атындағы №43 ЖББОМ» КММ
606
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Шоқантанушылар сайысы

Сабақ мақсаты:

Сынып оқушыларының Шоқан Уәлиханов туралы әртүрлі пәндер  бойынша алған білімдерін байқау, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс жасай білу дағдысын жетілдіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Қазақ халқының алғашқы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген ортасы, ғылыми зерттеулерінің тарихы жайлы анықтап айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Ш.Уәлихановтың зерттеулері мен шығармаларының тарихи маңызын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: Ш. Уәлихановтың үлгі болар өмірі мен әртүрлі ғылым саласына қосқан үлесі туралы салыстырмалы талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнгe тән лексика мен тeрминолoгия:

Адъютант-Жоғары әскери басшылардың қызмет бабындағы  тапсырмаларын орындауға тағайындалған офицер.

Дуан- округтердің орталықтары.

Кадет корпусы-Патшалық Ресейдегі әскери кадрлар даярлайтын  оқу орны.

Генерал-губернатор-Патшалық Ресей кезіндегі тұтас  бір  атырап-аймақты әскери  және әкімшілік  жағынан билеуші адамның атағы, лауазымы.

Тыңдалым – бейнематериалдан алған білім нәтижесінде орындалатын тапсырма.

Оқылым – мәтін және тарихи деректермен талдау жұмысы.

Жазылым – тапсырмаларды орындау кезіндегі жазба жұмыстар.

Айтылым – топтық және жұптық талқылаулар арқылы диалогке қатысу, сұрақтарға жауап беру.

Пәнаралық

байланыс:

География (Шоқан туған жер және саяхаттарының маршрутын картадан табады) Әдебиет (С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» еңбегімен танысады)

Сызу (Кесте)

АКТ-мен байланыс.           

Техника қауіпсіздігі.Интерактивті тақта,бейнебаян,слайдтан пайдалану уақытын шектеу,15 минуттан аспау.

Сабақ барысы:

Уақыты

Жоспарланған тапсырма түрлері

Ресурстар

1-кезең

 

 

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

         Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру7

Кіріспе сөзі.

        Бүгін сіздермен «Шоқантанушылар сайысы» атты ойын сабағын өткіземіз.Оқушылар қима қағаздар арқылы топтарға бірігеді. 1-топ Мұхаммед-Ханафия, 2-топ. Шоқан, 3-топ Қанаш.

 1-тапсырма. Әр топ атақты ғалымның есімі сырлы  атауларының тарихымен таныстыруы керек.

Мұхаммед- Ханафия

Шоқан

Қанаш

Шын есімі Мұхаммед Қанафия болған.

 Оған тәрбие беруде әжесі Айғанымның ықпалы күшті болып,«Шоқаным»- деп атаған екен.

Әжесі мен анасы еркелетіп «Қанаш» деген.

Ашық алаң

Үлестірме парақшалар

Топ атаулары

 

 

Кесте

2-кезең

 

6 минут

2-тапсырма. Ой қозғау.Ширату жаттығуы. «Адасқан әріптер» ойыны.  Шоқан Уәлихановтың өмірде меңгерген мамандығы мен ғылым салаларының түрлерін анықтайды.

Мылағ

Фаргонтэ

Ыштахяас

Іштерус

Ішуеттрез

Ышузаж

Іштеибедә

Ышунатсығыш

Ышролкьлоф

фаргоег

Ышутраға

Шыхират

Тнатюьда

Рецифо 

Тенрок

ғалым

этнограф

саяхатшы

суретші

зерттеуші

Жазушы

Әдебиетші

Шығыстанушы

Фольклоршы

географ

Ағартушы

Тарихшы

Адьютант

Офицер

корнет

 

Үлестірме парақша

Кесте

3-кезең

 

10 минут

 

 

Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?

3-тапсырма.  «Bilimland.kz» сайтынан Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы тақырыбында бейнебаянды талқылау үшін тест тапсырмасын шешу.

1. С.Мұқановтың прозадағы соңғы шығармасын көрсетіңіз.

А) «Теміртас»  B) «Сырдария»  C) «Балуан Шолақ»  D) «Аққан жұлдыз»

2. Жазушының ғалым, этнограф Ш.Уәлиханов туралы романын көрсетіңіз.

А) «Аққан жұлдыз»  B) «Теміртас»  C) «Адасқандар»   D) «Ботагөз»

3. «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабы қай жылы жарияланғандығын көрсетіңіз.

А) 1970    B) 1968   C) 1969    D) 1971

4. «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабында Шоқан өмірінің қай кезеңі суреттелетіндігін белгілеңіз.

А) Шоқанның тегі, балалық шағы   

B) Шоқанның бозбалалық шағы

C) Шоқанның есейген шағы         

D) Шоқанның Омбы кадет корпусын бітірген шағы

5.   Романның бірінші кітабы Шоқан өмірінің қай кезеңімен аяқталатындығын белгілеңіз.

А) Шоқанның үйленген шағымен  

B) Шоқанның саяхатқа шығар шағымен

C)  Омбыдағы қызметіне кірісу шағымен 

D) Шоқанның кадет корпусын бітіру кезеңімен

6. «Аққан жұлдыз» романының екінші кітабы қай жылы жарияланғандығын белгілеңіз.

А) 1974      B) 1975       C) 1976      D) 1973

7. Романның екінші кітабында Шоқан өмірінің қай кезеңі суреттелетіндігін көрсетіңіз.

А) Шоқанның Қашқарияға саяхатқа шығу кезі  

B) Шоқанның оқудан соңғы елдегі қызметі

C) Шоқанның генерал-губернатор адъютанты болып қызмет істеп жүрген кезі   

D) Шоқанның Ыстықкөл сапарындағы кезі

8. Аяқталмай қалған үшінші кітабының неше тарауы сақталғандығын табыңыз.

А) 1        B) 2        C) 3        D) 4

9. C.Мұқановтың Шоқан өміріне арналған драмалық шығармасын көрсетіңіз.

А) «Шоқан Уәлиханов» 

B) «Аққан жұлдыз» 

C) «Уәлиханов» 

D) «Қызыл сұңқарлар»

10. Шоқан оқыған оқу орнын көрсетіңіз.

А) Омбы кадет корпусы 

B) Петербург Заң университеті  

C) Мәскеудегі оқу орны . 

D) Петербург медицина академиясы

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/sabit-muqanov-aqqan-zhuldyz-romany сілтемесі бойынша тест

 

Интербелсенді тақта

4- кезең

 

5 минут

БЕЙНЕФИЛЬМ.Шоқан Уәлиханов туралы көбірек білгіңіз келсе, осы фильмді аяғына дейін көріп шығыңыз. https://imektep.kz/kz/shokan-ualihanov  

Бейнематериалдан алған білім тыңдалым нәтижесінде орындалатын жазылым тапсырмасы.

4-тапсырма. Ақпараттық органайзерді «Дұрыс-дұрыс емес» ойыны көмегімен толтырыңыз.

Сұрақтар

Дұрыс

Дұрыс емес

Шоқан 1835 жылы Қостанайдың Құсмұрын деген жерінде дүниеге келген

+

 

Шққан он жасында ел ауызында жүрген «Едіге» жырын қағазға түсірген

 

+

Шоқан ағылшын,неміс,орыс,француз,қытай, түрік тілдерін жетік білген.

 

+

Шоқан Жетісу,Ыстықкөл,Құлжа,Қашқария жерлеріне сапар шеккен.

+

 

Жазушы С.Мұқанов Шоқан өміріне арнап »Аққан жұлдыз» деген роман жазған.

+

 

 

https://imektep.kz/kz/shokan-ualihanov

 

Кесте

Үестірме парақша Интербелсенді тақта

 

5-кезең

5 минут

5-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңдар.

-Шоқан --------   жылы Қостанай облысы,Сарыкөл ауданы -------- деген жерде дүниеге келген.

- Ш.Уәлиханов --------- жылы Жетісудың Алтынемел жотасында --------- деген жерде қайтыс болған.

- Шоқан ---- жасында хат танып,-----  жасында «Едіге» жырын қағазға түсіріп,-------- болған.

- Шоқанның шын есімі ---------- ,анасы мен әжесі еркелетіп оны ------ деп атаған екен.

- Шоқан ----- қаласындағы кадет корпусында ----------- жылдары оқып,білім алған.

Кілт сөздер: 1898.,1835,алты,1865,Мұхаммед-Ханапия,бес,Қоңыр,Қанаш,Омбы,1847-1853,сегіз.

https://imektep.kz/kz/shokan-ualihanov

Үестірме парақша

6-кезең

 

3 минут

6-тапсырма. Артығын ата ойыны.

1) Қанаш,Қоңыр,Шоқан,Мұхаммед-Қанапия,

2)Қ ұлжа,Қашқария,Үндістан,Жетісу,Ыстық көл

3) Араб,парсы,ағылшын,француз,орыс

4) 1835,1847,1853,1856,1857,1858,1859,1865,1898.

https://imektep.kz/kz/shokan-ualihanov

 

Үестірме парақша

7-кезең

 

 

5 минут

https://itest.kz/kz/exam-test?test_id=439648391

сілтемесі мен сайысты аяқтау.

7-тапсырма.Тест сұрақтары:

  1. Шоқан қай жылы қайтыс болды:
  2. Шоқан генерал Черняевтің қай əскери экспедициясына қатысты?
  3. Шоқанның орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен алғаш кездескен қаласы.
  4. Шоқанды әлемге әйгілі еткен саяхат.
  5. Шоқан П.П.Семенов-Тяньшанскиймен Құлжаға қашан барды?
  6. Шоқанның білімділігін жоғары бағалаған адамдардың бірі.
  7. Шоқан оқыған оқу орны.
  8. Орыс геогафиялық қоғамының Қазақстандағы бөлімдері қай жылы ашылды?
  9. Көрнекті шығыс зерттеушісі, академик В.В.Радлов қай жерлерді зерттеді?
  10. Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші.
  11. П.П.Семенов-Тяньшанскийдің еңбектері.
  12. Шоқан Уәлиханов 1864 жылы Черняевпен қай бекіністі алу жорығына қатысады?
  13. Ш.Уәлиханов Қазақстандағы ислам діні жайындағы пікірін жазған мақаласының атаңыз.
  14. Халықтың өзін-өзі басқару негізінде Қазақстандағы билікті қайта құруды талап еткен кім?

 

https://itest.kz/kz/exam-test?test_id=439648391

 

сілтемесі бойынша тест тапсырмасын орындау

1 минут

Кері байланыс: Ойды аяқта! (ауызша)

Мен бүгін білдім . . .

Мен бүгін үйрендім . . .

Мен бүгін таңдандым . . .

 

 

Қорытындылау. Топтар бағалау парақшалары бойынша өздерін әр кезең бойынша бағалап,қорытындысын есептейді.Сайыс қорытындысында жеңімпаз топ анықталады және 1,2,3 орын мақтау қағаздарымен марапатталады.

Марапаттау рәсімі.

Мақтау қағаздары.

1 минут

Топтардың өздерін бағалау парақшалары.

1-кезең

(3-3) 5 ұпай,(3-2) 4 ұпай,

(3-1) 3 ұпай

Ұпайлар саны

2-кезең

(5-5) 5 ұпай,(5-4) 4 ұпай,(5-3) 3 ұпай

 

3-кезең

(10-8) 5 ұпай,(10-6) 4 ұпай,(10-5) 3 ұпай

 

4-кезең

(5-5) 5 ұпай,(5-4) 4 ұпай,(5-3) 3 ұпай

 

5-кезең

(5-5) 5 ұпай,(5-4) 4 ұпай,(5-3) 3 ұпай

 

6-кезең

(4-4) 5 ұпай,(4-3) 4 ұпай,(4-2) 3 ұпай

 

7-кезең

(14-12) 5 ұпай,(14-10) 4 ұпай,(14-8) 3 ұпай

 

Барлығы

Қорытындысы

(35-31) 1-орын,(30-25) 2-орын, (24-20) 3-орын.

 

Бағалау парақшасы

 

Кесте

А4 парақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру