Қазақстан – ортақ үйіміз
Тәрбие сағатының мақсаты |
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. |
Көрнекілік |
Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың портреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. |
Дерек көздері |
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz. |
Сабақтың барысы
|
|
Ұйымдастыру |
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Алуа: Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Айдана: Үш бақытым.
Ернұр: Елімнің атын айтсам – Қазақстан!
Даяна: Қазақстан – бабамнан қалған мұра,
Нұрәлі: Естігенде көк аспанның астында,
ӘНҰРАН орындалады. Белсенді тақтадан https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz бейнеролигі көрсетіледі. Бейнероликті көрсеткен соң, «Шаңырақ» әдісі арқылы бекіту сұрақтары қойылады: 1. Қазақстан қандай материкте орналасқан? 2. Қазақстанның аумағы қанша? 3. «Қазақ» сөзі қаңдай мағынаны білдіреді? 4. Қазақстанда қанша қала бар? 5. Қазақстанның Республикасының ұлттық туының екі түсті болуы неліктен? 6. Қазақстанның Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген? 7. Қазақстан Республикасының негізгі заңы жазылған құжат? 8. Қазақстанда өндірілетін пайдалы қазбаларды атаңдар. 9. Еліміздегі қандай басқа ұлт өкілдері тұрады?
Сұрақтар екі түрлі түспен жазылған, сол түстер арқылы сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. I топ. «Бәйтерек» II топ. «Ханшатыр» Топпен жұмыс Бейнероликтен алған мәліметтері бойынша постер құрастырылып, талдау жасайды. |
Кері байланыс |
Тәрбие сағаты бойынша ойларын жүйелеу үшін, әркім топтағы өз бұрышын белгілейді, егер сабақ ұнаса – жасыл түспен, аса ұнамаса – сары түс, мүлде ұнамаса – қызыл түспен. |
Қорытынды |
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», біздің өзіміз де, біздің бабаларым да осы жерді мекен етеді. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы шайқалмасын. Ел тыныштығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін! Бүгінгі сабақта BilimLand сайтынан тамаша бейнефильм көрсетілді. Келешекте осы сайттан осындай мағыналы, пайдалы мәліметтер алып, білімдеріңді шыңдай беріңдер дегім келеді. |