Отбасы – рухани жаңғыру негізі

Әбдиева Гүлхан Баймұрзақызы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі» КММ
8955
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Отбасы – рухани жаңғыру негізі

Тақырыбы:

Отбасы – рухани жаңғыру негізі

Мақсаты:

Оқушылардың отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмірдің басты құндылығы отбасынан басталатынын ұғындыру;

 «Отан отбасынан басталады» демекші, отбасын сүю арқылы Отанын шексіз сүйетін патриот болуға тәрбиелеу;

Өз ататегінің, туған жерінің тарихын білудің маңыздылығын түсіндіру;

«Оқушы – ата-ана – мұғалім» үштігінің бірлескен жұмысының маңыздылығын көрсету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың бойында өз отбасымен мақтану сезімі; өз ататегінің, өскен ортасының тарихын білуге деген құштарлығы оянады. Ата-аналармен, мұғалімдермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады, өз ойларын еркін білдіруге дағдыланады.

Ресурстар:

логотив билим 

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/otbasy-ne-ushin-qazhet

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/otbasy-shezhiresi-deginimiz-ne

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/qoltangba-turaly-ne-bilemiz

ватмандар, маркерлер, стикерлер

Құндылықтарды дарыту:

Жауапкершілік, сыйластық, өзгені тыңдай білу, пікірін құрметтеу, өзінің және өзгенің еңбегін бағалай білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Сабақтың басы

  1. минут

«Менің өмірдегі құндылықтарым» сынып оқушыларымен түсірілген бейнежазба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

Бүл сабақтың ерекшелігі бүгінгі сабақта тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар қауымы мен ұстаздар ұжымы бірлікте жұмыс жасаймыз. Сабақ барысында көптеген тапсырмалар орындаймыз, осы тапсырмаларды балалардың, ата-аналардың және мұғалімдердің көзімен қарап, талқылаймыз. Олай болса маған бүгінгі сабақ барысында ең қажетті үш қасиетті атаңыздар! (Мысалы, жауапкершілік, шапшаңдық, татулық деген сияқты қасиеттерді атаулары мүмкін. Бастапқы аталған үш-төрт қасиетті тақтаға жазамын және топтар осы атаулармен аталады.)

Құрметті қатысушылар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын (видеожазба). Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізіледі деген соң көп ойландым. 5-сыныпқа қандай тақырып таңдасам болады деген ойда жүрдім. Кезекті сынып сағатында «Сендер үшін ең құнды нәрсе не?» деген сұрақ қойған едім. Экраннан байқап отырғандарыңыздай көпшілігі отбасы деп жазыпты. Мұнан басқа ата-анам, денсаулық, татулық деген сияқты сөздер болды. Осылайша менің сынып сағатымның тақырыбы өздігінен шыға келді. Ол – «Отбасы – рухани жаңғыру негізі».

Сабақ басында жинақылық танытып, тапсырмаларды жылдам орындап отыру.

1-тапсырма

Отбасы сөзін талдау, сипаттау, суреттеу.

Отбасы дегенде нені түсінеміз, отбасы сөзін қандай сөз тіркестерімен ассоциациялаймыз.

Сіздердің сөздеріңіздің дәлелі ретінде мына видеофильмге назар аударайық: https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/otbasy-ne-ushin-qazhet

«Отбасы не үшін қажет?»

Әр топ мүшелері отбасы сөзіне бірігіп талдау жасайды. Әртүрлі сөз тіркестерімен, кесте түрінде, суреттер арқылы бейнелеу т.б мазмұнда отбасы сөзінің мағынасын ашады.

Сабақ ортасы

10 минут

2-тапсырма

1. «Ұл бала мен қыз бала тәрбиесі».

Венн диаграммасын жасау (ата-аналар мен мұғалімдер)

2. «Менің отбасымның дәстүрлері».

Постер жасау (оқушылар)

 

 

 

 

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа деген сенімді нығайтып, алға бастайтын жақсы қасиеттерді де, кежегесі кері тартып, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп Елбасымыз атап өткендей біздің балаларымыздың рухани тамыры отбасында жатыр.

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөз бар. Қазіргі қоғамда ұл мен қыз тәрбиесіне көптеген сын айтылып жатады. Міне, менің оқушыларым 5-сыныпқа өтіп, үлкен аға-әпкелеріне қарап бой түзеп келеді. Осы тұста ата-аналар мен ұстаздар тарапынан балаларымызға ақыл кеңестерімізді айтып отыруымыз заңдылық. Сол себепті дәл қазір ата-аналар мен ұстаздар балаларға арнап ұл мен қыздың тәрбиесі туралы кеңестер жадынамасын жасап шықсаңыздар.

Ал, оқушылар «Менің отбасымның дәстүрлері» атты постер жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналар мен ұстаздар Венн диаграммасы арқылы ұл бала мен қыз бала тәрбиесі туралы жадынама жасап шығады.

Балалар бірлесе отырып әрқайсысы өздерінің отбасыларындағы жақсы дәстүрлерді естеріне түсіріп, постерге жазады.

10 минут

3-тапсырма

«Туған жерім –тұғырым»

«Есіл ауданының киелі жерлерінің картасы»

(ата-аналар).

«Есіл ауданынан шыққан атақты адамдардың тізбесі» (мұғалімдер).

«Мен Отаныма не беремін» эссе жазу (оқушылар).

Әрбір бала ана тіліне, халқымыздың ұлттық дәстүріне сыйластықпен, сүйіспеншілік қарауға үйренеді. Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету осы отбасында қалыптасады. Сондықтан да «Отан отбасынан басталады»  деген атамыз қазақ.

 «Туған жерім – тұғырым» деп аталатын келесі тапсырманы орындамас бұрын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінді келтіре кеткім келеді: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атаулының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».

Ата-аналар өз орталарыңызда балаларға арнап осы Есіл ауданының киелі жерлерінің картасын жасаңыздар.

Мұғалімдер Есіл ауданынан шыққан атақты тұлғалардың тізбесін жасаңыздар.

Оқушылар «Мен Отаныма не беремін» тақырыбында эссе жазыңыздар.

 

 

Ата-аналар карта жасағанда мағыналы, мазмұнды жасаулары керек. Балаларға түсінікті етіп, туған жерлеріндегі қасиетті, киелі жерлер туралы мәлімет беретіндей болу керек.

Мұғалімдер де Есіл ауданының атақты тұлғаларының тізбесін жасағанда, елге сіңірген еңбегін қысқа да, нұсқа атап өтеді.

Балалар 20 сөзден аспайтын шағын эссе жазулары керек.

7 минут

4-тапсырма

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Экранға назар аударайық.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/otbasy-shezhiresi-deginimiz-ne «Отбасы шежіресі дегеніміз не?»

Ал, балалар! Қане, қайсысың жеті аталарыңды білесіңдер!

Балалар жеті аталарын қаншалықты білетінін дәлелдейді.

7 минут

5-тапсырма

Сергіту сәті

Құрметті бүгінгі сынып сағатының қатысушылары! Сіздердің барлықтарыңызға арналған ортақ сұрақ: «Біз әрқашанда біргеміз!», «Біз бір отбасымыз!» деген сөздерді өз іс-әрекеттеріңізбен көрсетсеңіздер. (Қатысушылар бірін-бірі құшақтап, қол ұстасып бірліктерін көрсетеді.)

Олай болса әр топ мүшелері өз қолдарыңызбен, яғни бес саусақтарыңызды қағазға бастыра отырып сурет салып, оның мағынасын түсіндіресіздер.

Ал балалар айтыңдаршы, қол бізге не үшін қажет?

Әрбір оқушы үшін қолдың қызметі не?

Олай болса экранға назар аударып қолжазба туралы мәліметтерді білсек.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/qoltangba-turaly-ne-bilemiz

«Қолтаңба туралы не білеміз?»

 

 

Қатысушылар бес саусақтарын бастыру арқылы мағыналы суреттер жасап шығады.

 

Балалар қолдың қызметі туралы өз ойларын айтады.

Сабақтың соңы

6 минут

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақ барысындағы орындалған жұмыстарды саралап, салмақтап, әрбір топ келесі топқа екі жақсы жағын және тағы нені өзгертуге болатынын жазады. Уақыт үнемдеу мақсатында сағат тілімен қозғалып, әрбір топ жанындағы келесі топқа арнап жазады.

Қатысушылар жылдам, жинақы түрде тапсырманы орындауы қажет. Бүкіл сынып барысындағы жұмысты бағалау мақсатында жүргізіледі.

Қате туралы хабарландыру