Менің Отаным – менің мақтанышым

Альханова Айгүл Төлеутайқызы
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
2400
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Менің Отаным – менің мақтанышым

Оқу мақсаттары

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Әдісі

Сұрақ-жауап, «Түртіп алу»,  «Оқушы үні», «Еркін микрофон», «Спираль», «Пазл» әдістері, әңгімелеу 

Ресурстар

Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, қанатты сөздер, слайд , сөзжұмбақ , видеожазба, сандар,

https://bilimland.kz/kk https://imektep.kz/kz

Сабақ жоспары:

Барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі
Топтастыру

ІІ Сөзжұмбақ шешу.

1. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлейді (қазақ, казахский, Kazakh)
2. Қазақстанның Елордасы (Астана, Астана, Astana) 
3. Қазақстанның Елбасы ( Назарбаев, Назарбаев, Nazarbayev) 
4. Қазақстан қай құрылықта орналасқан? (Еуразия, Евразия,  Euroasia) 
5. Қазақ халқының дәстүрлі ойыны?(асық, асык, asyk) 
6. Қазақстанның рухани астанасы( Түркістан, Туркистан, Turkistan) 
7. Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге, тенге, tenge) 
8. Қазақстанның көршілерінің бірі (Қытай, Китай, China) 
9. Әр азаматтың туып-өскен жері қалай аталады? (Отан, Родина, Motherland) 

 

Сөзжұмбақтың шешуі: Қазақстан.



https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz            

– Туған елі үшін тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін, өмірін аямайтын - осы асыл тұлғаны қалай атайтынын білеміз бе? (Патриот)  

– Керек жерлерін естеріңізде сақтап қалыңыздар ("Түртіп алу" әдісі)

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/patriotizm-degenimiz-ne   

– Ал, енді "Мен өз елімнің нағыз патриотымын» атты ойынды ойнаймыз. Ортаға үш баланы шақырамыз бұл жерде сұрақ-жауап арқылы ұпай жинайсыздар.

 

ІІІ  Ойын «Мен елімнің нағыз патриотымын!»Сөзжұмбақтың шешуі: Қазақстан.

ІV Топпен жұмыс

1-топ: «Еркін микрофон» әдісі (Егер мен әкім болсам....)

2-топ: «Спираль» әдісі (Отан туралы мақал-мәтелдер)

3-топ: «Пазл» әдісі  (құрастыру)

 

V Сергіту сәті

 https://imektep.kz/kz/game - memory_cards-722-тен  сергіту сәті.

 

VІІ «Ойлан, тап!» ойыны, топпен жұмыс:

– Балалар, «Ойлан, тап!» ойынына назар аударайық, бұл ойында «Авторлар», «Жұмбақтар», «Ұлттық ойындар» деп аталатын үш категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30,40  деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Әр топтан бір оқушы ұяшықты таңдайды.

 

«Авторлар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)
4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

 https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder

 

«Ұлттық ойындар» категориясының сұрақтары:

1. Қазақтың ұлттық ойындарының логикалық ойлау мен математикалық ойлануды дамытуға негізделген  (Тоғызқұмалақ)

2. Бұл ойынды қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, бір-бірінің қолынан ұстап, адамның атын атап шақырады, шақырған адам топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады (Айгөлек)

3. Бұл ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойыншылар қос қолдап ұстап тартады. Тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету керек (Арқан тартыс)

4. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы, тәйке, бүк, шік (Асық ойыны)

 

«Жұмбақтар» категориясының сұрақтары:

1-оқушы.

Даусы бар, жаны жоқ  

Шертсең күйі, әні көп.     

Құлаңын он бұра.

Ол не?...

                 (Домбыра)

   

2-оқушы.

Ұқсайтын шеңберге        

Қабырғасы жиылып, керіледі.      

Жиқазы мол кең бөлме,   

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.        

                                         (Киіз үй)                                              

                    

3-оқушы.

Әшекейлі күбіні,    

Үюлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге.

Деп бағалар жұрттың бәрі.           

                                     (Сәукеле)

                                

4-оқушы.

Әрі сусын, әрі дәрі,

Емге ішеді жас пен кәрі. 
Малдың сүті, елдің құты,

                                   (Қымыз)

 

5-оқушы:

Таулары заңғар,

Өзені ырыс,    

Қазақстан – республикам менің!         

 

VІ  «Күннің шуағын  шашу» әдісі арқылы күннің шуақтарын  алып, өлеңдерді оқиды.

 

1-оқушы

Орманы – пүліс,  

Бұлағы – күміс.

Қазақстан – республикам менің! 

 

2-оқушы:

Төлеген, Мәншүк         

Батырлар шыққан. 

Қазақстан – республикам менің!   

          

3-оқушы:  

Абай туған, Сәкен туған                                 

Құрметті достым, қазақтың жерім,

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан – республикам менің!

                         

4-оқушы:

Әйнегі – күн, шатыры –аспан,

 Кең дала ... Төсі толқыған егін. 
 Көлдері көкке күмістен шашқан, 
 Қазақстан – республикам менің!

 

 VІІ  «Оқушы үні» әдісі арқылы кері байланыс 

«Болашақта қандай үлес қосамын?»     

 – Балалар, мен сіздерге кішігірім ұшақтар таратамын, ал сіздер сол ұшаққа өз арман-тілектеріңізді, болашақта қандай мамандық иесі болғыңыз келетін туралы өз ойларыңызды жазыңыздар.

– Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 

Қате туралы хабарландыру