Мен өз қаламның ажырамас бөлігімін!

Сағатбекова Серікқайша Қабылғазықызы
Астана қаласы, №70 мектеп-лицей
2652
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Мен өз қаламның ажырамас бөлігімін!

Мақсаты

Астана қаласының экологиялық ахуалының  жақсаруына үлес қосу.

Міндеттері

1. Астана қаласының экологиялық ахуалы жайлы білімдерін  толықтырады.

2. Экологиялық құзіреттіліктерін дамытады.

3. Қоршаған ортаның ахуалымен  таныса отырып, экологиялық тәрбие алады. Қоршаған ортаны қорғауды үйренеді.

Табыс критерийлері

 

Барлық оқушылар:

Экологиялық тәрбие алады.

Көпшілік оқушылар:

Функционалдық сауаттылықтары артады, өз ойларын жеткізе алады, қорытынды шығарады.

Кейбір оқушылар:

Астана қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосады.

Сабақтың  түрі

«ЭКО» сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Мозаика құрастыру, 3 минуттық эссе, жеке, жұптық, топтық жұмыс, СТО, Джигсо-2, АКТ.

Қолданылатын құралдар

Интербелсенді тақта, бейнеролик, қаланың сәулетті жерлерінің суреттері, түрлі-түсті қағаздар, жабыстырғыш, қайшы. т.б. тірек сөздер, BilimLand интернет ресурстары.

Қолданылған ресурстар
 

1. «Қaзaқcтaн – 2030» дейiнгi «Қaзaқcтaнның дaмy шapaлapын icке acыpy cтpaтегиялapы тypaлы» Пpезидент жapлығы. 1998 ж. – 367 б.

2. Междyнapoднaя Кoнфеpенция OOН пo oкpyжaющей cpеде PИO, 1982 г.

3. Қaзaқcтaн Pеcпyбликacындa 2004–2015 жылдapғa apнaғaн экoлoгиялық қayiпciздiктi caқтay тypaлы тұжыpымдaмacы. Acтaнa, 2003 ж. – 422 б.

4. «Қopшaғaн opтa тypaлы зaңдapды қoлдaнy». Aлмaты, 2000 ж. – 7 б.

Интернет ресурстар

1. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/tabihatty-qorhau/lesson/biologiyalyq-araluandylyqqa-tongen-qauip

2. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau

3. https://bilimland.kz/kk

4. https://bilimland.kz/kk

5. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau

Тәрбие сағатының барысы:

Жұмыс кезеңдері

Мазмұны

Қатысушылардың қызметі

Уақыт

(мин)

Ресурстар

 

Қызығушылықты ояту

1. Топқа бөлінеді.

2. Сыни ойлаулары дамиды.

 

 

 

І Ұйымдастыру

1. Топқа бөлу

Мозаика құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.

І топ: Ханшатыр.

ІІ топ: Ақ Орда.

ІІІ топ: Пирамида.

ІV топ: Байтерек.

Құрастырылған суреттерге сипаттама бергізу.

2. Суреттер қиындыларын жинақтау арқылы 4 топқа бөлінеді. Өздерінің топтары бойынша берілген суреттерге сипаттама береді.

 

4

 

 

Суреттердің қағаз қиындылары

2. Әр топқа ортақ https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/tabihatty-qorhau/lesson/biologiyalyq-araluandylyqqa-tongen-qauip «Биологиялық әр алуандылыққа төнген қауіп» бейнеролигі көрсетіледі. Көрген бейнероликтері бойынша «Егер... » деген аяқталмаған сөйлем беріледі. Өз таңдаулары бойынша төмендегі сөздерді бейнероликтен көргендерімен байланыстыра отырып аяқтайды.

1. Егер табиғатқа тіл бітсе....

2. Егер мен ақын болсам....

3. Егер мен әкім болсам...

4. Егер мен сәулетші болсам...

3. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/tabihatty-qorhau/lesson/biologiyalyq-araluandylyqqa-tongen-qauip бейнероликті көре отырып «Егер...» аяқталмаған сөйлемін топта ақылдаса отырып аяқтайды.

Әр топтан бір спикерден шығып өз сойлемдерін аяқтап оқиды.

8

Аяқталмаған сөздер жазылған қағаз қиындыла

ры және интернет ресурстары https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/tabihatty-qorhau/lesson/biologiyalyq-araluandylyqqa-tongen-qauip

билимленд

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau қысқаша мәтінді пайдаланып «Астана қаласының экологиясы» тақырыбында 3 минуттық эссе жаздыру.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau қысқаша мәтінді пайдалана отырып, «Астана қаласының экологиясы» туралы әр топ мүшелері 3 минуттық эссе жазып, ортақ бір шешім бойынша ең жақсы жазылған эссені оқиды.

12

 

Эссе жазу парағы, https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau интернет ресурсы

 

Атмосфераны қорғау https://bilimland.kz/kk  ортақ жаттығу беру арқылы экологиялық білімдерін тексеру.

https://bilimland.kz/kk

Әр топ ақылдаса отырып, жылдам қызыл бағдаршамды көтеру арқылы жаттығуды орындап шығады.

3

https://bilimland.kz/kk

1-жаттығу тапсырмалары

Мағынаны ажырату

1. Топтық қарым-қатынас жасайды.

2. Шығармашылық қабілеттері дамиды.

ІІ Әр топқа  BILIMLand ресурстарындағы бейнероликтерді көрсету

1-топ: Күн сәулесі. https://bilimland.kz/kk

2-топ: Биоотын. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau

3-топ: Жел энергиясы.

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau

4-топ: Гидроэлектр станциясы. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau

Бейнероликтерді көрсете отырып, «Астана қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға қосар үлесім» тақырыбында жоба беру, қорғату.

Әр топ жеке, жұппен, топпен ақылдаса отырып, «Астана қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға қосар үлесім» тақырыбында бейнероликтен көргендерін өздерінің жобасына қосып, Астана қаласының қай жерлеріне және қалай орналастыру қажет екендіктерін арнайы флипчарттарда немесе ақ парақтардан жасайды. Жобаға жеке ат қояды, топпен қорғайды.

12

Флипчарт және  маркер, жабыстырғыш, интернет ресурстары

1.https://bilimland.kz/kk

2. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adamnyng-qorshahan-ortaha-aseri/lesson/atmosferany-qorhau

Ой толғаныс

1. Экологиялық тәрбие алады.

2. Туған қаласының табиғатын қорғауға үйренеді.

ІІІ Кері байланыс:

;fcsk ;tktr«Жасыл желекпен көмкерейік» https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/ehkozhujeler/lesson/ehkologiyalyq-piramida экологиялық пирамида беріледі. Экологиялық пирамиданың мәнін ашып, ой қозғау арқылы үлкен пирамиданың макетін қаланың ең қолайлы деген жеріне орналастырту. Макеттің кез келген жеріне өз тілектерін айтқызып ағаштар ектіру.

«Жасыл желекпен көмкерейік» акциясын ұйымдастырып, топтың жеке мүшелері Астана қаласының макетіндегі жасыл теректерге өз тілектерін жазып орналастырады.

 

 

6

Стикер, макеттер

 

Қате туралы хабарландыру