«Еңбек етсең ерінбей ...»

Қарсақбаева Бекзада Ибрагимовна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия
19372
Сынып сағаты
Тақырыбы:
«Еңбек етсең ерінбей ...»

 

Сабақтың мақсаты

«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері

- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

диспут, пікірталас, ойқозғау.

Көрнекі құралдар

фотосуреттер үнтаспа, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.

 

Сабақ барысы

 

1. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сөзі:

- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның қасиетті күнінде яғни, жұма күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

«Көңілді бағдаршам».

Сигналдры көтере отырып, сабаққа көңіл күйлерін анықтау.

Қызыл түс – «Мен бәрін білемін».

Сары түс – « Мұғалім маған көмектессе екен».

Жасыл түс – «Өзім жұмыстанып көремін».

Ой шақыру.

Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау.

Сөзжұмбақ шешейік. Мен айтқан сөздердің әіптерінен сөз құрап көрейік.

1. Береке – 2-ші әріп.

2. Таң – 3-ші әріп.

3. Білім – 1-ші әріп.

4. Кеме – 4-ші әріп.

5. Үкі – 2-ші әріп.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек  етсең  ерінбей». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.

- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

 

Топтық жұмыс. Постер қорғау.

1-топ. Еңбек адамға не үшін қажет?

2-топ. Мамандық түрлерін жаз, пайдасына мысалдар келтір

3-топ. Адам бойындағы қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады.

 

Слайд арқылы «еңбек адамға не береді» деген сөзге топтастыру жасау.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін-өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен адамдардың фотосуреттеріне шолу жасайды.

 

Кестені стикерлермен толтыру.

«Еңбек етсең ерінбей ...»


«Құмырсқалар» – бейнебаянын көрсету. Бейнеролик.

Қорытынды: Еңбек еткенде жұмыла жасау керек, сонда ғана жұмыс өнеді, яғни бірігіп істеген жүк жеңіл болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар».

 

Сабақтың дәйексөзі.

Оқушыларға тақтаға итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген сөздің анықтамасын, ұқсас түсініктерді, бақыт деген түсініктің артықшылығын және кемшілігін анықтату

 

Шығармашылық жұмыс.

 «Мен білетін мамандықтар» – мамандықтар туралы ойын-тренингтер.

1. «Дыбысынан таны» – дыбыстарды ести отырып, мамандық иелерін табады.

2. «Мен кіммін?» – Бір оқушы шығады да, суреттің артына жасырынады. Оқушылар орысша сипаттау арқылы мамандығын табу керек.

Ой толғау: bilimland.kz сайты – Видеожинақ – «Адамға хобби не үшін қажет?» видеофильмі көрсетіледі.

 

Сұрақ-жауап.

Кімнің қандай хоббиі бар?

Хоббиді табыс көзіне айналдыруға болады?

Хоббиді болашақта өз мамандығыңа айналдыруға бола ма?

Сипаттама жасау «Еңбекқор - Еріншек».

Суретке қарап еңбектің түрін анықта.

Ой еңбегі, дене еңбегі.

 

Қорытындылау.

Оқушыларға алдымен bilimland.kz сайты – Видеожинақ – «Патриотизм дегеніміз не?» видеофильмі көрсетіледі.

Осыдан кейін оқушылар стикерге өздерінің елін көркендетуі үшін не істеу қажет екендерін жазып, тақтадағы Қазақстан республикасының картасына жапсырады.

 

Қате туралы хабарландыру