Астана – әсем қала

Спанбетова Әсел Жасқадыровна
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Қарақұм ауылы, «Алғазы орта мектебі» КММ
979
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Астана – әсем қала

Тәрбие сағатының мақсаты

Астана қаласына ойша саяхат жасап, әсем ғимараттарымен танысу. Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу

Көрнекілік

Проектор, аудиотаспа, ғаламтордан алынған бейнебаяндар,  саяхат картасы, бағалау парақтары, bilimland.kz сайтынан бейнебаяндар ғимараттар макеттері.

Сабақтың әдісі

Саяхат сабағы

Дерек көздері

bilimland.kz сайты

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Сәлеметсіңдерме балалар. Балалар  көңіл күйлерің қалай? Керемет болса маған қолдарыңдағы смайликтер арқылы көңіл күйлеріңді көрсетіңдер.  
ІІ.Қызығушылықты ояту. 
Балалар  біз бүгін сендермен саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге не керек?
- Карта
- Әрине карта керек. Картаны тарату.
- Балалар карта түстеріне сәйкес екі топқа бөлінеміз. Карта алсақ онда сендермен екі автокөлікпен  Қарақұм ауылынан Тығынқара стансасына барамыз. (Машина дауысы) Саяхатымыздың шарты бойынша  әр аялдамаға жету үшін тапсырмалар орындаймыз, әр тапсырманы дұрыс орындасақ, сол ғимарат жайлы  толық ауызша немесе бенебаян арқылы ақпарат ала аламыз. 
Тығынқара стансасына келіп жеттік, поездға міну үшін  билет аламыз. Әр оқушы  аттарыңды тауып алыңдар, әр билетте сұрақтар жазылған, сол сұрақтарға жауап береміз. Сұраққа жауап берген  оқушы Атана қаласына баратын билетке ие болады. 
«Серпілген сауал» әдісі
- Біздің астанамыз қай қала? . 
- Мемлекеттік Рәміздерді ата? 
- Мемлекеттік рәміздердер қашан қабылданды? 
- Тудың авторы? 
- Әнұранның авторы? 
- Елтаңбаның авторы?
- Біздің ауыл қайда орналасқан? Алматы облысы, Қаратал ауданы, Қарақұм ауылы
- Бідің ауылдық округтің аты? Қызылбалық ауылдық округі 
- Ауылдағы мектептің атауы? Мектеп нешінші жылдан бастап жұмыс істейді? 
- Ауылыңның мақтанышын айта аласың ба? 
IIІ. Мағынаны ашу.
1.«Теміржол вокзалы»
Міне балалар Астана қаласына жеттік. Біз Астана қаласына келдік. Енді Астана қаласымен  танысайық, танысу үшін  мен сендерге  мәтін беремін сол мәтіннен түсіп қалған сөздерді орнына орналастырамыз. 
«Детектив»  әдісі
1 топ:
Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 - шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.
Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған.  Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. 

2 топ:
Астана тарихы — сонау1830 — жылдан бастау алады. Ол кезде қала патша әскерінің бекінісі болған.
— Ақмола бекінісі деп аталған. 1863 — жылы 16 — шілдеден бастап Ақмола – округтік қала атанды. Қала халқы 2000 — дай адамды құрады. Дами келе: 1893 — жылы Ақмола қаласында қала халқы 6428 жанды құраған. Қалада 3 шіркеу,  5 мектеп, 1 училище, 3 зауыты бар уездік қала болған. 1960 — жылы тың игеру кезеңінде – тың игеру орталығына айналды. 1961 — жылы Ақмола деген атауы – орысша Целиноград деп өзгертілді. Целиноград — облыс орталығына айналды.
Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы қалаға қайтадан өзінің қазақша атауы беріліп, Ақмола облысы атанды. Ақмола облысы – еліміздің ірі астық өңірі және ірі ауылшаруашылық машина жасау орталығы болды. Жер қойнауы пайдалы қазба байлықтарға бай. Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?  Себебі, "мола" қазақ ұғымында зират, өлген адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса, екіншіден шетелдіктер оны сөзбе–сөз аударып, қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер есім қатты қажет еді. Астананың атауына байланысты Елбасы: "Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде, бір жолы түнде дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені 
Астана дегеніміз – астана қазақша әдемі естіледі"
2.Бәйтерек монументі:
 Ендеше балалар қазір сендер Астана қаласының символы деп қай ғимаратты айтуға болады?


www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Анимациялық фильмдер» бөлімі) http://bilimland.bmg/kk/content/lesson/18637-bajterek_monumenti арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету.
3.Бейбітшілік пен келісім сарайы:
«Сөз тізбек» ойыны. Жұппен жұмыс
 Бұл ойын арқылы берілген сөздерді  орналасу тәртібімен сөйлем құрастыру керек.
республиканың,  бас қала, мәдени, саяси, орталығы, Астана –, Қазақстанның.
(Астана – Қазақстан республикасының саяси, мәдени орталығы, бас қала.)
2. дамып жатқан, Астана, белсенді, айналды, сөресіне, қоғамның.
(Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды.)
3.  дамыған, өткен сайын, қызмет, жыл, Астана, көрсету саласы, мегаполиске, айналып келеді,ірі.
(Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегаполиске айналып келеді.)
4. дамып, заманауи, жатқан, қала, жедел, қарқынмен, Астана-, Бүгінгі.
(Бүгінгі Астана-жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала.)
5.Астанада, ғимараттар,ғажап, зәулім,жатыр, салынып.
6.арқаның, төрінде, орналасқан қала, жас, сұлу, Астана, ең.
4.Ханшатыры: 
 «Галерея әдісі» арқылы(Республикалық велотрек, «Астана-Арена»  футбол стадионы, Қазақстан орталық концерт залы, Алау-мұз айдыны, Назарбаев Университетi т.б ғимараттарының суреттері) 2 топ ғимараттың  суретін  таңдап алып, сол ғимаратқа сәйкес шағын ролдік ойын құрастырып, көрсету. 

5.«Думан» ойын-сауық кешені 
Балалар біз Бақаш көлінің жағасында орналасқандықтан ауылымыздан базарлық ретінде мына балықтарға өлең жолдарын жазып, Мұхитаралға орналастырамыз.
1 оқушы:
Ардақтайтын Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қалам!
2 оқушы:
Астана үміт қаласы
Бас болған елдің данасы
Мақтана оған қарайды
Қазақтың барлық баласы.
 3 оқушы:
Жайнап өсті Астана
Бәйтерегі көк тіреп,
Болды Астана бас қала
Іске асты көп тілек.
4 оқушы:
Әсем үйлер самсаған
Көшелері көсілген
Ағады ерке Есілі,
Астанадан нәр алып.
5 оқушы:
Кеткен қала есімі 
Жер шарына таралып
Бабалардың көзіндей.
Даналардың сөзіндей.
6 оқушы: 
Ұлы дала тұрғызды,
Ұлы қала өзіндей.
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
7 оқушы:
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
Маған қымбат бұл елімнің
Шешек атқан әр гүлі.
8 оқушы:
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Тәуелсіздік – Ұлы күнім.
Тұрсын жайнап төбемде
9 оқушы:
Сен жасай бер, мәңгі бақи, 
Қуанышқа бөлен де.
Бой көтерді бір қала,
Ол біздің сұлу — Астана.
10 оқушы:
Баруға асығам. 
Бітіріп мектепті,
Барармын мен саған.
Сұлу қалам — жас қалам,
11 оқушы:
Жасыл желек оранған,
Әрбір көшең көк орман.
Сенде түлеп, сенде өскен,
Жас ұрпақта жоқ арман.
Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам, өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.
12 оқушы:
Баруға асығам. 
Бітіріп мектепті,
Барармын мен саған.
Сұлу қалам — жас қалам,
Нұр төгілген бас қалам.
Шуақ шашып бәріне,
Өсе берші, Астанам!

Рефлексия  «Мәуелі  Бәйтерек» 
Иә,  балалар біз елордамыз Астана қаласына саяхат жасадық. Бірнеше әсем ғимараттармен таныстық. Танысатын жерлер өте көп дегенменен біраз жерлерді аралағандай сезіндіңдер деп ойлаймын. Жыл сөз- жанға қуат берді.  Ендеше, біз де сабағымызды аяқтап, бүгінгі сабақтың рефлексиясын жасасақ. Жылы лебіз айтып, мәуелі бәйтеректің қай жерінде тұрғандарыңды айтып ілсеңдер. 
Зәулім, биік үйлер, ғимараттар көбейсің!
Тұрғындары- жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар болсын.
Көркейе бер Астана!Бүкіл әлем Астананың сұлулығына таң қалсын! Еліміз тыныш болсын!
Есіл өзенінің суы ортаймасын!Астана-мемлекет дидары бол! Астана- Еуразияның жүрегі бол! Жастарымыз білімді болсын! Астана көңілімізге шаттық сезім ұялатсын! Тәуелсіздігіміз нығайсың! Қазақстан жасасын! Қазақ елі  гүлденсің!Шекарамыз берік болсын.!
Хормен: 
Жаса, жаңа жас қалам.
 Жайнай бер менің Астанам
Біз барлығымыз бірге елордамызды және Қазақстанның көрейуіне өз үлесімізді қосамыз. 
(Шар лақтырылады)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ия, балалар бүгін біз сендермен Астана қаласына  саяхат жасадық. Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды. Елордамыз көркімен де, келбетімен де әлемнің атақты қалаларымен терезесін теңестіріп тұр. Ерке Есілдің жағасында орналасқан әсем шаһар келешектің қаласы, жастардың яғни сендердің қалаларың. Ендеше болашақта осы қалаға барып, әлемдік сәулет өнерінің қайталанбас үлгілері саналатын әсем ғимаратарды өз көздеріңмен көрулеріңе тілектеспін.

 "Астана жүрегімде" әнмен аяқтаймыз
 

Қате туралы хабарландыру