Әлеуметтік желіні тиімді пайдалана білейік

Алишева Қымбат Маратқызы
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, «1 Май орта мектебі» КММ
6962
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Әлеуметтік желіні тиімді пайдалана білейік

 

Мақсаты

Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету және оны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету. Сандық сауаттылығын арттыру. Оқушыларға әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға үйрету.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: ақпарат ала отырып, өздерінің әлеуметтік желі туралы білімдерін арттырады.

Оқушылардың басым көпшілігі: өз ойларын жетік меңгерте алады.

Кейбір оқушылар: әлеуметтік желідегі пайдалы топтармен таныстыра отырып, олармен қалай байланысу жолдарын көрсете алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың басым көпшілігі: диалогқа құра алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: ғаламтор, әлеуметтік желі.

Сыныптың безендірілуі: дөңгелек үстел басында жағалай қонақтар, ата-аналар мен оқушылар отырады.

Сынып сағаты телевизиялық бағдарламалар ретінде жүргізіледі.

 Қонақтарымыз:

  1. ІТ маманы – А. Тыштыбаева.
  2. Тәрбие ісі меңгерушісі – Д. Комалбаева.
  3. Ата-аналар.

Ұйымдастыру кезеңі: шағын көрініспен басталады. Екі оқушы диалог құрады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

 

Басталуы

 

10 минут

Қарақат: Қандай керемет құрбыма қызығып отырмын.

Ерасыл: Түсінбедім, Қарақат не туралы айтып отырсың?

Қарақат: Астанаға қыдырып кеткен құрбым ұшақтан жаңа түскен секілді еді, әне-міне дегенше Астананың көшелерінде түскен суреттерін әлеуметтік желіге салып үлгеріпті.

Ерасыл: ммм, мен де футболдағы комментарийлерді оқып отырмын.

Мұғалім сөзі:

Міне, көріп отырғанымыздай, еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін ғаламторда отырады. Қазір тіптен бұл актуалды мәселе ретінде де қарастырады. Яғни пайдасы да зияны да баршылық. Олай дейтінім, заман жаңарып, өрістеп жатқан бүгінгі күнде балаларды одан алшақтату мүмкін емес екені жасырын жайт емес. Пайдасы туралы айтар болсақ, уақытты тиімді пайдаланып ғаламтор желілерінен түрлі мәліметтер алуға болады. Қашықтықтан оқытудың да мүмкіндігі бар. Ал енді зиянды жағына тоқталар болсақ, бала денсаулығына, психологиясына кері әсері де аз емес. Уақытпен санаспай ұялы телефонға тәуелді болып қалған жасөспірімдердің тағдыры сіз бен бізді ойландырады. Балалар, ендеше интернет желісінің бізге қаншалықты зиянды және пайдалы екенін ажыратайық. Ажырату үшін «әлеуметтік желі» дегеніміз не? Соны анықтап алайық.

 

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/informatika/lesson/aleumettik-zheliler

Тақырыпты ашу үшін екі оқушының диалогы арқылы жүргізіледі. Ерасыл мен Қарақат бір-бірімен әңгімелеседі. Қарақат телефонындағы инстаграмм желісінен құрбысының суреттерін көріп отырады.

 

3-жүргізуші мұғалім

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/informatika/lesson/aleumettik-zheliler

Ортасы

 

25 минут

1. Елдана: Әлеуметтік желінің қашан және қалай пайда болғанын бұрын-соңды білмесе, осы бейнероликтен кейін білімінің кеңейгенін айты. Нұржан әлеуметтік желінің зиянды жақтарынан қалай қорғануға болатынын түсінгенін айтты.

2. Бейне репортаждың мақсаты: әлеуметтік желіні ауыл тұрғындары қалай пайдаланатынын және ол туралы қаншалықты зиянды, пайдалы ақпарат білетіндерін біліп, сараптама жасау.

3. Сөз барысында ІТ маманы А. Тыштыбаева әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың жолдарын және зиянды топтармен немесе пайдасыз ақпаратпен шұғылданбаудың жолдарын, олармен қалай күресу керек екенін толықтай ашып түсіндірді.

 

Дәл қазір біздің алдымызда отырған балалар сандық технологияға жақын. Олар бірімізге қарағанда барлық ақпаратты тезірек үйренеді. Сондықтан оларға сабақ берудің әдісі де өзгеруі керек деп ойлаймын. Яғни, сандық технология арқылы тәрбиелеуіміз керек. Мысалы: жазу сауаттылығы, оқу сауаттылығы деген бар. Дәл сол секілді сандық сауаттылық деген де болу керек. Сандық сауаттылық деген компьютерді қалай қосудан бастап, онымен қалай тиімді пайдалану керек соны меңгертуге көмектеседі. Балаға ғаламтор технологиясымен қалай жұмыс істеу керек екендігі туралы ақпаратты балаға дұрыс түсіндіру керек. Мысалыға айталық, үйден шықпай-ақ, 3-4 айдың ішінде Колумбия, Гарвард университетін бітіріп шығуға да болады. Ол үшін сіз арнайы сайттарға немесе әлеуметтік желідегі топтарға тіркелсеңіз, олардың үнемі шығарып отыратын ақпараттарын күнделікті көруге болады.  

Ал, тәрбие ісі меңгерушісі Д. Комалбаева бұл әлеуметтік желіні тәрбиемен байланыстыра отырып, зиянды жақтарының көп екенін және белгілі бір уақытта ғана пайдалану керектігін айтты.

1. Сыныптағы 1-2 оқушы көрсетілген видеодан өз ойларын айтады.

 

2. Оқушылардың әлеуметтік желі туралы дайындаған арнайы «бейне репортаждарын» көрсету.

 

 

 

 

 

 

3. ІТ маманы А. Тыштыбаеваға және тәрбие ісі меңгерушісі Д. Комалбаеваға сөз беріледі.

Аяқталуы

 

10 минут

Қарақаттың монологы «Әлеуметтік желі деген әлем бар».

 

Қорытынды

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Иә, ... қазір, шынайы өмір мен жасанды кеңістік, әлеуметтік желі мен кітап, адами қарым-қатынас пен онлайн қатынас бәсекеге түскен заман. Әлемде электр жарығы сөніп қалмаса, қайсысы жеңетіні де белгілі.

 

 

Қате туралы хабарландыру