Жаңа сөздер

Сванғожаев Алмас
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы орта мектебі
12701
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Жаңа сөздер

 
Жалпы мақсаттары Оқушыларға жаңа сөз туралы мәлімет беру арқылы лингвистикалық білімдерін кеңейту. Сабақта қолданылатын лингвистикалық материалдар арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды достыққа берік болуға, еңбекке тәрбиелеу.
Сілтеме Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық,
iTest http://itest.kz/kazakh-tili сайты
Оқу нәтижелері Жаттығулар орындайды. Сыни тұрғыдан ойлайды, белсенділіктері артып, сабаққа қызығушылықтары артады.
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекеттер
Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

✓ Сәлемдесу

✓ Топқа бөлу (Геометриялық фигуралар арқылы)

Психологиялық ахуал (Тілек айту)

(Оқушылар өздерінің атын айтып, жақсы қасиетті айтады. Мысалы: Алмас – ақылды, Қанат – қайратты т.б.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

 

1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.

2. 154, 155-жаттығу.

 

Оқушылардың дайындықтары тексеріледі.

1. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

    A) Үйрек алу лашынға сөз емес екен.

    B) Абайдың бұл келісін ұрын келу деп атайды.

    C) Теңіз үстіне ауыр тұман көтерілді.

    D) Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.

    E) Борашта ерекше бір тәртіптілік бар.

 

2. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

    A) Кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі әлсіз ғана бүлкілдейді.

    B) Қаңтардың қысқы түні ащы ішектей шұбатылып бітпейді.

    C) Ауыл күзектен көшер алдында Мысықты үйіне ертіп келді.

    D) Он сегіз жасқа жаңа толғанда соғыс басталды.

    E) Шығар күнді сергек сезіммен асыға тосты.

 

3. Тарихи сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

    A) Жібек туларды жел желбірете түседі.

    B) Ойы – мемлекеттің іргесін бекемдеу.

    C) Жауы жағаласып, тыныштық бермей келеді.

    D) Бүгін ханның жаны жай таппады.

    E) Жаз айларында құсқа лашын салады.

 

Тақырыппен жұмыс.

 

Мұғалім: Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш енген кезде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады.

Мысалы, компас, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер,  жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып  есептеліп жүр. Осы тектес жаңа  сөздердің  қатарына  жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз  және т.б. сөздер  жатады.

   

Таныстырылым

 

Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизм деп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның баламасы ауыстырады. Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.

 

Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық т.б.

 

Қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге көптеген жаңа сөздер – неологизмдер енді. Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.

 

Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру.

 

І. деңгей

 

1. Жаңа сөздер деген  не?

2. Жаңа сөздерге мысалдар жаз.

3. Өлеңде жаңа мағынаға ие болған көнерген сөзді тап

  Бала болдың жас болдың,

  Жамандыққа ермедің.

  Төре болдың бас болдың,

  Жалғандыққа ермедің.

 

ІІ. деңгей

 

1. Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.

Мектеп, карта, телевизор, аялдама,  кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап,  желтоқсан  айы,  сынып,  қорғаушы,  сұраныс,  тапсырыс,  асаба, оқушы, ұстаз.

2. Тәуелсіздікке  байланысты  кірген жаңа  сөздерді  қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта  мәтін құра.

 

III. деңгей

 

1. Жаңа сөздерден жаңылтпаш құра.

2. Көнерген сөздің негізінен қайта  тіріліп, жаңарған  сөздерді ата.

Үлгі: төре – төреші

3. Жаңа сөздер қанша түрлі жолмен пайда болады? Мысалдармен дәлелдеп жаз.

 

Оқулықпен жұмыс.

 

Мәтінді мәнерлеп оқу.

 

167-жаттығу (ауызша).

Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

Мәтіндегі неологизмдердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.

Мәтін мазмұнына сүйеніп, оқиғаның өту кезеңіне, ұлттық дәстүрлерге назар аударыңдар.

 

165-жаттығу

 

Үлгі: еңбек құралдары: қағаз, қалам, қарындаш, желім, ермексаз, қайшы, компьютер, тінтуір, т.б.

Геометриялық түрлі түсті фигуралар.

 

 

http://itest.kz/exam_test?test_id=746305794

№1. Таныстырылым

http://itest.kz/lekciya_konergen_sozder_zhanga_sozder

сайтынан алынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова,

Қазақ тілі,

Алматы,
«Атамұра», 2015,

72-74-бет.

4 минут

Бекіту:

1. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған жаңа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

    A) Ол әскери құжаттарын алды.

    B) Сынып бөлмесін желдетіп тұру керек.

    C) Арнайы жеделхат жөнелтілді.

    D) Кеден жұмысы жолға қойылған.

    E) Қазақстанның төл теңгесі бар.

 

2. Жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөзді көрсетіңіз.

    A) Ғарыш, үнқағаз

    B) Ғарышкер, зейнеткер

    C) Жеделхат, теңге

    D) Бейнетаспа, кеден

    E) Ермексаз, сынып

 

3. Жаңа сөздердің баламасын табыңыз.

    A) Эвфемизм

    B) Дисфемизм

    C) Фразеологизм

    D) Архаизм

    E) Неологизм


4. Архаизмге қарама-қарсы сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

    A) Неологизм

    B) Дисфемизм

    C) Эвфемизм

    D) Фразеологизм

    E) Историзм

http://itest.kz/exam_test?test_id=746305794

Бағалау критерийлері

- Оқушылардың сабаққа белсінділікпен қатысуы;

- Топ ережесіне сай жұмыс жасай білуі;

- Өз ойын толық жеткізе білуі;

- Жаңа тақырыпқа сай талдау жұмыстарын жасай білуі;

- Жаңа тақырыпты игеруі.

Үйге тапсырма

1 минут

166-жаттығуды шартына сай орындап келу. Ереже қайталау.

Кері байланыс

1 минут

Оқушылар өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін кестеге толтырады. Жапсырма қағаздарға жазып, тақтаға іледі.

Қорытынды

1 минут

Сабақтағы белсенділіктері мен қатысуларына қарап, бағалаймын, сабақты қорытамын.

Қате туралы хабарландыру