Табиғатта демалудың пайдасы

Ражанова Айнұр Қонысбаевна
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское селосы, Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы
1185
Жаңашыл мұғалім-2019
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Табиғатта демалудың пайдасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

 

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;  

5.1.6.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;

5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тыңдаған мәтін желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы оқшау сөздердің түрлерін еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады, өз пікірін білдіреді. Хат жаза алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі негізгі ойды жеткізеді, қорытынды тұжырым жасайды. Алған білімдерін қолдана алады. Оқшау сөздердің мәнін түсініп, тілдесім барысында қолдана алады. Хаттың құрылымын сақтап, жаза алады.

 

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Мәтінді оқып, жаңа мазмұнды игереді.

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Табиғат, демалыс, саяхат,серуендеу, тынығу, оқшау сөздер.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Табиғат аясында, серуенге шығу, менің ойымша, біріншіден, таза ауа, пайдалы демалыс, саялы ағаш, самал жел.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Демалысты қалай өткізген дұрыс?

- Не себепті табиғатта демалу пайдалы деп ойлайсың?

Ишара: мақұлдау, келісу, қолдау.

Құндылықтарға баулу

Адамзат үшін баға жетпес қазына – табиғатты қорғау. Өз денсаулығын күту.

Пәнаралық байланыс

география

АКТ-ны қолдану дағдылары

BilimLand порталы, қосымша ресурсы

Алдыңғы оқу

Аспан әлемінің құпиялары

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы 7 минут

1.Ұйымдастыру жұмысы:

А) Жағымды орта қалыптастыру

«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау: -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.

 

Ә) «Жел», «дауыл», «жауын» сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді.

 

Б) Ширату жаттығуы. «Мюнстенберг» әдісімен сабақтың тақырыбын анықтау.

 ЕКТТЛОАДБУАИЦУҒЖЩАКАТИАРТЮДАВАЫДЕНЕМУХЗАРОЛНАВУЦССДБДЩЫКУҢПЙЯЧСАГШЩЙХЩДИРЕАЛОСУКЫ – табиғатта демалудың пайдасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикер

Ортасы 30 минут

1. Тыңдалым алды талқылауға арналған сұрақтар:

-  Демалысты қалай өткізген дұрыс?

-  Не себепті табиғатта демалу пайдалы деп ойлайсың?

 

Тыңдалым материалы үшін бейнежазба ұсынылады.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/5-minut-obo-vsyom/lesson/171-zhartastyq-akula-ormanda-seruendeu-susiyrlar-suda-zhane-qurlyqta

                 (02.05 – 03.15 минут аралығы)

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

 «Қар лақтырысу» әдісі

Мәтін желісі бойынша сұрақ құрастырып, қағазды қар үйіндісі ретінде бір-біріне лақтырады. Оқушылардың сұрақ-жауаптарында қыстырма, қаратпа, одағай сөздер болуы керек.

 

2. ЖЖ. Жағдаяттық диалог:  жазғы демалыста қай жаққа барып демалу тиімді екені жайлы диалог құраңдар. Диалогте оқшау сөздердің түрлері қолданылсын.

 

3. «Еске түсірейік» айдары.

Оқушылар

https://imektep.kz/kz/hat-zhazip-uirenu

ресурсын қолдана отырып, хат жазудың талаптарын еске түсіреді.

 

ТЖ

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1349

бойынша топ болып, бейнежазбадан түсінгендерін қорытындылайды.

 

Ж.

 «Еркін қалам» стратегиясы.

«Табиғатта демалудың пайдасы» тақырыбын сөз ете отырып, ата - әжесіне, досына хат жазады.

 

 

 

 

 

 

 

А 4 қағазы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы 5 минут

Рефлексия.

«Жүгіртпе шынжыр» әдісі. Оқушылар сабақта алған білімдерін бір-бір сөйлеммен тұжырым жасап айтып шығады. Ой шынжыр бойымен үзілмей жалғасу керек.

-          Па,шіркін, .........................................

-          Меніңше, ........................................... себебі..................................................

-          Мен, біріншіден  ..............................

Екіншіден, .........................................

 

Үйге тапсырма: Өзің тұратын жердегі көрікті орын туралы жазып келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат: Оқулық, ғаламтор

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Семантикалық картамен жұмыс:

Барынша қолдау көрсету: Оқушыларға əртүрлі таңдау арасындағы өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беру үшін картадағы сөздердің сан азын пайдаланыңыз. Орташа қолдау: Картада тек сөздердің орташа ғана пайдаланыңыз.

 Қолдау көрсету аз:

Кейбір карталарды толтырылмаған күйде қалдырыңыз жəне оқушыларға сол бос жерлерді өз бетінше толтыруға тапсырма беріңіз.

 

 

Бағдаршам

Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады (мысалы, қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс =КЕЙБІРІ).

Информатика

 

АКТ сабақтың басында пайдаланылады.

 

Оқушыларға ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы тәрбиелілік құндылығы оқытылады.

Рефлексия

 Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

 

 Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

 

 

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

 

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

 

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

 

 2:

 Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

 2:

 

 Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

 

 1:

 

 2:

 

 

 

1-кезең: Уəждеу жəне жаңа тақырыпты жариялау, өткен сабақты бекіту (қайталау) – 30% 2-кезең: Жаңа материалды меңгеру – 50% 3-кезең: Бағалау жəне сабақты қорытындылау – 20%.

Қате туралы хабарландыру