Киім – адам көркі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Жазылым дағдысы Ж4. Мәліметтерді жинақтау. |
---|---|
Сабақтың мақсаттары | Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау. |
Күтілетін нәтиже | 1. Оқушылар көрген бейнематериалдары бойынша мәлімет жинақтап, нәтиже шығара алады; 2. Өз ойларын еркін жеткізе алады. |
Тілдік мақсаттар | Тіл мәдениетін дамытады. |
Пәнаралық байланыс | Өнер. |
Осыған дейін меңгерілген білім | Әр елдің ұлттық киімдері туралы ақпарат. |
Сабақ барысы
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз). |
Дереккөздер |
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын еске түсіру. |
Мұғалім нұсқаулығы. |
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
|
Оқушыларды алдын ала партаның астына жапсырылған үштүрлі стикердің көмегімен 3 топқа бөлеміз. Топтарға BilimLand.kz порталынан «Киімді қайдан аламыз?» бейнебаяны көрсетіледі.
Тапсырма №1. Топтар берілген сұрақтар бойынша мәліметтерді жинақтап, сызба-кесте жасаулары керек. Үлгі: 1-топ. Зығыр мен мақтадан жіп қалай алынады және олардан қандай киімдер тігуге болады? 2-топ. Жан-жануарлардан жіп қалай алынады, сондай-ақ, олардан қандай киімдердің түрлерін тоқуға болады? 3-топ. Синтетикалық жіптер неден және қалай алынады? Синтетикалық матаның басқа маталарға қарағанда сапасы қандай? Постер «Диірмен» әдісімен бағаланады, яғни постерлерді бір топтан екінші топқа ауыстырып, оларға стикермен кері байланыс береді.
Тапсырма №2. Алдыңғы жұмыстың жалғасы. Оқушылар лентаның көмегімен жұпқа бөлінеді. Жұптарға ортақ сұрақ қойылады: Дайын жұптар өз ойларын ортаға салады. |
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: 1. Сабақ үшін рахмет айтқың келе ме? Неліктен? |