Ауа райы

Досмағамбетова Әсемгүл Осқарбайқызы
Павлодар қаласы, НЗМ ХББ
13705
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Ауа райы

 
Оқу бағдарламасына сілтеме Т3 сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
А6 визуалды материал арқылы тілді дамыту.
Оқу мақсаты - тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
- жаңа сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.
Жетістік критерийлері - бейнежазбадағы жаңа сөздерді, сөз тіркестерін жазып алып, сөздікпен жұмыс жасайды;
- тапсырмаларда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;
- жаңа сөздерге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Алдыңғы тақырып Саяхат. Көрікті жерлер.

 

Сабақтың барысы

 

Сабақ кезеңдері: Жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут





3 минут





1 минут

Сергіту сәті

 

«Танысу» ойыны. Сыныпта ішінде жүріп, ір адамға қол беріп амандасыңыз. Осы кезде қарапайым сөздерді үнемі қайталаңыз: «Сәлем, қалың қалай?». Бірақ, бұл ойында қарапайым ереже бар: қатысушылардың біреуімен амандасып тұрып, сіз қолыңызды тек екінші адамға қол бергеннен кейін ғана бірінші адамның қолын жібере аласыз. Басқаша айтқанда, ойын аяқталғанша, сіз топтағы адамдардың біреуімен үнемі байланыста болуыңыз керек.


Топқа бөлу

 

"Молекула" ойыны арқылы жүзеге асырылады. Шарты: мұғалім "2 молекула" деп айтса, екі-екіден тұра қалады, "3 молекула" деп айтса, үш-үштен тұрады. Осылай жалғаса береді.
 

Миға шабуыл. Жұмбақ жасыру.

1. Көзге ілінбейді,
    Жұтсаң білінбейді (Ауа).
2. Қолы жоқ, сурет салады,
    Тісі жоқ, тістеп алады (Аяз).
3. Көктен түседі,
    Жер ішеді (Жаңбыр).
4. Қанаты жоқ – ұшады,
    Аяғы жоқ – қашады (Жел).
5. Қыста ғана болады,
    Ұстасаң қолың тоңады (Қар).


Балалар, сонымен бүгін сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылармен бірлесе отырып мақсат айқындалады. Жетістік критерийлерімен таныстыру.

1-5 слайд

Сабақтың ортасы


6 минут
+
5 минут










10 минут

Мұғалім: үш топқа әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады. Сендер әрқайсыларың топқа берілген бейнежазба мен оның негізінде құрылған тапсырмаларды орындау керексіңдер. Ең алдымен бейнежазбаны мұқият тыңдап шығыңдар. Одан кейін таныс емес сөздерді дәптерлеріне жазып алып, сөздіктен аудармасын табыңдар. Топтық жұмыс орындалып болғасын, видеодағы ақпаратты қаншалықты түсінгендігін анықтау үшін тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындау керек.

1-топ. imektep.kz сайтынан "Ауа райы" бейнежазбасын мұқият тыңдаңдар. Жаңа сөздерді дәптерлеріңе жазып алып, сөздіктен аудармасын іздеңдер. Бейнежазбаның астында берілген тапсырмаларды орындаңдар. (3 деңгей)
Қисын бойынша артығын тауып, жауаптар қорабына салыңыз

http://imektep.kz/iw_1094


Сұрақтардың дұрыс жауабын тауып белгілеңіз. http://imektep.kz/iw_1095

 

Тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыстығын анықтаңыз.
http://imektep.kz/iw_1449
 

2-топ. twig-bilim.kz сайтынан "Ауа райының түрлері: Жаңбыр" бейнежазбасын мұқият қарап, сөздікпен жұмыс жасап, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар (2-деңгей).


Ауа райы - 1
 

3-топ. bilimland.kz сайтынан "Климат дегеніміз не?" бейнежазбасын мұқият тыңдап, сөздікпен жұмыс жасап, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар (1-деңгей).


Тапсырма: өз қаламыздың климаттық өзгеруін бейнежазбадағы ақпараттарды қолдана отырып ауызша айтыңдар.

Сабақ барысында жазып алған жаңа сөздерді пайдаланып, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар.


Ауа райы - 2
Ауа райы - 3

 

iMektep


http://imektep.kz/aua-rayi

 


Twig-Bilim
https://twig-bilim.kz/film/factpack-weird-weather-5472/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimland
https://bilimland.kz

http://imektep.kz/aua-rayi

Сабақтың аяғы


5 минут

"Синквейн" әдісін қолданып "Ауа райы" тақырыбына 5 жолды өлең құрастырып көріңдер.
1. зат есім
2. сын есім
3. етістік
4. синоним
5. сөйлем
 
Бағалау
5 минут
Оқушылар бір-бірін топ ішінде негіздемелерін келтіре отырып бағалайды. Мұғалім жетістік критерийлер арқылы әр оқушыны бағалайды. Жетістік критерийлері.

Рефлексия

(3 минут)

 

"Ойлаудың алты қалпағы" әдісі негізінде, қалпақтың тиісті түсін таңдап, өз ойын стикерге жазады.


Ауа райы - 4

Бөліп оқыту. Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз? Пәнаралық байланыс
Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Сабақ барысы саралап оқытуға бағытталған. 1, 2, 3 деңгейге байланысты бейнежазбалар үлестіріліп, оларға негізделіп жасалған тапсырмалар берілді. Сабақтың әр кезеңіне құрастырылған жетістік критирийлер арқылы бағалау. Пәнаралық байланыс – география.
АКТ: https://bilimland.kz/kk
http://imektep.kz
Қате туралы хабарландыру