«Қыз Жібек» жыры

Ақшаева Бибігүл Көшербайқызы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Сарыкемер мектеп-гимназиясы
5512
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
«Қыз Жібек» жыры

 

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

«Қыз Жібек» жырының тақырыбы мен идеясын анықтау. Жырдағы оқиға желісі бойынша өзіндік пікір қалыптастыру, шығарманың көркем тіліне талдау жасау.

Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
  • түсінгендерін айтады;
  • өз көзқарастарын жеткізе алады.
Оқушылардың көпшілігі
  • ойларын дамыта отырып айтады.
Кейбір оқушылар:    
  • көркем шығарманы эстетикалық талғаммен бағалай алады;
  • шығармашылықтарын дамытады.    

Табыс критерийлері

«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігін анықтайды, кейіпкерлер әрекетін бағалайды, қорытынды пікір қалыптастырады.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайтының ресурстары, жырдың аудионұсқасы, фильм дидактикасы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка, география, бейнелеу өнері т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қыз Жібек» жырының толық нұсқасымен танысады, кейіпкерлер образына талдау жасайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Болжау стратегиясы, фильм дидактикасы, сұрақ-жауап, ой бөлісу, талдау «Егер де мен...».

Сабақтың барысы

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Дереккөздер

І Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру

1 минут

Қима қағаздардан мозайка құрастырып, топтасуды сұрайдыМозайкада берілген  суреттер арқылы топтасуды тапсырады.

 http://cs617931.vk.me/v617931722/1d567/yn_nRYBNpN0.jpg

Суретте Төлеген мен Жібек не жайлы сырласып тұр деп ойлайсыңдар?

 Мозайка құрастырғанда әр топ мүшелерінде суреттер шығады. Әр топ мүшелері топ ішінде ақылдасып,  ойларын жүйелеп, суреттегі кейіпкерлердің атынан сөйлейді.

http://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5612b4314fd3e/img_user_file_5612b4314fd3e_18.jpg

Слайд

Таратпа қағаздағы суреттер

жібек

ІІ Үй тапсырмасы

(Білу)

Сұрақ-жауап

5 минут

Жырды алдын-ала оқып, танысу берілген.

Жыр бойынша  білімдерін еске түсіру үшін сұрақтар қойылады:

1. «Қыз Жібек» жырының біз оқыған нұсқасын кім бастырып шығарды?   

2. «Қыз Жібек» қай ғасырдың еншісіндегі жыр? Нақты деректермен айтыңдар. 

3. Жағалбайлы жұрты қазір қай жерлерде бар?

4. Жыр қалай аяқталады?

5. Жырдың басты кейіпкері Төлегеннің  есімін неге Төлеген қойған?

Болжам жауап:  Азан шақырып ат қою. Бала өміріне мән беру. «Төлеген деп қойыпты ұлдың атын... Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды». Ат қою тарихын айту. Қазақ халқының ат қоюға аса үлкен мән бергені. Қазір  балаға ат таңдауда шетелдік аттарға үйірсектік болып бара жатыр.

Слайд

ІІ Жаңа сабақ

(Түсіну)

5 минут

Ой шақыру

Bilimland ресурстарын қолдану

Тыңдалым

Жазылым

 

Махаббат жайлы сөз болғанда Жібек пен Төлегенді

Қозы мен БаяндыҚалқаман мен МамырдыЕңлік пен 

Кебекті  айтпай кетуге болмайды. Ендеше махабатты қазіргі жастар қалай түсінесіңдер? Махаббат қандай болу керек?

Халық ауыз әдебиетінде «Қыз Жібек» жыры осы тақырыптағы шығармалардың бірі.

Бүгінгі сабақта біз жырдың мазмұнына үңіліп, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасап, талдау жұмыстарын жүргіземіз.

 «Қыз Жібек» жыры халқымыздың сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік ерекшелігімен оқырманды өзіне баурап алады. Жыр идеялық мазмұны, көркемдік сөз саптауы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан үздік жыр.

Теңеуді, эпитетті, метафораны, құбылтудан әсірелеу мен кішірейтуді, айшықтаудан зарлай арнауды ұтымды пайдалана білген.

Bilimland ресурсындағы  лиро-эпостық жырлары туралық қысқаша бейнекөрсетілімге назар аударады, тыңдайды.

Салыстыру. Лиро-эпостық жырлар мен эпостық жырлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырмалы түрде жазады.

жырар

Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттықпен халқымыздың айналыса бастағанын көреміз. Сонымен бірге естірту, жоқтау, қоштасу, жұбату, айтыс, зарлай арнау, сыңсу түрлері кездеседі. Бұлар жырдың көркемдігін арттыруға септігін тигізеді.


https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/liro-ehpostyq-zhyrlar-qyz-zhibek-zhyry

 

Слайд

 

 

(Қолдану)

6 минут

 

Тыңдалым

Айтылым

Сөздікпен жұмыс

 

Жырдың аудионұсқасы бойынша үзінді тыңдап, әр топ үзінді бойынша тұжырым жасайды.

І бөлім. Толық нұсқасы.
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді,тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады.
 

Сөздікпен жұмыс.

c[tvf

Сызба арқылы жырды композициялық құрылымына талдау

Жырдың тақырыбы –

Оқиға орны –

Оқиға кезеңі –

Кейіпкерлері –

Тұлпар бейнесі –

Басталуы –

Аяқталуы –

Идеясы –

Шешімі –

Слайд

 https://bilimland.kz/kk/content

/structure/2192-qazaq_

adebieti#lesson=15568

Қыз Жібек
 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/liro-ehpostyq-zhyrlar-qyz-zhibek-zhyry

 

Слайд

 

ІV Сабақты бекіту

(Талдау) 

8 минут 

Топтастыру

Оқылым

Айтылым

 

Фильм дидактикасы. Интербелсенді тақтадан «Қыз Жібек » фильмінен үзінділер мен суреттер көрсетіледі.

1. Фильмге дейінгі тапсырмалар. 

 толеген

кодар

2. Фильм барысындағы тапсырмалар.

Топтық жұмыс.

фильм кызх жибек

Топтық тапсырмалар

І топ:

1) Суретте кімдер бейнеленген?

2) Бұл үзінді жырдың қай тұсымен сәйкес келеді?

ІІ топ:

1) Жырда қандай кезеңдер көрініс алды?

2) Жырдан қандай салт-дәстүрлерді көруге болады және ерекшелігі неде?

ІІІ топ:

1) Бүгінгі күні жырда бейнеленген дәстүрлерді қаншалықты ұстанамыз?

Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма.

Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.

Төлеген мен Жібектің қосылуына тілекші болған адамдар:

Қаршыға тест

Бекежан тест

Шеге тест

Қорен тест

Шектінің алпыс жігіті тест

2-тапсырма.

Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.

Қыз Жібек жырындағы кейіпкерлер:

              дұрыс бұрыс

Базарбай 2 2

Зарлық  2 2

Қамқа  2 2

Домбауыл 2 2

https://www.youtube.com/

watch?v=7FWJihVkBtA

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/content/

structure/2192-qazaq_adebieti#lesson=15568

(Жинақтау)

5 минут 

 

«Автор орындығы» әдісі шығармашылық жұмыс

 

 

Тест тапсырмалары

3. Фильм соңындағы тапсырмалар.

Топтық жұмыс.

Фильм туралы ойыңызды жазыңыз.

- Фильм мен жырдың мазмұны, аяқталуында қандай ерекшеліктер бар?

Жырдың қайғылы аяқталғаны белгілі. Сендер «Егер мен автор болсам...» деп жырдың қалай аяқталуын қалар едіңдер?

Салыстыру

салыстыру 

Тиянақтау, салмақтау, бағалау, қайта қарастыру, сұрыптау, таңдау жасайды.

Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі.

 Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз.

Сүйіспеншілік тақырыбындағы жырды табыңыз:

A) «Мақпал қыз» тест

B) «Мұңлық-Зарлық» тест

C) «Арқалық батыр» тест

D) «Көрұғлы» тест

Лиро-эпостық жырдың басты тақырыбы:

A) сүйіспеншілік тест

B) ел қорғау тест

C) тұрмыстық-салт тест

D) тарихи жағдай тест

Слайд

 жибек

  

https://bilimland.kz/kk/

content/structure/2192-qazaq_adebieti#lesson=15568

V Қорытынды

(Бағалау)

7 минут

«Нысана»

Оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне, түсінік қалыптастырғандарына көз жеткізіледі.

Білім қалыптастыру. Топ мүшелері сабақ барысында жыр бойынша меңгергендерін айтып, тиісті түстерге жапсырады.

Слайд

слайд

VІ Үй тапсырмасы

1 минут

 

Жырдың көркемдік ерешелігіне талдау жасау, үзінділер жаттау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарын қояды.

 

VІІ Баға қою

2 минут

 

Белсенділіктеріне қарай бағалау критерийлері арқылы жинаған топ мүшелерінің ұпай санын айту үшін топ басшыға сөз береді. Баға қояды.

Әр топ мүшесін белсенділіктеріне қарай  жекелеп тиісті бағасын қояды.

 

Қате туралы хабарландыру