Хат жіберілді!
Кері байланысыңызға рақмет!
Қ. Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір»
Белгібаева Алмагүл
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Бірлестік ауылы, Бірлестік орта мектебі
2322
131
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Қ. Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір»
| Жалпы мақсат | Оқушыларға Қасым Аманжоловтың ақындық ерекшелігін, ақын өмірін таныту; Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, даралап, деңгейлеп оқытуда өз бетімен шығармашылық дағдысын дамыту. |
| Сілтемелер | 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 98-104 беттер. 2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 3. 5-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті. 4. Портал материалдары. |
| Оқу нәтижесі | Ақын өлеңін мәнерлеп оқып, мән-мағынасын аша алуы. АКТ пайдалана алуы. |
| Негізгі идеялар | Өмірдің шын мәнін ұғыну. |
| Сабақта қолданылатын материалдар | интерактивті такта, флипчарт, оқулық, https://bilimland.kz/kk сайты. |
| Оқыту әдістері | Жаңа әдістер, сұрақ- жауап, диалог, АКТ. Жеке, жұптық, топтық жұмыс, түртіп алу, екі жақты күнделік. |
| Дерек көздері | Қ. Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір» тақырыбына арналған материалдар: 1. Қазақ әдебиеті оқулығы; 2. Қазақ әдебиеті оқушы анықтамалығы; 3. Википедия ашық энциклопедиясы. |
| Тапсырмалар | Сұрақтарға жауап беру, салыстыру, дәптермен жұмыс, рефлексия жасау. |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті.
| І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| «Қара жорға» биін билету арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру. | Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл-күйлерін көтеру. | |
| ІІ. Үй тапсырмасы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Шығарманы тексеру. | Шығармаларын оқиды. | |
| ІІІ. Жаңа тақырып | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру. «Қасым Аманжолов». Мына сілтеме арқылы мәлімет алуға болады. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/qasym-amanzholov-zhamyrap-kunde-zhas-omir-olengi «Суреттер сөйлейді» презентация көрсету. |
Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Ескі альбом суреттерін парақтау. |
|
| Қызығушылықты ояту | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Мағынаны тану | Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою. Қасымның қандай өлеңдерін білесіңдер? Жатқа бір өлеңін сұрау. «Қ. Аманжолов» деректі фильм. https://www.youtube.com/watch?v=qw_WccX2350 «Жамырап күнде жас ғұмыр» өлеңінің аудио оқылымын тыңдату. https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/poehziya/lesson/15-qasym-amanzholov-zhamyrap-kunde-zhas-omir-olengi Топқа стикерлер арқылы бөлу. І топ. «Кешегінің Қасымы». ІІ топ. «Бүгінгінің Қасымы». ІІІ топ. «Жазушы Қасым». |
Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру. Жатқа өлең оқиды. Фильмді тамашалайды. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Топқа бөлінеді. |
| Сабақты бекіту кезеңі | Кестемен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беріледі: І деңгей: өлең мазмұнын қара сөзбен жазып шығыңдар. ІІ деңгей (алгоритмдік): өлең құрылысына талдау жасаңдар. ІІІ деңгей: эвристикалық деңгей - өлең ішіндегі сөздерге мақал-мәтел жазу. ІV деңгей: шығармашылық деңгей. Ақынға хат жазу. «Қасым» сөзіне ассоциация құру. «Қасымның әндері-ай» бейнебаянын көру. https://www.youtube.com/watch?v=pPdmJklL06Y |
Кестені толтырады. Өлеңнің мағынасын ашады. Топтар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Интерактивті тақтада ассоциация құрады. Бейнероликті көреді. |
| IV. Қорытындылау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Тест тапсырмаларын орындату. | Тест орындайды | |
| V. Үйге тапсырма беру | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Өлеңді жаттап келу. | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу. | |
| VI. Бағалау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Формативті бағалау. | Өзін-өзі бағалау. | |
| VII. Рефлексия | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Инсерт әдісін қолдану. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын инсерт әдісі арқылы жеткізу. |
Қате туралы хабарландыру