Ж. Жабаев, «Менің өмірім»
Мақсаты | Мәтінді түсініп оқуға төселдіру, өз желісінде мазмұндауға, өмірмен байланыстырып сипаттауға үйрету. Кейіпкер әрекетін салыстырып, өзіндік баға бере отырып, тұжырым жасай білуге дағдыландыру. Ж. Жабаев өмірімен таныстыру. |
Күтілетін нәтиже | Мәтінді түсініп оқуды, өз желісінде мазмұндауға өмір мен байланыстырып сипаттауға үйренеді. Кейіпкер әрекетін салыстырып, өзіндік баға беріп, тұжырым жасай біледі. Ж. Жабаев өмірімен танысады. |
Керекті жабдықтар | Б.А. Тұрғынбаева, З. Муфтибекова. Әдебиет, 3-сынып, «Алматыкітап» 2015. Интерактивті тақта, компьютер, планшет, топшамалар, материалдар, қима қағаздар, маркер. |
Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар |
|
7 модульдің қолданылуы | "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Талантты және дарынды балаларды оқыту", "Сыни ойлауға үйрету", "Оқушылардың жас ерекшеліктері", "ОүБ және ОБ", "АКТ", "Оқытудағы басқару және көшбасшылық". |
Формасы | Жаппай, топпен, жұппен, жеке жұмыс. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары. |
Тапсырмалар | Кеңейтілген: А, Б, С деңгейлік тапсырмалар, топтамалар, кестелер, дидактикалық материал. |
Бағалау | Сумативті бағалау, кері байланыс “Сұрақтары бар қорап”. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе
Психологиялық дайындық
Топқа бөліну |
«Оркестр» Музыкалық аспаптардың аты жазылған карточкалар ұсынады. Әрбір адам бір-бір карточкадан алады. Әрқайсысына берілетін, тапсырмада таңдап алған аспаптардың дауысына салып ойнау және қимылмен көрсету. Жүргізуші «оркестр» деген сөзді айтқан кезде барлығы қосылып, бір мезетте ойнау керек. Топқа бөліну музыкалық аспаптар бойынша бөлінеді. |
Топқа бөліну, музыкалық аспаптар бойынша бөлінеді. |
Тұсаукесер
Бекіту сұрақтары
«Білемін. Білдім» кестесін толтыру |
Үй тапсырмасын тексеру. «Батырдың ұрпағы» мәтінін оқушылардан сұрау. – Әңгіме кім туралы? – Әлкей Марғұлан кім? – Әлкей нені жақсы көрді? – Әлкей Марғұлан кімнің ұрпағы? – Олжабай туралы қандай деректер алып келдіңдер? – Ж. Жабаев деген кім?
ББ кестесін толтыру. |
– Мазмұнын айтады; – Олжабай мен Ә. Марғұлан туралы айтып беру; – Әкелген мәліметтерімен бөліседі; – Бекіту сұрақтарына жауап береді.
Әуелі жеке, содан көршісімен соңында топ болып, ББ кестесінің білемін бөлігін толтырады. |
Негізгі бөлім
Ж. Жабаев туралы фильм көру
Оқулықпен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
«Кубизм» стратегиясы
Бекіту |
Мағынаны тану.
Ж. Жабаев туралы фильм көру. http://imektep.kz/zhambyl-zhabaev
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып шығады.
Сөздікпен жұмыс. Мәтінді оқыған кезде таныс емес, жаңа сөздерді түртіп алу арқылы сөздік жұмысын жүргізу. Интерактивті тақтадан көрсетіп, мағынасын түсіндіру Шоқпыт – ескі, кедейдің киімі. www.iMektep.kz Интерактивті жаттығулар мен ойындарды ойнату |
Мәтінді оқып шығады.
Сұрақтар қою арқылы мәтіннің мазмұнын ашу, талдау.
1-топ. Артығын алып тастау 2-топ. Бос орынды толықтыр 3-топ. Дұрыс, Бұрыс 4-топ. Тестпен жұмыс
|
Қорытынды «Сұрақтары бар қорап» |
– Рефлексия; – Оқушыларды бағалау; – Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу. 4 жолдық өлең құрастыру. |
Кері байланыс. Қорапқа оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. |