М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» поэмасы
Оқу мақсаты |
М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» поэмасымен танысып, оған талдау жасай отырып, өз көзқарасын білдіреді, өзгенің пікірін бағалайды. |
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: «Дариға-жүрек» поэмасының мазмұнын түсінеді және өз ойын айта алады. |
Көпшілік оқушылар: поэманы оқи отырып, тақырыпқа сай толық өз ойын айта біледі. Бейнелі сөздер мен тіркестер арқылы өз көзқарасын айтады. |
|
Кейбір оқушылар: өз көзқарасын білдіре отырып, өзгенің пікірін бағалайды және поэманың өзекті идеясын қазіргі өмірмен салыстырады. |
|
Тілдік мақсат |
1.«Дариға-жүрек» поэмасының мазмұнын түсіне отырып, негізгі дереккөздерін анықтай алады. 2. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы поэманың мазмұндық идеясын ашады. 3. Осы идеяға сүйене отырып, өз көзқарасын білдіреді. 4. «Пирамида» әдісі бойынша өзгенің пікірін бағалайды, қазіргі өмірмен салыстыра алады. Тақырыпқа қатысты сөздік қор: соғыстың ауыр салмағы, жетімдік пен жесірлік тауқыметі, сұлулық пен сұрқиялық, тәкаппарлық пен қорлық, поэма тараулары, суық сөз, өкініш кернеу, ар тазалығы, мерт болу, музаға айналады. Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Поэмаға өзек болған оқиға неден басталды? 2. «Азалы үннің астында жатыр бұл жалған» деп, дүниені немен сабақтастырады? 3.Неліктен жас келіншек жартастан құлап ажал құшты? |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
«Миға шабуыл», «Суретке қарап уақытпен сөйлеу», «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, «Пирамида» әдістері, Уақыт тізбегі (графикалық органайзер). https://bilimland.kz қазақ әдебиеті, аудиохрестоматия, itest.kz, флипчарт, маркер, алты қалпақ, әдебиет оқулығы. |
Пәнаралық байланыс |
Тарих, сурет, музыка. |
7 модульдің қолданылуы |
АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрі |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
||
Ұйымдастыру кезеңі |
1. Жүректен-жүрекке тренингі. 2. Пазлдар арқылы топқа бөлу. |
1. Бір-біріне тілек айтады.
2. Топ ішінде рөлге бөліну. |
Суреттер. |
||
Білу
Қызығушылықты ояту
Дескрипторлар |
«Суретке қарап уақытпен сөйлеу» әдісі. Сурет (майдан даласы, әскер киіміндегі адамдар, қару-жарақ, жүйткіген поезд, кемпір-шал, жас келіншектер), парақтар таратамын: 1 минутта бірнеше сөз тіркесі, сөйлем айтады. Осы суреттер кім, не туралы айтады? Не туралы сөз болып жатыр? (Соғыс)
Таныстырылым көрсетіледі. Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Дариға-жүрек» поэмасы.
Оқу мақсатымен таныстырамын да дескрипторларды оқушыларға беремін. 1. «Дариға-жүрек» поэмасының мазмұнын түсіне отырып, негізгі дереккөздерін анықтай алады. 2 «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы поэманың мазмұндық идеясын ашады. 3. Осы идеяға сүйене отырып, өз көзқарасын білдіреді. 4. «Пирамида әдісі» бойынша өзгенің пікірін бағалайды, қазіргі өмірмен салыстыра алады. |
||||
Түсіну |
1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа материалмен таныстыру. 2. Поэма мазмұнына жалпы шолу жасау. |
1.Мұқағали туралы дерекпен танысады. Аудиохрестоматиядан «Дариға-жүрек» поэмасын тыңдайды.
2. Топ ішінде мәтінді талқылап, өзара ой бөліседі. |
№ 960 + № 43 |
||
Қолдану |
Топпен жұмыс. 1. Арнайы тапсырмаларды қолдану. 2. Поэма желісін Уақыт тізбегіне салу. |
1. Қазақ әдебиетіндегі №1, №2, №3 тапсырмаларды және тест жұмысын орындай алады.
2. Топ ішінде ақылдаса отырып, поэма желісіндегі оқиғаларды Уақыт тізбегі бойынша толтырады да, топ басшылары өз жұмыстарын келесі топқа таныстырады. |
№ 960 Флипчарт, маркер. |
||
Сергіту сәті |
«Жұмыр қылыш» биі атты жаттығу жасау. |
Бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Музыка. |
||
Талдау |
«Ақылдың алты қалпағы» әдісін қорыту бөлімінде пайдаланамын. |
Әр топтан шыққан оқушылар «Ақылдың алты қалпағы» арқылы тақырыпқа сай толық өз ойын айта біледі. Бейнелі сөздер мен тіркестер арқылы өз көзқарасын айтады: ақ – ақпарат, қызыл – эмоция, сары – оқиғаның жағымды тұстары, қара – жағымсыз іс-әрекеттер, жасыл – тың идеялар, көк – түйін. |
6 түсті қалпақ. |
||
Жинақтау |
«Пирамида» әдісі бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, өзгенің пікірін бағалайды және поэманың өзекті идеясын қазіргі өмірмен салыстырады. |
1. Пирамиданың 4 қырына 4 түрлі көзқарас жазылады да, соның ішіндегі біреуі ең таңдаулы.
2. itest.kz. (М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, Ф.Оңғарсынова поэзиясы) тапсырмасын орындау. 10 сұрақ. |
Флипчарт, маркер.
itest.kz. |
||
Бағалау |
1. Бағалау парақшасы арқылы бағалау. 2. Кері байланыс: «Рефлексивтік экран» әдісі. |
1. Дескриптор арқылы өз-өздерін бағалайды.
2. Сабаққа көзқарастарын біледі. |
Бағалау парақшасы. |