М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау (2-сағаты)
Сабақтың мақсаты | 1. Білімділік: а) Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын шығармасының идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы туралы теориялық білім беру. ә) Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру. б) Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігін, қасиетін, киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту. 2. Дамытушылық: а) Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білу сезімдерін ояту, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. ә) https://bilimland.kz сайтының ресурстары арқылы оқушының сезіміне әсер ету, ақын шығармашылығына қызығушылығын арттыру. 3. Тәрбиелік: ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға, көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап, сұлулығын сезініп, қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың түрі | Дәстүрлі емес сабақ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың типі | Қорытынды сабақ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Экология, бейнелеу өнері, музыка. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ көрнекілігі | Ақын суреті, https://bilimland.kz, iKitap сайттарының ресурстары, техникалық құралдар, интерактивті тақта, мультипроектор, «Ғасыр ақыны» көрмесі, тақырыптық суреттер, сызба- кестелер, кітап көрмесі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер | Түсіндіру, сұрақ-жауап, Қ.Бітібаева технологиясы, ой толғау, ой шақыру, топтастыру, еркін сөйлеу, пікірсайыс, теориялық талдау, мәнерлеп оқу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1. Ұйымдастыру кезеңі | А) Оқушылармен амандасу. Ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, түгендеу, дайындығын қадағалау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Үй тапсырмасын сұрау | А) Поэманың мазмұнымен танысу және үзінді жаттау Ә) Бұл кімнің сөзі? Қай кез? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. Жаңа сабақ | М.Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау.
Әр ақынның өлең-өнер болмысында бір қасиеті өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда – ой, Мағжанда – махаббат, Қасымда – от, Мұқағалида – тазалық (қасиет деген ұғым) басымырақ болады. Алдымен, экранға назар салайық.Білімланд сайтының ресурсын пайдалану Иә, табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Тапсырмалар орындау |
1-тапсырма. Сәйкестендіру.
Жалпы, қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті қазақ аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б.Аюхановтың «Аққу биі» – халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де, отбасын құра алмай, еш перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз. Аққуды тек қазақ халқы емес, басқа халықтар да дәріптеген. Мысалы: П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» атты шығармасы, сол сияқты Шекспирдің «Венеция көпесі» атты пьесасында аққу сұңқылдап ән салады. Тіпті аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде «Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді. 4-тапсырма. Пікірсайыс. 5-тапсырма. Ой толғау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Бекіту | А) Топтастыру әдісі Ана Аққу Ә) 1. Поэмадағы негізгі мәселе не? 2. Мен Мұқағалидан не таптым? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6. Бағалау, сабақты қорытындылау | Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды. (Мұқағали туралы слайд көрсетіледі). Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай, Еңбегінің қызығын да көре алмай. От боп жанып өтіп кеткен ақынға, Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай, – деп Айтақын ағамыз жырлағандай, өлеңімен рухани азық, күш жинап, қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз бүгінде «Ғасыр ақыны» атанды. Өз сезіміне өзі өртенген Мұқағали жыры бүгінгі күні шартарапқа жыр шуағы болып төгілуде: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің. Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім, – деп жырлаған Мұқағали мұрасы - мәңгілік асыл мұрамыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. Үйге тапсырма | А) «Айдыннан ұшқан аққу-жыр» Мұқағали туралы мәнжазба дайындау. ә) Поэма мазмұны бойынша сурет салу. |