М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі
Сабақтың мақсаттары: |
шығарманың мазмұнын толық талдайды, кейіпкерлер галереясына саяхат жасайды, әр кейіпкерге мінездеме бере отырып, іс-әрекетін пайымдайды, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады, кейіпкерлерді салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
|
- повестің тақырыбы мен идеясын талдай алады; - шығарманың әлеуметтік мәніне үңіліп, пайым жасай алады; - шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді, топ ішіндегі белсенділігі артады. |
АҚТ қолдану дағдылары: |
Bilimland.kz сайтының ресурстары, АсtivInspire бағдарламасы, «Фильм дидактикасы». |
Пәнаралық байланыс: |
Тарих пәні, қазақ тілі. |
Осыған дейін меңгерілген білім: |
үй жұмысы ретінде шығарманы оқып келу тапсырылды. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
болжау стратегиясы, фильм дидактикасы, сұрақ-жауап, ой бөлісу, талдау. |
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
Сабақтың басы 1 минут |
Сәлемдесу. Оқушыларға жаңа білім алуда сәттілік тілеу. |
|
3 минут
2 минут
5 минут
4 минут
4 минут
4 минут
2 минут
13 минут
3 минут |
І. Қызығушылықты ояту. Сынып оқушыларын топқа біріктіру (Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы оқушылар топқа бірігеді). Топ мүшелерінің қызметі: тәртіп сақшысы, тайм менеджер, тіл сақшысы, хатшы, көрнекілік менеджері, хабаршы (әр топ мүшелерінің қызметі қима қағаздар арқылы таңдалынады). ІІ. Болжау стратегиясы арқылы тақырыпқа шығу. (презентация) ІІІ. Мағынаны тану. Bilimland ресурстарын қолдану. «Қараш-Қараш» оқиғасы туралы қысқаша түсінік. Топтар бұл жұмыстан кейін бір-біріне 1 сұрақтан қояды. ІV. Тыңдалым. Аудиохрестоматиядан «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша үзінді тыңдап әр топ сол үзінді бойынша тұжырым жасайды. І бөлім. Он алты жасар Бақтығұл он жастағы жалғыз інісі Тектіғұл екеуі жастайларынан жетім қалып, нағашы жұрттарын іздеп келіп, Қозыбақ аулының Сәлмен дейтін сотқар байының бірі жылқысын, екіншісі қойын баққан малайы болады. Күн-түн демей, тыным көрмейтін еңбекқор екі жігіттің арқасында Сәлмен байдың байлығының үстей өсуі де молаяды. Қанша еңбектенсе де, ақ-адал қызметтерінің жемісін көрмей, керісінше, кесір байдың аярлығынан кедейліктен арылмай, ол аздай жосықсыз қиянаттың салдарынан қаза болған інісінен айырылған Бақтығұл жалғыздық, панасыздықтан көрері итшілік күн боларына көзі жетіп, біреудің қолтығына кірмеске лаж жоқтығын бағамдайды.
ІІ бөлім. Арпалыс үстінде Сәлменге жасаған ісі үшін абақтының үрейлі елесімен ілесіп қамалап келген қорқынышты көп ойдан түйін жасаған Бақтығұл, енді Қозыбақ аулымен бәсекелестігі, өштігі бар Жарасбай болысқа келіп, панасына алуға сұранады. Күш-қайраты толысқан, мықты ер-азаматтың өзі қоластына келіп тұрғанын сезінген, түпкі есебі әріде жатқан Жарасбай аулы Бақтығұлды қамқорлығына алған болады. Қат-қабат күрделі оқиғаларға толы повестің сюжеті бойынша, ақырында Жарасбай да өзіне сеніп келген Бақтығұлдың адал еңбегі мен маңдай терін әбден пайдаланып, оның үстіне ұдайы барымтаға жұмсап келіп, соңында арамзалықпен арандатып итжеккенге айдатпақ болады. Шығарманың ширыққан шырқау кезеңі, қалың қатпарлы мағынасы мен ұлы шешімі осы сәттен бастау алады.
ІІІ бөлім. Бағана жабыла шапқан жау мұны судан өтер деген ойды ойламаса керек. Кезеңге шығып алып, Бақтығұл тұрған сайды жоғары өрлей шауыпты. Кәзірде бір шақырымдай жерде тас-тасқа серейіп шығысып, ор жақтан қарап жүр екен. Құла ат кете барды. Бақтығұл серік атын құрбан ғылып, жанын амандап, бұл жолғы жаудан құтылып кетті. Ат кеткенмен, қойнындағы алтыатар, мойнындағы мылтық керек десе су да болмастан аман қалыпты. Бердеңкесін ұстап отырып, белгілі жауын есіне алып: "Бәлем, осыныңды ұмытпа!.." дегендей, Бақтығұлдың өзі құп-қу болып, көзіне қан толып кетті. Әр топтың хатшысы жасаған тұжырымдарын айтып шығады. Тайм менеджер уақытты белгілеп, регламентті айтып отырады.
V. Фильм дидактикасы. Интербелсенді тақтадан «Асуда атылған оқ» фильмінен үзінділер мен суреттер көрсетіледі. 1. Фильмге дейінгі тапсырмалар. - Суретте кімдер бейнеленген? - Түлкі тымақтағы адамның түрінен қандай эмоция көруге болады? - Жаралы жігітті сипатта.
2. Фильм барысындағы тапсырмалар. Топтық жұмыс. - Бақтығұлдың кегі кімде? - Неліктен Жарасбай болыстан пана іздеді? - Жарасбай болысқа мінездеме бер - Барымта туралы өз ойыңды жаз.
3. Фильм соңындағы тапсырмалар. Топтық жұмыс. Фильм туралы ойыңызды жазыңыз. - Фильм маған ұнады. Неге? - Фильм маған ұнамады. Не себепті? - Фильмнің мазмұны, кейіпкерлер, мінездемесі - Сәлмен бай мен Жарасбай болысты салыстыр.
VI. Сабақты бекіту. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/muxtar-auezov-qarash-qarash-oqihasy сайтындағы 1 және 2 тапсырманы орындау. Топпен тест тапсырмаларын шешу. |
https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti
https://www.youtube.com/watch?v=W9kug2oeMeE
|
3 минут
1 минут |
VIІ. Кері байланыс.
Оқушылар сабақтан алған әсерлеріне орай көңіл-күй таразысына тиісті стикерлерді жабыстырады. VIІІ. Үй тапсырмасы: «Мен Бақтығұлдың орнында болсам қайтер едім?» ойтолғау жазып келу. |
Сынып қабырғасындағы рефлексия бұрышына
|