Қасірет пен қасиет

Смагулова Гульжазира Гинятовна
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№19 ОМ» КММ
299
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Қасірет пен қасиет

 

Оқу мақсаттары

Тарихи және көркемдік құндылығы.

Заманауилығы және жаңашылдығы.

Сабақ мақсаты

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар істей алады:

- поэманың тақырыбы мен идеясын талдайды;

- материалдық және рухани құндылықтардың аражігін ажыратып, анықтайды.

Көпшілігі:

- мазмұны ұқсас шығармалармен салыстырады;

- құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.

Кейбірі:

- мазмұндас шығармалармен салыстырып, құндылықтарға баға береді;

- құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Осының алдындағы оқу

М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақ барысы

Уақыт

Жоспарланатын жұмыс

Ресурстар

Басы

10 мин

Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады

Мұғалым сабақ тақырыбын айтпас бұрын, 

Нүрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдатады.

Оқушылар күйді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.

- Оқушылар, нені естідіңдер? Бұл күй сендерге қандай ой салды?

- Қандай сезімде болдыңдар?

- Бұл күйдің үйге оқуға берілген шығармамен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

- Ендеше, сендермен аққу деген қандай құс екенін биологиялық тұрғыдан анықтап көрейік.

(Биология, «Жануарлар» бөлімі, Құстар класы, Жүзетін құстар, Аққулар)

Оқушылар аққу туралы мәліметті оқиды, жұппен тұжырым жасайды.

- Аққу құсының қандай қасиетін байқадыңдар?

- Аққулар жұбымен жүреді.

https://www.youtube.com/watch?v=qNHPKUyaUfI

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhanuarlar-alemi/qustar-klasy/lesson/zhuzetin-qustar

Ортасы

20 мин

С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасынан үзінді тыңдатылады. Үзіндінің мазмұны туралы ой өрбітеді.

Кешікпеді, шоқ қамыстан,

Жасыл ұшқын жарқ етті.

Ақ түтінмен оқ қамыстан,

Бұрқ атылды, шаңқ етті!

Кім бүйтті екен, көлді жарып?

Суық жүрек, шіркін-ау!

Айна көлді оқпен қарып,

Соққандай ғып көктен жай!

Тапсырма

Мұғалім оқушыларға екі шығармадағы ортақ тақырыпты талқылауды тапсырады.

(Оқушыларға алдын ала С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасымен танысып келуді тапсыру керек)

Талқылау сұрағы

Екі шығармадағы «қасиет пен қасірет» арасындағы тартыс бейнеленген үзінділерді белгілеңдер. Аққу құстың киелілігіне қатысты қандай ой түйдіңдер? Аққуды неліктен атуға болмайды?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

Екі шығармадағы ортақ тақырыпты талқылайды

Екі шығармадағы құндылықтарды анықтайды

Пікірлерін шығармадан мысал келтіріп дәлелдейді.

Оқушылар постер жасау арқылы жұмыстарын қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау

Дескриптор арқылы бағалау. Тапсырмаға берілген дескрипторларды оқушылар басшылыққа алып, бірін-бірі бағалайды.

Тапсырма

Оқушылар берілген мәліметтерді шығармамен байланыстыра отырып сөйлейді.

Аққу – дәстүрлі қазақ қоғамында киелі саналатын құс. Аққудың байырғы түркі халықтарында тотемдік мәні болған. Аққуды киелі құс ретінде қазақтар ежелден қастерлеп, «құс төресіне» оқ атпаған. Оны атқан адамды оның киесі ұрады деп есептеген.

«Аққу» күйі

«Аққу» биі

«Аққу» жұлдызы

«Аққуды атуға болмайды»,

«Аққу –құс падишасы»,

«Ақ десең – қаз да ақ, бірақ аққу емес»,

«Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас»,

«Сүйріктей аққу мойын».

 

 

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады, баға  жаңашылдығына береді.

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды салыстырады

Берілген пікірлерді келтіріп ойың дәлелдейді.

Екі шығармаға әдеби сын айтады.

 Қалыптастырушы бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушылар бағдаршам түсіне сәйкес өз-өзін бағалайды.

           Мұғалім оқушылардың бағалауына қарай білімдерін жетілдіру немесе тексеру керек деген оқушыларды бақылауы керек.

Тапсырма

Оқушылардың алған білімдерін толықтыру және тексеру мақсатында «bilimland» бойынша тапсырма мен тест сұрақтары беріледі.

1-топ: bilimland 1-тапсырма, кейіпкерлерге мінездеме береді

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Мінезі

 

 

 

 

 

 

2-топ: bilimland 2-тапсырма, тарауларға тақырып қою.

3-топ: bilimland 3-тапсырма

4-топ: bilimland itest, 10 сұрақ тест тапсырмасын орындайды.

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/saken-sejfullin-aqqudyng-ajyryluy-poehmasy

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/2-m-maqataev-aqqular-ui-yqtahanda-ehpilog#

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/muqahali-maqataev-aqqular-ujyqtahanda

 

https://itest.kz/kz/ent/kazak-adebieti

Соңы

 

Рефлексия

«Қызық. Қиын. Құнды»

Жапырақ бөлімдеріне осы шығарманы оқу барысында біз үшін қызық, қиын, құнды болған тұстарын жазып, ой қорытайық.

Үй тапсырмасы:  Шығармаға поэтикалық талдау, шығарма авторына сұрақ дайындау.

Стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз көбірек қолдауды қалай көрсете аласыз? Барынша қабілетті оқушыларға сіз қандай тапсырмаларды беретін боласыз?

Бағалау  – сіз ілгері басуды/оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, денсаулық және техника қауіпсіздігі, АҚТ қолдау. Құндылықтармен байланыс.

РАФТ

 

Биология, ұлттық салт-дәстүр

Қате туралы хабарландыру