Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

Қуандықова Эльмира
Атырау облысы, Атырау қаласы Дарынды балаларға арналған интернаттық мекесі бар облыстық гимназия
5073
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

 

Сабақтың оқыту мақсаты

Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Әңгіменің идеялық мағынасын ашу, көркемдігін тану, сюжеттік-композициялық талдау жасау.

Күтілетін нәтиже

 

Барлық оқушылар:

Әңгіменің идеялық мазмұнын түсінеді. Ой түйінін табады. Анаға деген сый-құрмет перзенттік парыз екенін ұғынып, өмірлік ұстаным болу керектігін сезінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Негізгі оқиғаларды талқылау арқылы негізгі мәселе мен түйінді ойды анықтайды.  Шығарманы теориялық талдайды. Бүгінгі өмірмен байланыстыра ой толғайды.

Кейбір оқушылар:

Жазушы әңгімесіндегі кейіпкерлердің психологиялық ахуалының кілтін табады. Тарихи кезең оқиғасымен әңгіме желісін байланыстыра әңгімелейді. Болашаққа жоспар құрады. Тақырыпты игеруін шығармашылықпен біріктіріп, қабылдаған шешімін дәлел арқылы айғақтайды

Сабақ әдісі

топтастыру, салыстыру, талдау, ой қорыту, тест орындау, ой толғау, т.б.

Сабақтың түрі

Жаңа форматты сабақ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Керекті құрал-жабдықтар

АКТ, А3 қағаздар, маркер, оқулық, қима қағаздар, суреттер, т.б.

 

Сабақ барысы

 

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын «Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлу. Құрастырылған сурет бойынша топтастыру. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал туғызу.

І топ «Қуаныш»

ІІ топ «Шаттық»

ІІІ топ «Бақыт»

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

https://testmoz.com/1095411

Сайтына кіріп, С.Мұқановтың шығармашылығына байланысты («Балуан Шолақ», «Есіл бойында», «Саятшы Ораз» әңгімелері бойынша) тест тапсырмаларын орындату.

Мұғаліммен амандасады. Ортаға шығып, топқа бөлуге белсене қатысады. Сабаққа деген қызығушылығы артады.

Оқушылар дербес компьютерді қолдана отырып, берілген сайтқа кіріп, тест тапсырмаларын орындайды.

Тұсаукесер

Жаңа сабақты видеоролик көрсетуден бастау.

«Ана туралы». Сұрақтар қояды.

 

1. Бұл бейнебаянды тамашалағанда қандай сезімде болдыңыздар?

2. Ананың адамзат өміріндегі орны туралы не айтасыз?

 

Иә, Ананың адам өміріндегі алатын орны ерекше екенін бәріміз де білеміз. Бәріміз де Анадан жаратылдық. Ана бар жерде Қуаныш та, Шаттық та, Бақыт та болады. Бүгінгі сабақта жұмыс жасайтын оқушылар тобын да осындай атаулармен атап отырмыз. Өмірдегі Аналарымыздың бейнесі біздің әдебиетімізде де көркем көрінісін тапқан. Бүгінгі жаңа тақырып жазушы Ғ.Мүсіреповтің осы Ана тақырыбында жазылған әңгімесі болмақ. Назарларымызды интербелсенді тақтаға аударайық.

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/habit-musirepov-ananyng-anasy-anggimesihttps://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar сайтындағы Ғ.Мүсірепов шығармашылығы және «Ананың анасы» әңгімесі туралы мәліметтерді тыңдату.

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 1

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 2

Интербелсенді тақтадан презентация бойынша Ғ.Мүсірепов туралы қосымша мәліметтермен ой толықтыру.

Оқушылар You Tube https://www.youtube.com/watch?v=rclcVTj-kaE

сайтынан алынған бейнефильмді көріп, тыңдайды, ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Ғ.Мүсірепов шығармашылығы туралы қысқаша деректі, әңгіменің идеялық мәні мен жалпы мазмұны туралы мағлұмат алады.

 

Негізгі бөлім

Алдын ала оқушыларға әңгіме мазмұнын оқып келуге тапсырылғаннан кейін мәтін бойынша топтық жұмыс беріледі.

 

Оқылым тапсырмалары:

1. Әңгіменің сюжеттік-композициялық жоспарын құру.

2. Глоссарииймен жұмыс.

3. Композиция бойынша әңгіме мазмұнын өз сөздерімен баяндау.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/habit-musirepov-ananyng-anasy-anggimesi

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 3

Айтылым тапсырмалары:

 

І топ. Әңгімеде кездесетін қазақтың бұрынғы салт дәстүрлерін атап өту, мәнін ашып түсіндіру. Әңгіменің идеялық мәнін ашудағы ролін анықтау.

 

ІІ топ. Әңгімедегі кейіпкерлерге сипаттама беру.

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 4


ІІІ топ. Жазушының тіл көркемдігі. Әңгімеде кездесетін көркемдегіш құралдарды мысалдар арқылы дәлелдеу.

 

«Ананың анасы» әңгімесі

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 4

Тыңдалым тапсырмалары:

Аудиохрестоматиядан үзінді тыңдату.

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/7-synyp/proza/lesson/9-habit-musirepov-ananyng-anasy-anggimesi

«Әйел-Ана монологын» тыңдата отырып, проблемалық сұрақтармен ой өрбіту.

 

І топ. «Менің атым әйел» дейді Ана. Әңгімеде Ананың нақты есімі неге берілмеген деп ойлайсыздар? Себебін түсіндіріңдер. Неге әңгіме «Ананың анасы» аталған? Өздерің қалай атар едіңдер?

 

ІІ топ. Әңгімеден Ана бейнесін ашатын кестелі көркемсөздерді, т.б. мысалдарды сұрыптап алыңдар да, жазушы шеберлігін саралауға талаптаныңдар.

 

ІІІ топ. Жалпақ балуан кім?

 

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 5

Қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш, нендей құдірет?

 

Жазылым тапсырмалары.

1. Жеке оқушыларға тапсырмалар мен жұптық тапсырмалар беру.

 

2. Ана туралы эссе жазу, өлең шығару.

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 6

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 7

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 8

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 9

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 10

Сергіту сәті. «Айналайын мамам». Караоке

https://www.youtube.com/watch?v=VNp13c-RWUk

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 11

Ана – дүниедегі ең қадірлі жан. Сөз зергері Ғ.Мүсірепов жанына жақын, өзінің сүйікті тақырыбын қозғай отырып, Ананың ұрпағын қорғап, мәпелеп өсіруге бар өмірін арнайтындығын айтқысы келеді. Қоғамдағы әйел, ананың орнын көрсетіп, ана қабағына кірбің түсірмеуге үндейді. Өйткені ананың қабағындағы кірбің ұлттың қабағындағы кірбің деп түсінеміз. Аналарымызды құрметтейік, оқушылар!

Әңгіме мәтінімен оқып отырып жұмыс жасайды.

Жоспар құрады. Берілген ресурстарды әңгіме сюжетімен сәйкестендіреді.

 

І. Экспозиция. Ескі күндердің әңгімесін шертіп отырған Әйтілес.

 

ІІ. Оқиғаның басталуы.

Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.

 

ІІІ. Оқиғаның дамуы.

Жылқыны алдына салып, қызды олжалап кетуі.

 

ІҮ. Оқиғаның шиеленісуі.

Қызын арашалай алмаған жылқышының мер болуы, қыз анасының барымташылар алдын орап алуы.

 

Ү. Оқиғаның шарықтау шегі.

Әйел-ана сөзінен именген Жалпақ балуан мен барымташылар. Әумесер Кейкінің жағымсыз «үкімі».

 

ҮІ. Оқиғаның аяқталуы.

Сөзден жеңілген Жалпақ балуан. Бостандық алған Ана мен қыз.

 

Топтар бір-бірін бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

 

Картинки по запросу екі жұлдыз бір тілек

 

Ресурстарды пайдаланады:

А3 қағаздар, суреттер, қима қағаздар, маркерлер, оқулық, дәптер, компьютер.

 

Постер қорғайды. ойларын айтып, пікірлерін өмірмен байланыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/ сайтына кіріп, тапсырмаларын орындайды.

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/habit-musirepov-ananyng-anasy-anggimesi

Эссе жазып, өлең шығарып оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Караокемен ән айтып, би қимылын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ана туралы даналық ойлар мен мақал-мәтелер айтып, ой қорытады.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

 

Бағалау.

 

Жұптық жұмысты критерий арқылы өзара бағалау.

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 11

Критерий арқылы бағалау.

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 12

 

Үйге тапсырма. Ойтолғау жазу.

«Дүниенің бар байлығы, бақыты,

Ана атты ұлылықтан нәр алған»

 

«Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім».

 

“Тілек ағашы”

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі - 13

Сабақ басында берілген бағалау парағы бойынша бірін-бірі бағалап шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар стикерлерге өз әсерлері мен пікірлерін жазып «Тілек ағашына» жапсырады, оқиды.

«Аналарымызбен бірге күндеріміз Қуаныш пен Шаттыққа, өміріміз Бақытқа толы болады!»

 

Қате туралы хабарландыру