Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаясы/С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Адамгершілік – асыл қасиет/Балалар мен үлкендер |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаясы/С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесі |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
5-сынып 5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. 5.Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын немесе көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту. |
7-сынып 7.Т/Ж1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. 5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образ ашу. |
|||
Сабақтың мақсаты: |
Барлығы: Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. Көбі: Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді. Кейбірі: Шығармадан өзіне ұнаған эпизодты анықтап, мәнерлеп жатқа айтады. |
Барлығы: Шығарманың сюжеттік желісіне талдау жасайды. Көбі: Кейіпкер бейнесін талдайды. Кейбірі: Кейіпкерлердің типтік ерекшеліктерін анықтайды. |
|||
Жетістік критерийлері: |
Білім алушы:
|
Білім алушы:
|
|||
Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану |
|||||
Құндылықтарды дарыту: |
– Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. – Ұлттық және адами құндылықтарды насихаттау. |
||||
Сабақтың көрнекілігі: |
Электронды презентация
|
||||
Пәнаралық байланыс: |
Қазақ тілі |
||||
Осыған дейін меңгерілген білім: |
А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» өлеңі |
Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі |
|||
Сабақтың барысы |
|||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||
5-сынып |
7-сынып |
||||
Психологиялық ахуал 2 мин. |
Ұйымдастыру кезеңдері «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар өздерін таныстыру үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, отбасының еркесі, адал дос т.б. |
А4 форматында қағаз |
|||
Үй тапсырмасын тексеру 3 мин. |
Bilimlend сайтына (Қазақ әдебиеті, 5-сынып) кіріп, «А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» тақырыбына байланысты тест тапсырмаларын орындату. |
«Интервью» әдісі. Оқушылар өткен тақырыптар аясында сұрақтар құрастырып, тақтаға іледі, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Жаңа тақырыпты ашу. |
https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/axmet-bajtursynuly-eginning-bastary
|
||
Сабақтың басы 2 мин. |
1-қосымша Жаңа тақырыпты ашу. Imektep сайтынан Бердібек Соқпақбаев жайлы видео көріп, «Уақыт тізбегі» диаграмасын толтырады. |
2-қосымша «Тәмпіш» сөзіне ассоциация жасау.
|
https://imektep.kz/kz/berdibek-sokpakbaev
|
||
Сабақтың ортасы 10 мин.
9 мин.
|
1-тапсырма (Топтық жұмыс) Әртүрлі түстегі стикерлер арқылы сыныпты екі топқа бөлу. Оқулықпен жұмыс. Берілген кестеге шығарманың тақырыбына дәлел болатын кейіпкерлердің әрекеттерін орналастыру. Сол бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын бір сөйлеммен беру. 3-қосымша
Білім алушы – шығармадағы 4 кейіпкердің бір-бір әрекетін таңдайды; – әрекеттер негізінде шығарманың тақырыбын сөз тіркесімен береді; – идеясын бір сөйлеммен түсіндіреді.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалау. 5-қосымша 2-тапсырма. (Жұптық жұмыс) Берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтап, образын сипаттау. Жұптар бір-бірінін жауаптарын «Смайликтер» арқылы бағалайды. |
1-тапсырма (Топтық жұмыс) Әртүрлі түстегі стикерлер арқылы сыныпты екі топқа бөлу. Bilimlend сайтынан «Тәмпіш қара» повесінің аудионұсқасын тыңдай отырып, «Хикая картасын» толтыру.
4-қосымша
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалау.
2-тапсырма. (Сыныппен жұмыс) «Тәмпіш қара» повесіне сатылай кешенді талдау. Эпикалық жанр түрі – повесть. Шығарманың негізгі ойы – жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Шығарманың композициялық құрылысы: Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы. Байланысуы. Шаншатайдың Ертайдың суретші екенін білуі, екеуінің айырылмастай дос болуы. Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын-сауықтың ұйымдастырылуы, Шаншатайдың ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын ояту. Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы. Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы. Тәрбиелік мәні: Шаншатайдың бойынан тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. |
|||
Сергіту сәті 2 мин. |
«Қызыл гүлім-ай» бейнежазбасы
|
|
|||
6 мин. |
3-тапсырма. (Сыныппен жұмыс) Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаясынан шағын көлемді үзіндіні мәнерлеп оқу, жатқа айту |
3-тапсырма. (Жұптық жұмыс) 1. Шаншатайдың бойындағы асыл қасиеттер – әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік, сыпайылық кімдерге ерекше әсер етті? 2. Шаншатай бүгінгі жасөспірімдерге үлгі бола ала ма? 3. Кейіпкер бейнесін адамгершілік тұрғысынан талдау. Білім алушы – Шаншатайдың бойындағы қасиеттердің ерекшелігін анықтайды; – Шаншатайдың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдайды. Жұптар бір-бірінің жауаптарын «Смайликтер» арқылы бағалайды. |
|
||
Сабақтың соңы Сабақты бекіту 3 мин. |
«Ыстық орындық» әдісі Бір оқушы алдыңғы жақта отырады, оны орындықтар айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтады және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. |
Bilimlend сайтынан (Қазақ әдебиеті, 6-сынып) С. Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесі сабағында берілген тест сұрақтарына жауап береді.
|
|||
Бағалау 1 мин.
|
6-қосымша. Бағалау парақшасы. Дұрыс жауапқа 1 балл. |
7-қосымша. Бағалау парақшасы. Дұрыс жауапқа 1 балл. |
Бағалау парақшасы |
||
Кері байланыс 1 мин |
8-қосымша. «Рефлексия пирамидасы» |
|
|||
Үй тапсырмасы 1 мин |
«Менің атым Қожа» хикаясынан ұнаған үзіндіні жаттау. |
«Тәмпіш қара» сөзіне бес жолды өлең құрастырып келу |
|