Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ
Сабақтың мақсаты | Білімділік: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңінің қыр-сырын меңгертіп, тереңіне бойлату, өлеңнің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу. Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңінен хабардар болады және оны өз сөзімен баяндай алады. Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өлеңді талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Абай поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін ояту. Еңбекқорлыққа, талаптылыққа, білімге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың түрі | Дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | «Екі жақты күнделік стратегиясы», «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, сатылай кешенді талдау, Венн диаграммасы, фишбоун әдісі, «Автор орындығы» стратегиясы, «Идеалдан қашықтық» жаттығуы, «Жол салу» жаттығу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқыту, жатқа айттыру, шығарманы талдату. Оқыту түрі: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет. |
Көрнекілігі | Интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, https://bilimland.kz/ сайтының ресурстары. |
Сілтемелер | «Болыс болдым, мінекей» өлеңі. https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/41-abaj-qunanbajuly-bolys-boldym-mineki Абай Құнанбайұлы. «Адамның кейбір кездері» өлеңі. https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/17-abai-qunanbai-uly-adamnyng-kei-bir-kezderi-olengi Абай Құнанбайұлы. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ». https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/35-abaj-qunanbajuly-adasqannyng-aldy-zhon-arty-soqpaq Абайдың жиырма бесінші қарасөзі. https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/25-abajdyng-zhiyrma-besinshi-qarasozi Абайдың үшінші қарасөзі. https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/3-abajdyng-ushinshi-qarasozi Абайдың отыз сегізінші қарасөзі. https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/38-abajdyng-otyz-segizinshi-qarasozi Абайдың он тоғызыншы қарасөзі. https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/19-abajdyng-on-tohyzynshy-qarasozi |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих. |
Сабақтың барысы
|
Қызығушылықты ояту. Мұғалімнің сөзі (Абай әндерінің баяу сазымен): |
Үй тапсырмасын сұрау |
https://bilimland.kz/ сайтынан Абай Құнанбайұлының «Адамның кейбір кездері» өлеңін https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/17-abai-qunanbai-uly-adamnyng-kei-bir-kezderi-olengi
|
Жаңа сабақ |
Бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының сыншыл сатиралық шығармаларына арналады.
|
ІІ. Түсіну
|
|
ІІІ. Қолдану
|
|
ІV. Талдау
|
|
V. Жинақтау
|
|
ҮІ. Баға. Сын.
|
|
Сабақты қорыту |
«Автор орындығы» стратегиясы.
Ортада Абай. Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте (музыка естіліп тұрады). Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. |
Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма |
Өлеңді жаттау. Ұлы ақын туралы мәнжазба жазу, тұсаукесер дайындау. |
Ақын ойы | Менің ойым |
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ, Оларға жол – арамның сөзін ұқпақ. Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ. Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ, Мүшесінен буынып, басады алшақ. Қас алдына жымырып келемін деп, Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ. Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ, Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ. Керегеге сабауды шаншып қойып, Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ. |
|
Ақын ойы | Менің ойым |
Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онан беріп, алар сатып, Онан алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып? Барып келсе Ертістің суын татып, Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып, Елді алып, Еділді алып есіреді, Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып. Әрі-бері айналса аты арықтап, Шығынға белшесінен әбден батып. Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа Құдай құмар қылыпты қалжыратып. Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң, Шаптырады қалаға бай да аңдытып. Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, Қолға түсер сілесі әбден қатып. Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып. |
|
Ақын ойы | Менің ойым |
Сабырсыз, арсыз,еріншек, Көрсе қызар, жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан алауыз. Өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған міндейді Ол – арсыздық белгісі. Ұятсынбай, ойланбай, Қой дегенге тіл алмай, Iс қылмай ма үлгісі? |
Өлең жолдарының мағынасын ашып түсіндіру. |