Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

Төлеуова Анар Каражигитовна
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия
4193
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

 
Сілтемелер

Bilimland
bilimland.kz/kk/content/lesson/7620-3_abai_qunanbai_uly_shoqpardai_kekili_bar_qamys_qulaq https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/daryndylyq-degenimiz-ne
Сөзмаржан, презентация.

Жалпы мақсаты Ақынның өз халқының, жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен саласы, өлеңдегі ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сыны мен бағасын түсіну.
Оқыту нәтижесі Ақын шығармаларының өмірлік құндылықтарын тану, жүйрік баптау, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын білу. Өлеңде бейнеленген аттың мүсіндік портреті.
Негізгі идеялар Абай суреттеуіндегі аттың сыны – сөз өнері. Ақынның жылқы малына ұлттық психология тұрғысынан көзқарасы.
Дереккөздер https://bilimland.kz/kk сайтының ресурстары;
- 6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы;
- Оқыту әдістемесі;
- Ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал «Қазақ тілі: әдістеме».
Тапсырмалар 1. Оқулықпен жұмыс.
2. Жұппен жұмыс.
3. Топтық жұмыс.
4. Постер қорғау.
Кейінгі тапсырмалар 1. Өлеңді нақышына келтіре оқу.
2. Эпитет, теңеуді табу.
3. Мазмұнын қара сөзбен жазу.

 

Сабақтың барысы

 

 Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

- Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Топқа бөлу: «Дене мүшелері» ойыны бойынша 4 топқа бөліну.

- Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ұнаған шумақтарын жатқа айту.

2. Сенің ойыңша жақсы қасиеттер?

(Формативті бағалап отыру)

 

Бағалау критерийлері:

«5» –  1-4 толық қамтылса;

«4» – 1-3 толық қамтылса;

«3» – 1-2 толық қамтылса;

- Сабақтың мақсаты мен нәтижесін көрсету.

- Топтық бағалауға парақша тарату.

- Оқушылар назарын интерактивті тақтаға аудару. «BilimLand.kz» cайтының ресурсын қосу. Аудиохрестоматияны тыңдату. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ».

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/6-synyp/poehziya/lesson/3-abai-qunanbai-uly-shoqpardai-kekili-bar-qamys-qulaq

Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» - 1Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» - 2

Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі 1886 жылы жазылған. Халық ауыз әдебиетінен сусындап өскен ақын осы өлеңі арқылы «белдеуде байлаулы тұрған мінсіз ат қандай болу керек?» деген сұраққа жауап береді. Өлеңді оқып отырған оқырманның көз алдына елестету үшін ақын аттың кекілінен бастап тұяғына дейінгі әрбір дене мүшесіне жеке-жеке тоқталған. Өлеңде ақын аттың әсем жүрісін, жүйрік шабысын, жайлы аяңын да шебер бейнелейді. Абай аттың түр-тұлғасын сомдауда теңеу (шоқпардай кекілі, тояттаған бүркіттей), эпитеттерді (қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, теке мұрын, салпы ерін, жұмыр тұяқ, т.б.) шебер қолданады. Халқымыздың сөз өнерінің асыл қазынасынан молынан пайдаланып ақын «Хас тұлпарда мін болмас» деген даналық ойды өлеңмен жеткізеді.

 

Ой қозғау сұрақтары.

1. Интерактивті мултимедиялық мәліметтер арқылы Абай  туралы қандай қосымша ақпарат алдыңдар?

2. Абайдың қандай өлеңін жатқа білесің?

3. Сұлу сәйгүлік туралы қандай шығармалармен таныстыңдар?

 

Оқулықпен жұмыс.

Абай туралы берілген мәтінді оқып, түсіндіріп шығу

(Формативті бағалау)

 

Жұппен жұмыс:

1. Сызба бойынша бір-біріне «Абай туралы не білдім?» тақырыбында сұхбаттасу.

2. Мәтінмен жұмыс:

а) Өлеңді оқу

ә) Қиын сөздермен жұмыс:

Сағақ – жылқы тамағының астыңғы жағы.

Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі.

Ашамайлы – ашамай салынған деген сөз.

Ашамай – атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы ер.

Шідерлік – аттың сирағының шідер салатын жері.

Шідер – аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғына қосып салатын тұсау.

б) Ақын суреттеуінен алған әсерлерің? (түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы, шабыс-желісі)

- Топтарға ресурс беріледі:

 

Тапсырма.

Өлеңде айтылған дене мүшелерін рет-ретімен санамалап көрсету.

- Мұғалімнің түсіндірмесі.

- Өлеңде кездесетін сөздердің мағынасын ашу.

- Оқушыларға С. Жүнісовтің «Ақан сері» романынан үзінді оқып беру.

- Абайдың аттың сынына шығарған өлеңі мен ұсынылған әңгімені салыстырып, өз ойларын білдіру.

- Талантты, дарынды балаларды қатыстыру.

(«BilimLand.kz» сайтының танымдық «Дарындылық деген не?» бейнеролигін көрсету)

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/daryndylyq-degenimiz-ne

 

Ой қозғау.

Аттың бойындағы қабілет пен адам бойындағы талант пен дарын туралы.

 

Бекіту сұрақтары.

1. Ақын ат суретін қандай ретпен суреттейді?

2. Аттың дене құрылысын бұндай ретпен суреттеудегі ақынның мақсаты не?

3. Сұлу, жүйрік аттың дене мүшелерінің белгілері, қасиеттері қандай ?

4. Абай суреттеуіндегі тұлпардың мінезі қандай?

5. Атқа қандай қарым-қатынасын білдіреді.

 

Бағалау.

Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау.

 

Үйге тапсырма:

1. Бәйге атының сынын қара сөзбен жазу

2. Эпитет, теңеуді табу

 

Рефлексия кезеңі.

Оқушылар білім ағашына стикер жабыстырады.

 

Сабақты тренингпен аяқтау.

«Үш құрылысшы туралы».

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 2 минут

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

5 минут

 

 

5 минут

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

2 минут

Қате туралы хабарландыру