Ә. Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Сабақтың мақсаты
|
Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы түсіндіру; «Сырдария» өлеңінің мазмұнын ашу, идеясын ұғындыру. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту; көркем шығарманы талдауға дағдыландыру. Тәрбиелік: туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі |
Аралас. |
Сабақтың әдісі |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, талдау. |
Көрнекілігі |
Электронды презентация, электронды оқулық https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi, https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/7-synyp/poehziya/lesson/21-abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi. |
Пәнаралық байланыс |
География. |
Сабақтың барысы
|
|
1. Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Сабаққа назарын аудару. |
2. Үй тапсырмасын сұрау |
Қ. Аманжолов «Дүниеге жар» өлеңін жатқа айту. |
Жаңа сабақ
Өлеңмен танысу
Сөздікпен жұмыс
«Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау
Бес жолды өлең құрау |
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, халық жазушысы – Ә.Тәжібаев жайлы болмақ. Туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Әбділда атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Сырдария» өлеңіне тоқталамыз. Қызылорда қаласында көрнекті жазушы Ә.Тәжібаевқа ескерткіш қойылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Әбділда Тәжібаевтің есімі берілді. Ақын Әбділда Тәжібаев 1998 жылы 89 жасқа қараған шағында өмірден озды. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi
Өлеңді электрондық оқулықтан тыңдату. Оқушыларға да мәнерлетіп оқыту. (2-3 оқушы) Ақын өлеңінде туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қай шумақтан байқауға болады? 2. «Ел анасы –менің анам» деген тіркесті қалай түсінесіңдер? 3. Ақын өлеңде кімдерге еліктеп отыр? 4. Қандай жалқы есімдер кездесті?
https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi (Білімланд. Глассарий жаздыру). Гейне – Неміс халқының атақты ақыны, сыншысы. Рейне – неміс өзені. Днепр – Басын солтүстік батыстан алып, Қара теңізге құятын көп салалы өзен. Талас – Украин халқының әйгілі ақыны, суретшісі.
1. Авторы. Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келген. 2. Тақырыбы. Туған жер. 3. Жанр түрі. Лирика, туған жер лирикасы. 4. Идеясы. Туған жерді бағалау, ыстық екенін ұғына білу. 5. Шумақ саны. 6 шумақ. 6. Тармақ саны. 24 тармақ. 7. Бунақ саны. 2 бунақ. 8. Буын саны. 7-8 буынды. 9. Ұйқас түрі: АБВБ кезекті ұйқас. 10. Әдеби теориялық ұғымдар. Паралелизм.
1. Туған жер 2. Ана 3. Өзен 1. Зат есім 2.Сын есім 3. Етістік 4. Сөйлем 5. Синоним сөз |
Қорытынды |
Тест сұрақтарын белгілеу. 10 тест. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abdilda-tazhibaev-syrdariya-olengi. |
Үйге тапсырма Бағалау |
«Сырдария» өлеңін жаттау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын. |