Теңдеулер көмегімен есептерді шығаруға үйрету

Есенғабылов Ильяс Жансеркенович
Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
969
Математика
Тақырыбы:
Теңдеулер көмегімен есептерді шығаруға үйрету

ЭЕМ-ГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫҢ РЕФЕРАТЫ


«Теңдеулер көмегімен есептерді шығаруға үйрету» - оқу-жаттықтыру бағдарламалық құралы.


1. ЭЕМ үшін бағдарламаның атауы: – «Теңдеулер көмегімен есептерді шығаруға үйрету» - оқу-жаттықтыру бағдарламалық құралы.
2. Өтініш берушілер: ЕСЕНҒАБЫЛОВ Ильяс Жансеркенович
3. Жасалған күні:  01.01.2009 ж.
4.Қолдану аясы:
Оқу-жаттықтыру бағдарламалық құралы мектепте оқитын 5-6 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама барлық дербес компьютерлерде жұмыс істей алады. Бағдарламаны құру барысында Delphі бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланылды. Өйткені қазіргі таңда объектіге бағытталған бағдарламалау тілдері өте қарқынды дамып отыр. Бағдарлама бірнеше формадан тұрады. «Теңдеулер көмегімен есептерді шығаруға үйрету» тақырыбына арналған сабақтарды едәуір түрлендіруге жол ашады, оқушылардың танымдық белсенділігіне қосымша ынталандырушылық ықпал етеді, соның нәтижесінде пән бойынша білім, білік, дағды деңгейі арта түседі.
5. Функционалдық мүмкіндіктері:
Объектіге-бағытталған Borland Delphі бағдарламалау тілінде құрылған түзетуші бағдарламаның сипаттамасына тоқталайық. Бағдарлама барлық дербес компьютерлерде жұмыс істей алады. Бағдарламаны құру барысында Delphі бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланылды. Өйткені қазіргі таңда объектіге бағытталған бағдарламалау тілдері өте қарқынды дамып отыр. Бағдарлама бірнеше формадан тұрады. Оның алғашқысы – тақырып терезесі болып табылады.
Әрбір оқушының жұмысы туралы мәлімет есепті шығару барысында тіркеліп отырады да, мұғалімге оқушы қай кезеңдерде қателіктер жібергендігін, оған қандай көмек көрсетілгендігін, есепті шығару барысында көрсетілген көмектің көмегі тиді ме, осындай қиындықтағы есептерді шығарып үйрену үшін оған қанша мысал ұсынылғандығын көрсететін ақпарат беріледі.
Есептерді шығарудың алгебралық әдісі бойынша білімді түзететін оқушының іс-әрекетін дербес компьютермен басқаратын төмендегідей алгоритм құрдық:
1) Компьютер ізделінді шаманы х арқылы белгілей отырып, ыңғайлы түрде шешуге болатындай «санына» алгебралық есебін генерациялайды.
2) Компьютер оқушыға х арқылы белгіленетін шаманы таңдауды ұсынады.
3) Шаманы дұрыс таңдамаған жағдайда оқушының назары есептің берілгеніне аударылуы керек екендігі терезенің төменгі жағында хабарланады.
4) Компьютер оқушыға х арқылы қалған белгісіз шамаларды өрнектеуді ұсынады.
5) Қате болған жағдайда компьютер оны жөндеу үшін, әрбір уақытта қажетті көмектің үлесін арттыра отырып көмек көрсетеді. Егер оқушы оны орындай алмаса, компьютер ол іс-әрекетті өзі орындайды.
6) Компьютер оқушыға теңдеу құруды ұсынады. 
7) Қате болған жағдайда компьютер оны жөндеу үшін, әрбір уақытта қажетті көмектің үлесін арттыра отырып көмек көрсетеді. Егер оқушы оны орындай алмаса, компьютер ол іс-әрекетті өзі орындайды.
8) Компьютер оқушыға құрылған теңдеуді шешуді ұсынады.
9) Қате болған жағдайда компьютер оны жөндеу үшін, әрбір уақытта қажетті көмектің үлесін арттыра отырып көмек көрсетеді. Егер оқушы оны орындай алмаса, компьютер ол іс-әрекетті өзі орындайды.
10) Компьютер оқушыға есептің жауабын жазуды  ұсынады.
11) Қажет болған жағдайда компьютер осы іс-әрекеттің орындалуына көмек көрсетеді немесе оны өзі орындайды.
12) Компьютер оқушыны оның жұмысының нәтижесімен таныстырады.
13) Жұмыстың нәтижелері қажетті файлға жіберіліп отырылады да, қажет болған жағдайда «Ашу» батырмасын таңдау арқылы мұғалім немесе оқушы жұмыс нәтижесін көре алады.
14) Файлда оқушының жіберген қателер саны және жауапты қанша талпыныстан кейін тапқандығы туралы ақпарат беріледі.
15) Оқушы нәтижемен танысқаннан кейін жұмысты аяқтағысы келсе, шығу батырмасын, ал тағы да есепті шығарып көргісі келсе, «Басынан бастау» батырмасын шертеді.
16) Егер оқушы бағдарламаны басынан бастаса, онда бағдарлама генераторы оқушыға алдыңғы есепке ұқсас жаңа есеп құрастырады.
Енді объектіге-бағытталған Borland Delphі бағдарламалау тілінде құрылған түзетуші бағдарламаның сипаттамасына тоқталайық. Бағдарлама барлық дербес компьютерлерде жұмыс істей алады. Бағдарламаны құру барысында Delphі бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланылды. Өйткені қазіргі таңда объектіге бағытталған бағдарламалау тілдері өте қарқынды дамып отыр. Бағдарлама бірнеше формадан тұрады. Оның алғашқысы – тақырып терезесі болып табылады (1 сурет).

1 сурет – Бағдарламаның алғашқысы тақырып терезесі


Содан кейін оқушының аты-жөнін енгізуді сұрайтын келесі форма ашылады (2 сурет). 


2 сурет – Оқушының аты-жөнін енгізу формасы


Әрбір оқушының жұмысы туралы мәлімет есепті шығару барысында тіркеліп отырады да, мұғалімге оқушы қай кезеңдерде қателіктер жібергендігін, оған қандай көмек көрсетілгендігін, есепті шығару барысында көрсетілген көмектің көмегі тиді ме, осындай қиындықтағы есептерді шығарып үйрену үшін оған қанша мысал ұсынылғандығын көрсететін ақпарат беріледі.
Енді оқушының іс-әрекетін қарастырайық. Оған аты-жөнін жазуға арналған терезе ұсынылады. Айталық, оқушының фамилиясы – Рахманов аты – Абзал болсын. Қазақ әріптерін теру тәртібін қосу үшін оқушыға Alt+Shіft немесе Ctrl+Shіft батырмаларын қатар басу қажет. Үлкен әріптерді жазу үшін ол Shіft батырмасын басып тұрып, пернетақтадан сәйкес әріпті теруі қажет. Кіші әріптерді теру үшін Shіft батырмасын жіберу қажет. Фамилиясын жазғаннан кейін, оқушы бос орын батырмасын бір рет басып, ары қарай атын енгізуі қажет. Қандай да бір әріпті қате терген жағдайда оқушы басқару батырмаларының         батырмасын баса отырып, дұрыс терілмеген әріпке келіп, оны түзетуіне болады. Оқушы аты-жөні дұрыс енгізілгендігіне көзі жеткеннен кейін, ОК батырмасын басады. Егер оқушы аты – жөнін енгізбесе, онда ол келесі формаға өте алмайды. Ары қарай оқушы назарына есептің шарты ұсынылады. Ол кезде экрандағы жазулардың барлығы өшеді де, шығаруға арналған есептің мазмұны пайда болады. 3 – суретте осы кезеңдегі дисплей экранының мазмұны көрсетілген. 
Әрбір форманың төменгі жағында оқушының іс-әрекетіне байланысты нұсқаулар беріліп отырады.

3 сурет – x арқылы белгілейтін шаманы  таңдау


Сонымен, біріншіден, оқушыға х арқылы белгілейтін шаманы таңдау ұсынылады (3 сурет). Шаманы таңдау үшін оқушы берілген нұсқалардың ішінен дұрыс деп шешкенін «тышқан» көрсеткішін апарып, бір рет шертіп, ОК батырмасын басады. Осы кезде таңдалынған нұсқаның түсі өзгереді. Ал, егер оқушы х арқылы ізделінді шаманы дұрыс белгілесе, онда экранда оқушының іс-әрекетіне байланысты есептің шарты да сәйкесінше өзгереді. Ол келесі суретте (4 сурет) көрсетілген.

4 сурет – Есеп шартының өзгеруі


Егер оқушы қажетті шаманы дұрыс белгілемесе, онда экранда келесі форма пайда болады да, берілген нұсқау оқушыға шаманы дұрыс таңдау керек екендігін көрсетеді (5 сурет).


5 сурет – Оқушы шаманы дұрыс белгілемеген жағдайдағы, компьютердің іс-әрекеті


Оқушы келесі талпыныстан кейін шаманы дұрыс көрсетсе, онда оған енгізу терезесіне қажетті өрнекті жазу ұсынылады. Өрнекті жазу үшін Alt+Shіft немесе Ctrl+Shіft батырмаларын басу арқылы шрифті ағылшын  тіліне ауыстырып алу қажет. Ол 6-суретте көрсетілген. 


6 сурет – Өрнекті енгізу терезесі


Оқушы енгізу терезесіне өрнекті енгізуде синтаксистік немесе математикалық қателер жіберсе, онда бағдарламалық құрал терезесі 2.54- суреттегідей болады. 

7 сурет – Өрнекті қате енгізген кездегі көрініс


Оқушы өрнекті бірнеше рет дұрыс енгізе алмаса, онда көмекке компьютердің өзі келеді. Осы кезде де оқушы өрнекті дұрыс құрастыра алмаса, онда өрнекті компьютердің өзі құрастырады. Оны келесі суреттен көруге болады (8 сурет).


8 сурет – Компьютердің көмекке келуі


Ал жауап дұрыс жазылса немесе оқушыға өрнекті жазуда компьютер көмектессе, онда оқушыға теңдеудің келесі жолын енгізу ұсынылады. Оқушы теңдеуді бірнеше рет дұрыс енгізе алмаса, онда көмекке компьютердің өзі келеді. Осы кезде де оқушы теңдеуді шеше алмаса, онда теңдеуді компьютердің өзі шешеді. Оқушының жауабы қажетті файлға тіркеледі. Файлда оқушының жіберген қателер саны және жауапты қанша талпыныстан кейін тапқандығы туралы ақпарат беріледі. Оны 9 – суреттен көруімізге болады. 


9 сурет – Нәтижені көру терезесі


Осы формадағы Ашу батырмасын таңдау арқылы мұғалім қажетті оқушының жауабын көруіне болады. 
Оқушы нәтижемен танысқаннан кейін жұмысты аяқтағысы келсе, Шығу батырмасын, ал тағы да есеп шығарғысы келсе, Басынан бастау батырмасын басады. Егер оқушы бағдарламаны басынан бастаса, онда бағдарлама генераторы оқушыға алдыңғы есепке ұқсас жаңа есеп құрастырады.. Ол 10 – суретте көрсетілген.
                         

10 сурет – Жаңа есептің генерациялануы


Қорыта келгенде, компьютермен оқыту оқушылардың іс-қимылын белгілі бір арнаға бағыттап қана қоймайды, сонымен бірге, оқушының өзі де компьютердің көмегімен басқарылып, бақыланады.
Компьютерлік бағдарламалық құралды оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты зерттеуімізді түйіндей келе, мынандай қорытынды жасай аламыз:
компьютерлік бағдарламалық құралдың мүмкіндіктері «Теңдеулер көмегімен есептерді шығару» тақырыбына арналған сабақтарды едәуір түрлендіруге жол ашады, оқушылардың танымдық белсенділігіне қосымша ынталандырушылық ықпал етеді, соның нәтижесінде пән бойынша білім, білік, дағды деңгейі арта түседі;
оқушылардың білім деңгейін нығайту – компьютерді пайдаланудың мақсатты әдістемесін әзірлеуге жағдай жасайды.
 
Есенғабылов И.Ж.____________________
  
Оқу құралының маңыздылығы: 
- оқушылардың іс-қимылын бақылау сапасын арттырады;
компьютер оқушылардың қатесін түзейді, педагогтың қатынасынсыз-ақ бағыт-бағдар береді;
мұғалімдерді бақылау жұмысынан босатып, оларға оқушылармен атқарылатын жеке дара жұмыстар ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды;
оқушылардың жіберген қатесі үшін сөкпейді, ол қателерді түзетуге мүмкіндік береді;
компьютердің көмегімен әрбір оқушы жеке жұмыс істеуге мүмкіндік алады, бұл нашар оқитын оқушыға көмектесіп, материалды меңгеруге жағдай жасайды.
6. Негізгі техникалық сипаттамалары:

  • операциялық жүйе Windows 7/8, XP 32-bit немесе 64-bit;  
  • процессор CPU Intel Core i3-2120 3.3 GHz, CPU Intel Core 2 Duo E6700 2.66 GHz, CPU AMD ATHLON II X2 260 3.2 GHz т.б.;
  • графикалық карта GeForce GT610 1Gb DDR-3 және жоғары, RADEON HD6450 1Gb DDR-3 және жоғары;
  • жедел жады 2 Gb DDR3 1066 МГц;
  • бос орын HDD –да 285 Mb. 

7. Бағдарламалау тілі:  
Бағдарламалау тілі Borland Delphі.
8. Іске асырушы ЭЕМ-нің түрі: 

  • Минималды конфигурация
  • жүйелік тақта 32-разрядты шинамен
  • процессор – Pentium 4
  • DDR 1 Гб
  • VideoCard 64 Mb
  • монитор SVGA
  • пернетақта, тышқан, CD-диск ойнатқыш
  • ОС Windows XP, IE v.6.0
  • HDD қажетті орын30 Mb.


Есенғабылов И.Ж.____________________
 

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮКТЕУ

Қате туралы хабарландыру