Шеңбер және оның элементтері
Мақсаты |
Білімділігі: шеңбер дегеніміз не екені жөнінде анықтама бере отырып, оның элементтерін беру, түсіндіру. Дамытушылығы: оқушыларға шеңбер және оның элементтегі жөнінде толық, жан-жақты ақпарат бере отырып, оқушылардың пән бойынша түсінігін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: оқушыларды белсенділікке, жан-жақтылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. |
|
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ. |
|
Сабақтың әдісі |
Блум таксономиясы, «Венн диаграммасы», «Ойлан тап», «Аялдама ойыны», «Суреттер сөйлейді», «Кім жылдам?». |
|
Көрнекіліктер |
АКТ, сызу құралдары, кеспелі қағаздар. |
|
Сілтемелер |
1. https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz. Шеңбер. https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/shengber/lesson/shengber-zhane-onyng-ehlementteri. Шеңбер және оның элементтері. 2. https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/shengber/lesson/shengber-zhane-onyng-ehlementteri. Дөңгелектер бойынша түсіндіру, ой сергіту тапсырмаларын бере отырып, 3-жаттығу. |
|
Стратегиялар |
Педагог қызметі |
Оқушы қызметі |
Ұйымдастыру
3-мин |
Амандасу. Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Үй тапсырмасы есептері сұралады. Топтарға бөлу. |
Амандасады. Үй жұмысы есептері айтылады. Кеспелі қағазды алу барысында топтарға бөлінеді. Әр топ өз жетекшісін сайлайды. Дәптерге күнді жазады. |
Білу, тану 1-минут |
Сабақтың мақсат міндеті таныстырылады. Ой қозғау сұрақтары қойылады. |
Сабақтың мақсат міндетімен таныса отырып, ой қозғау сұрақтарына жауап береді. |
Талдау
(Венн диаграммасы)
1. https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz Шеңбер және оның элементтері. |
Тақырыптың мазмұнын қысқаша баяндайды. Тақырыптың ең маңызды жерін, ең қызық жерін табады. Оны неге қызық деп тапқанын айтады. Тақырып туралы ақпарат жинайды байланыстырады, суреттейді. Өз бағасын береді. |
Оқушылардың мақсаты: мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. |
Қолдану
(Ойлан тап)
Постер арқылы тақырыптарын қорғату.
15-минут |
Әр топқа әртүрлі тапсырмалар берледі. (Оқулықпен жұмыс)
1-топ. №206, 213. 2-топ. №207, 201. 3-топ. №208, 211. 4-топ. №209, 210. |
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылайды. Топтағы оқушылар шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады. Бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды |
Түсіну (Суреттер сөйлейді) 5-минут |
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz math#lesson=11530 сабағында көрсетілген видео суреттер бойынша әр топқа тапсырма беріледі. Олар сурет арқылы не білетіндерін, не үйренгендерін ортаға салып бөліседі. |
Оқушы берген тапсырманы орындау. Әр топ суреттермен жұмыс істейді. Өткен тақырыптан не білгендерін айтады. |
Жинақтау (Аялдама ойыны) 10-минут |
Жаңа сабақты түсініп мағынасын ашу, ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сақина салу әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру. Олар сол сұрақ арқылы түсініктері салмақты түрде айта біледі. |
Оқушылардың мұндағы мақсаты: берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу. |
Қорытынды (кім жылдам) 3-жаттығу 5-мин |
Тапсырма әр оқушыға жеке дара беріледі. Өз беттерінше талдап, есепті шығарады.
|
Тапсырманы орындарында отырып, өздіктерінен шығарады (жеке-жеке).
|
Бағалау. Оқушылар қатысуына қарай бағаланады. |
||
Үйге тапсырма: №210-212. |