Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшектерді бөлу

Манарбек Риза
Қарағанды қаласы, «№79 негізгі орта мектебі» КММ
2729
Математика
Тақырыбы:
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшектерді бөлу

Ұзақ мерзімді жоспар

5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.30 – Ондық  бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау.

Сабақ мақсаттары

 

Оқушылардың барлығы:

– Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

– Шамаларды анықтауда ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке есеп шығаруда қолданады.

Кейбіреулері:

– Мәтіндік есептерде ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

  • Ондық бөлшектерді натурал санға, ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге бөлу амалын орындайды;
  • Шамаларды анықтауда ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындайды;
  • Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді мәтіндік есептерде пайдаланады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың пәндік, тілдік  мақсаттары:

Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындайды, түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

«бөлшектер», «ондық бөлшектер», «натурал сан», «бөлу».

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: 

«Есептеуді тиімді тәсілмен орындау», « Ондық  бөлшекті ондық бөлшекке бөлу дегеніміз – ...», «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлудің қасиетін қолдану арқылы...», «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындау үшін... керек».

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық және достық қарым-қатынасты бойларына сіңіреді.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәнімен жылдамдық, уақыт, жол өлшем бірліктерімен және жер ауданы түсініктерін пайдаланады.

Алдыңғы білім

5.1.2.29 – Ондық бөлшектерді 10,100,1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Кіріспе: «Смарт бейджик» арқылы (натурал, жай бөлшек, ондық бөлшек сандары бойынша) топтасамыз.

Топпен отшашу жасау. ЖАРАЙСЫҢ!!!

 Смарт бейджик арқылы 3 топқа топтасады.

бейджик

Сабақтың ортасы

30 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 мин.

Жаңа сабақты bilimland.kz сандық ресурсы арқылы түсіндіремін.

  манарбек  

(Жеке) 1-тапсырма: «Миға шабуыл» әдісі арқылы  bilimland.kz сандық ресурсынан 17-жаттығуды әр оқушы жеке компьютерлерде орындайды.

манарбек0

Оқушылар өзін-өзі тексеріп, «+», «–» таңбасын қояды.

Дескриптор:

– ондық бөлшекті бөлуде үтірді жылжыту әдісін біледі; – дұрыс нұсқаларды таңдайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Сыни тұрғыдан сұрақтар беру арқылы қолдау көрсету:

–  ондық бөлшекті натурал санға қалай бөлуге болады?

 – ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай бөлуге болады?

(Т)  2-тапсырма: «Сәйкестендіру»  (bilimland.kz сандық ресурсынан 19-жаттығу). Оқушылар компьютерде отырып тапсырманы жұптасып орындайды.

манарбек2

Дескриптор:

  • Натурал санды, жай бөлшекті жай бөлшекке бөледі;
  • Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады;
  • Жауаптарды тексереді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

(Т)  3-тапсырма. «Ойлан – Жұптас – Бөліс» әдісі (bilimland.kz сандық ресурсынан 31-жаттығу).

манарбек 3

Тапсырма интерактивті тақтада көрсетіледі, әр топ екі тапсырмадан орындайды. Орындап болған соң топтар бір-бірімен тапсырмаларын ауыстырады, бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • Ондық бөлшекті бөлу алгортимін көрсетеді;
  • Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындайды.

ҚБ: «Сыныптастарды бағалау» арқылы оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір-біріне баға қояды.

Оқушылардың берілген тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындауына қарай «жұлдызша» беру арқылы бағалаймын.

bilimland.kz

білімленд

звездочка

 

звездочка

 

тилек

 

звездочка

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

10 мин.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар  itest.kz сандық ресурсындағы «Ондық бөлшектерді бөлу» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан 5 жеңіл (1 мәтін есеп) сұрақты таңдап алып, тест тапсырады.

манарбек 5

Рефлексия

«Еттартқыш, себет, чемодан» әдісі бойынша сабаққа рефлексия.

Стикер таратылады.

Үй тапсырмасы: №718 (тақ), 719 (жұп) есептерді шығару.

itest.kz

айтест

 

Стикер

манарбек 6  

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жеке, жұптық  және  топтық  жұмыстар  жүргізу арқылы оқушыларға қолдау көрсетемін.

Оқушылардың қабілетіне қарай түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды ойлау мен дағдылардың деңгейлеріне қарай байланыстыру.

«Екі жұлдыз, бір тілек», Бағдаршам», «Сыныптастарды бағалау», «Еттартқыш, себет, чемодан», мадақтау сөздер оқушылардың сабақты қорытындылауын жоспарлап отырмын

 

Әрбір оқушының  сабақ ережелерін сақтап, жұмыс істеулеріне бағыт беріп отырамын.

Қате туралы хабарландыру