Хат жіберілді!
Кері байланысыңызға рақмет!
Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Cарин Тимур
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Шұбарқұдық гимназиясы
4165
415
Математика
Тақырыбы:
Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты | Білімділік оқушыларға көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуді меңгерту, топтау тәсілін практикада қолдануға дағдыландыру. Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын, математикалық және функционалдық сауаттылығын арттыру. Тәрбиелік: өз бетімен және топпен жұмыстануға үйрету, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. |
Сабақтың көрнекілігі | Бейне материалдар, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар. |
Сабақтың түрі | Дәстүрлі емес. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | Түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, СТО. |
Сабақтың типі | Жаңа сабақты меңгерту. |
Пәнаралық байланыс | Информатика. |
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі | 1. Сәлемдесу, сынып тазалығы. 2. Оқушыларды түгендеу. 3. Оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу (түрлі-түсті қағаздан жасалған көбелектерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Топқа көбелектер арқылы ұпай жинау арқылы бағаланатындығын ескерту). |
||||||||
ІІ. Өткенді қайталау | Көпмүшелерді көбейту тақырын қайталау мақсатында бейнематериалды көрсету. Сілтеме: https://bilimland.kz/upload/content/lesson/10068/media/54890377e641cb565b3f2005d3c51009/resources/6356363109203968.mp4 w(x)=3x3+2x2-4x+6 w(x)+u(x) Көпмүшенің дәрежесі (w+u)=5 |
||||||||
ІІІ. Жаңа сабақ | Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тәсіліне мысалдар келтіру.
1-мысал: ac – bc + ad – bd = (ac–bc)+(ad–bd) = c(a–b)+d(a–b) = (a–b)(c+d) 2-мысал: x2 + 8x + 15 = x2 + 5x + 3x + 15 = x(x+5) + 3(x+5) = (x+5)(x+3) Сілтеме: https://bilimland.kz/upload/content/lesson/11178/media/a5d36830ad6351465960a59cc9f8fb2a/pages/../resources/5460901678284800.mp4 |
||||||||
Жеке оқулықпен жұмыс: №332-38 есептер. Топпен орындауға арналған тапсырма. №1. 3x3 + x + x3 көпмүшесі берілген. 1. Стандарт түрде жазыңыз. 2. Көпмүшенің дәрежесін анықтаңыз. 3. Көбейткіштерге жіктеңіз. 4. 6-ға бөлінетіндігін дәлелдеңіз. 5. x = -1 болғандағы мән неге тең? №2. (x + 4)(x + 3)–(x+6)(x–2) көпмүшесі берілген. 1. Өрнекті ықшамдаңыз. 2. Стандарт түрде жазыңыз. 3. Көпмүшенің дәрежесін анықтаңыз. 4. 3-ға бөлінетіндігін дәлелдеңіз. 5. x = -8 болғандағы мән неге тең? Топқа арналған тапсырмалар. Тест тапсырмасы: http://itest.kz/exam_test?test_id=864160266 |
|||||||||
Сабақты қорыту | Топ басшыларына арналған тапсырма. Сәйкестікті орнату:
|
||||||||
Үйге тапсырма | №340-341 есептер. | ||||||||
Рефлексия | Блоб ағашы. Оқушылар бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендігін блоб ағашы арқылы көрсетіп, өздеріне баға береді. | ||||||||
Бағалау | Оқушыларды жинаған көбелектерінің саны арқылы бағалау. |
Қате туралы хабарландыру