Аралас сандар

Әбдірахманова Күнсая Алмасқызы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Тұрғызба ауылы, №4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
2117
Математика
Тақырыбы:
Аралас сандар

Сабақтың тақырыбы:

Аралас сандар

Осы мақсатта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.11. Аралас сандар анықтамасын білу.

5.1.2.13. Бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: аралас сандар анықтамасын біледі, бұрыс бөлшекті аралас сан түрiнде жаза алады.

Оқушылардың басым бөлігі: бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра алады.

Кейбір оқушылар: мәтін есептерді шығара алады.

Бағалау критерийлері:

– Аралас сандар анықтамасын біледі;

– Бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра алады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты терминдер: аралас сан, бұрыс бөлшек, бүтін.

Сабақта диалог үшін сөз тіркестері:

  1. Аралас сандар дегеніміз не?
  2. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
  3. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
  4. Аралас санға мысалдар келтір.
  5. Осы аралас санның бүтін бөлігі қандай сан?
  6. Осы аралас санның бөлшек бөлігі қандай сан?

Құндылықтарға баулу:

Бірін-бірі құрметтеуге, сыйластық танытуға, жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыс:

Биология, физика, геометрия, алгебра.

Алдыңғы білім:

Аралас сандар, дұрыс және бұрыс бөлшектер, бөлшектерді қысқарту.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

– Оқушылармен амандасу.

– Ширату жаттығулары, «Пазл әдісі» арқылы топқа бөлу.

– Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.

«Пазл» әдісі арқылы 4 топқа бөлу.

аралас сан 1

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма: «Ойлан, әрі тұжырымда» әдісі.

Төрт топқа бір тапсырмадан беру. Есепті шығару жолын өзара талдайды.

1-есеп. 7 алманы 3 бала теңдей бөліп алулары керек. Бір бала неше алма алады? Әр бала өзінің үлесін алуы үшін алмаларды қалай бөлу керек?

Оқушылардың жалпы шешімі . 7 алманың әрқайсысын 3 бөлікке бөлу тәсілін қолданбай ақ, алмаларды балаларға теңдей бөліп беруге болады. Ол үшін балалардың әрқайсысына 2 алмадан беріп, қалған бір алманы теңдей 3 бөлікке бөлу керек. Сонда әрбір бала (2+ frac{1}{3}) алма алады.  (2+ frac{1}{3})қосындысын қосу таңбасын жазбай, (2frac{1}{3}) түрінде жазу қабылданған, сонда (2frac{1}{3})-дің оқылуы «екі бүтін үштен бір».

Жауабы: (2frac{1}{3}) алма. Мұндағы сандар аралас сан (аралас бөлшек) деп аталады. (2frac{1}{3}) аралас санының 2 саны – бүтін бөлігі, ал (frac{1}{3})бөлшек бөлігі.

2-есеп. 7 алмұртты 3 бала тең бөліп алулары керек. Бір бала неше алмұрт алады? Әр бала өзінің үлесін алу үшін алмұртты қалай бөлу керек?

3-есеп. 7 тортты 3 бала тең бөліп алулары керек. Бір бала неше алма алады? Әр бала өзінің үлесін алу үшін тортты қалай бөлу керек?

4-есеп. 7 бананды 3 бала тең бөліп алулары керек. Бір бала неше алмұрт алады? Әр бала өзінің үлесін алу үшін банады қалай бөлу керек?

Қ.б: Топтар сағат тілі бойынша бірін-бірі «Кері байланыс бутерброды» әдісі арқылы бағалайды /2 жағымды, 1 жағымсыз ұсыныс.

Түйін. Мұғалім жаңа сабақ  туралы таныстырылым жасайды.

Бүтiн бөлiктен және бөлшек бөлiктен тұратын сан аралас сан деп аталады.

Есептің берілуі бойынша: (frac{7}{3}) (= 2frac{1}{3}).

Бұрыс бөлшектi аралас сан түрiнде, аралас санды бұрыс бөлшек түрiнде жазуға болады.

I Бұрыс бөлшектi аралас сан түрiнде жазу үшін:

1) бөлшектiң алымын бөлiмiне (қалдықпен) бөлу керек;

2) толымсыз бөлiндi аралас санның бүтiн бөлiгi болады;

3) қалдық бөлшек бөлiктiң алымы, ал бөлгiш бөлiмi болады. Мысалы, (frac{23}{6}) (= 3+ frac{5}{6},) жазылуы:(frac{23}{6})(= 3frac{5}{6}.)

форм

Осы сияқты: (frac{32}{5})(= 6frac{2}{5};) (frac{43}{8}) (= 5frac{3}{8} . ) (frac{55}{9}) (= 6frac{1}{6}.)

II Аралас санды бұрыс бөлшек түрiнде жазу үшін:

1) аралас санның бүтiн бөлiгiн бөлшек бөлiгiнiң бөлiмiне көбейту керек;

2) шыққан көбейтiндiге бөлшек бөлiгiнiң алымын қосып, алым ету керек;

3) бөлшектiң бөлiмiн өзгертпей, бөлiм етiп қалдыру керек.

Мысалы, (5frac{8}{3})(= 3frac{5 cdot 8+3}{6})(frac{43}{8}), қысқаша жазылуы: (5frac{8}{3})(= frac{43}{8}.)

Мысалы, (7frac{1}{4} = frac{29}{4}; ) (frac{2}{7} = frac{58}{7}; ) (2frac{3}{4} = frac{51}{4}. )

III Натурал санды аралас сан түрiнде жазуға болады:

Мысалы, (9 = 8+ frac{7}{7} = 8frac{7}{7},) қысқаша жазылуы: (9 = 8frac{7}{7} ) немесе (9 = 8+ frac{5}{5} = 8frac{5}{5},) қысқаша жазылуы: (9 = 8frac{5}{5}.)

2-тапсырма. Жеке жұмыс. Математикалық диктант.

Аралас сандарды цифрлармен жазыңдар:

1) алты бүтін бестен төрт:

2) он бүтін сегізден бес;

3) сегіз бүтін жетіден үш;

4) жүз бүтін тоқсан екіден бес;

5) сегіз бүтін төрттен бір;

6) елу үш бүтін тоқсан екіден бір.

Қ.б. Есептің дұрыс жауабын тақтадан көрсету, оқушылар «Көршіңмен бөліс» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор. Білім алушы:

– тыңдалым бойынша аралас сан жаза алады.

3-тапсырма. Ширату, ауызша есептеу.

Себетте аралас сандар мен бұрыс бөлшек болады. Ауызша есептеп жұптарын табады. Содан кейін «Ішкі, сыртқы шеңбер» әдісі бойынша «Ішкі шеңберге бұрыс бөлшек, сыртқы шеңберге аралас сан» боп тұрады.

https://bilimland.kz/ сайтынан тапсырмаларды беру.

Жұптардың шешімі

Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыр

Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыр

 

 

 

 

Қ.б. Бір-бірін ауызша кері байланыс арқылы бағалайды.

Дескриптор. Білім алушы:

– аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра алады.

Оқушылардың назарына!

BilimLand сайтындағы «Бөлшектің күнделікті өмірдегі қолданылуы» туралы видеожазбаны көру.аралас сан 4

.Қ.б: Оқушылардан осы видеожазба бойынша пікірлерін сұрау.

4-тапсырма. Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау.

Қалыптастырушы бағалауды оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Гүл толтыру» тәсілімен беру. Оқушылар түстері сәйкес жапырақтарға жауаптарын жазады.

1. Семантикалық карта толтыру:

аралас сан рис 5

Дескриптор. Білім алушы:

– сурет бойынша аралас сандарды жазады;

– аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазады;

– жұптасып бірін-бірі тексереді;

– (frac{9}{4}; frac{5}{2}; frac{14}{9}; frac{27}{10} ) бұрыс бөлшегiн аралас сан түрiнде жазады.

Дескриптор. Білім алушы:

– бұрыс бөлшектерді аралас сандарға айналдырады;

– аралас сандарды бұрыс бөлшек түрiнде жазады: (2frac{1}{3}; ​​​​4frac{1}{2}; 3frac{5}{8}; 5frac{2}{9}.)

Дескриптор. Білім алушы:

– аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады.

Қ.б: Жұптар бірін-бірі «Жұптық жұмыс» әдісі арқылы бағалайды. Топ ішінде кері байланыс орнату үшін оқушыларға «Ашық микрофон» ұсынуға болады.

Сараланған тапсырмалар беру

Барлық оқушылар үшін:

таблица формула

Оқушылардың басым бөлігі үшін:

Бұрыс бөлшектерді қысқартып, аралас сан түрінде жазыңдар: (frac{12}{8}; frac{20}{16}; frac{35}{25}; frac{46}{32}; ​​frac{56}{12}; ​​frac{105}{45}; frac{198}{102}; ​​frac{90}{65}. ) 

Дескриптор. Білім алушы:

1) бөлшектерді қысқарта алады;

2) бұрыс бөлшекті аралас сан түрiнде жаза алады.

Кейбір оқушылар үшін

1. Квадраттың периметрі 35 см, Квадраттың қабырғасының ұзындығын аралас санмен жазыңдар.

2. Тік төртбұрыштың ауданы 25 см2, оның ұзындығы 6 см. Ті төртбұрыштың енін аралас санмен жазыңдар.

Дескриптор. Білім алушы:

1) бөлінді түрінде жаза алады;

2) бұрыс аралас сан түрінде жаза алады;

р/с

Бағалау критерийі

Дескриптор

1

Есептің мазмұнын түсінеді

Тыңдалым бойынша аралас сан жаза алады

2

Амал қолдануды ойлайды

Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады

3

Өз ойларын тұжырымдай алады

Бөлшектерді қысқарта алады

Қ.б:

1. Есептің дұрыс жауабын тақтадан көрсету арқылы тексеру.

2. Сабақты https://itest.kz/ есептерін беріп қорытындылау, әр есепті 1 балл арқылы бағалап, оқушы білімін тексеру.

Ойлау деңгейлері мен қабілетттерін дамыту үшін шығармашылыққа тапсырма беру.

рис 2

Оқушыларға алма, алмұрт, торт, банан беру.

Аралас сандар 3

 

https://bilimland.kz/kk

лого аралас

Мысалдар қолдану.

 

 

 

 

 

Оқушыларға сергіту және ойлау қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық есеп беру.

https://bilimland.kz/kk

рис 4 аралас

 

Жұптасып бірін-бірі табады

Ішкі және сыртқы шеңбер құрайды.

рис 10 шенбер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындарына отырып, https://bilimland.kz/ сайтынан видеожазбаны тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

аралас сан рис 8

Түстері сәйкес жапырақтарға жауаптарын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

аралас сан рис 7 

Жұптар бірін-бірі «Жұптық жұмыс» әдісі арқылы бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы әрбір оқушы өзін-өзі бағалайды.

Әр түстер және қарсы топ бойынша сәйкестендіріп тексереді.

https://itest.kz/

итест

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақтың соңында оқушылардан сабақ бойынша кері байланыс алу:

– нені білді, нені үйренді;

– не әлі де түсініксіз;

– қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет.

Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазады. Ауызша кері байланыс жасауға тілек білдірген оқушыларға ашық микрофон ұсыну.

Оқуда қол жеткізген мақсатымызды анықтаймыз:

5.1.1.11. Аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13. Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру.

Оқушыларды бағалау: Смайликтердің көмегімен оқушылардың танымдық-белсенділігін бағалау.

Үй жұмысы: Аралас сандар, 425, 423 жаттығу.

Назарларыңызға рахмет!

аралас сан рисунок

Оқушыларға ашық микрофон беріледі, олардың әрқашанда пікірлері құнды.

Саралау

– Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

– Сіз қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді  қалай жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сараланған оқушыларға танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында сараланған тапсырмалар беру

Көршіңмен бөліс, бутерброд әдісі, дескриптор арқылы бағалау, жұптық тексеру, ауызша кері байланыс әдістері арқылы бағалау

Пазл әдісі, көршіңмен бөліс, ашық микрофон

Сабақ бойынша рефлексия

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Қате туралы хабарландыру