Трапецияның ауданы
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.3.13 Трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану. |
Бағалау критерийлері |
– Трапецияның ауданы ұғымын түсінеді; – Аудан формуласын өрнектеуді біледі; – Трапецияның ауданын табуға жеткіліксіз болып тұрған элементтерді таба біледі. – трапеция ауданының формулаларын есеп шығаруда қолданады. |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: – трапеция ауданының формулаларын ауызша және жазбаша сипаттайды; – формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; – фигуралар аудадандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: – Трапеция; – трапецияның биіктігі; – трапецияның табандары; – трапецияның бүйір қабырғасы; – трапецияның диагональдары; – трапецияның ауданы; – трапецияның орта сызығы; – тікбұрышты трапеция; – тең бүйірлі трапеция. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: – трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет – ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. -– егер трапецияның бүйір қабырғасы белгісіз болса … – трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін... |
Құндылықтарды дарыту
|
Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс Жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады. |
Пәнаралық байланыстар |
Құрылыс, архитектура |
Бастапқы білім |
Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш анықтамаларын және олардың элементтерін біледі. Үшбұрыштар және төртбұрыштардың түрлерін ажырата алады және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Трапецияның анықтамасын, элементтерін, түрлерін біледі. |
Сабақ жоспары:
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
I Ұйымдастыру кезеңі 5 минут |
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу Топқа бөлу жұмыстары: Оқушыларға үшбұрыш, төртбұрыш, параллелограмм фигураларына қатысты мәліметтер жазылған таратпа қағаздар үлестіріледі, өздеріне берілген мәліметтің қай фигураға сәйкес келетінін таба отырып, топтасады: – Ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең. – Барлық бұрыштары тік болып келеді. – Қарама-қарсы қабырғалары параллель. – Ауданы S=1/2aha формуласымен анықталады. – Ауданы S=ab формуласымен анықталады. – Ауданы S=absinɤ формуласымен анықталады. – Ауданы S=ah формуласымен анықталады. – Диагональдары тең, әрі қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. – Барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограмм. – Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш. |
|
II Жаңа тақырыпты ашу
III Сабақ мақсатын айту 3 мин |
Оқушыларға сипаттамаларға сәйкес фигураны табу тапсырылады: – Бұл фигура дөңес көпбұрыш болып табылады. – Ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең. – Іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы 1800 – Тең бүйірлі және тікбұрышты түрлері болады. – Бұл фигураны параллелограмм және үшбұрыштың қосындысы ретінде қарасыруға болады. – Бұл қандай фигура? Оқушылар трапеция екенін айтқан соң, трапеция туралы білімдерін еске түсіреді. Жаңа тақырып таныстырылып, сабақтың мақсаты белгіленеді. |
Слайд |
IV Жаңа тақырыпты меңгеру 7 минут |
Топтық жұмыс. – Топтарға трапеция беріліп, алдыңғы сабақтарда ауданын тауып үйренген фигураларға бөлу арқылы ауданын табу тапсырылады. (Оқушылар трапецияны үшбұрыш, параллелограмм секілді бөліктерге бөлу арқылы ауданын анықтайды) – Әр топтың жұмыстары көрсетіліп, қорытынды жасалады. Топтар көрсетуі мүмкін жағдайлар мынандай:
S = S1 + S2= ½ à·h + .½ â·h= ½ (à + в)·h Бағалау. Әр топ бірін-бірі «екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша бағалайды. Ұжымдық жұмыс. Оқушыларға Bilim Land ақпараттық порталындағы видеотүсіндірілімді және коспектті көрсету арқылы, жаңа тақырыпты түсіндіру. Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін есептер шығарамыз. |
Сурет, қайшы, сызғыш, қарындаш
https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/parallelogramnyng-trapecziyanyng-audany
Слайд
|
Жаңа материалды бекіту 10 минут |
Барлық сынып оқушыларымен Bilim Land ақпараттық порталындағы 5,6 жаттығуды бірге орындау. Есептер тақтада талданып, жауабы тексеріледі. |
|
Есептер шығару 12 минут |
Жұптық жұмыс. «Жұптасу» әдісі бойынша оқушыларға трапеция суреттері бар таратпа қағаздар беріліп, жұптасып ауданын табу тапсырылады: жұптың бірі ауданын тор көздерін санау арқылы анықтаса екіншісі формулаға қойып табады, жауаптарын салыстырып, бірін – бірі тексереді. (1 тор көз ауданы – 1см2 деген өлшеммен)
Жеке жұмыс. Қ.б. Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың формуланы дұрыс қолдануына, өрнектей білуіне назар аудару керек. Жекелеме жұмысты мына критерийлер бойынша бағалаймыз Бағалау критерийлері: ü Есепке қажетті аудан формуласын қолданады; ü Аудан және тағы бір қабырғасы берілгенде, белгісіз элементті анықтай алады; ü Формула бойынша есептеп, дұрыс жауабын таба алады. |
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: – нені білдім, нені үйрендім; – нені толық түсінбедім; – немен жұмысты жалғастыру қажет. Үй тапсырмасы. Қосымша № 1,2-тапсырма |
Қосымша 2 № 18 слайд |