Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Екі нүктенің арасындағы қашықтық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
10.3.3.4 кеңістіктегі қарапайым есептерді координаталар арқылы шешеді: екі нүктенің арақашықтығын есептейді, кесіндінің ортасын табады, кесіндіні берілген қатынаста бөледі. |
Сабақ мақсаттары |
кеңістікте тікбұрышты (декарттық) координаталар жүйесін анықтау; |
Жетістік критерийлері |
Кеңістіктегі нүктелердің арақашықтығының формуласын қолданып есеп шығарады. |
Тілдік мақсаттар |
Тікбұрышты координаталар жүйесі – Прямоугольная система координат – Cartesian coordinate system |
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. |
Пәнаралық байланыстар |
Физика: жердің жасанды серіктерінің көмегімен үялы телефонның координатасын анықтау. |
АКТ қолдану дағдылары |
BilimLand, Twig-Bilim, Geogebra, интерактивті тақта. |
Бастапқы білім |
жазықтықтағы тікбұрышты координатты анықтау; |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушыларға таныстыру. |
|
10 мин | Жаңа тақырып меңгеру Оқушыларды тақырыппен таныстыру үшін Bilimland сайтындағы материалдар қолданылады. Негізгі ақпарат келесі видеоматериалдар арқылы жеткізіледі. «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі» «Кеңістіктегі нүктелер арасындағы қашықтық» 1-5 жаттығулар көмегімен осы тақырып төңірегіндегі негізгі мәселелер талқыланады. Сабақ мақсаттарына жету үшін оқушылармен бірге шағын зерттеу жұмысы ұйымдастырылады. |
|
3 мин | GPS дегеніміз не? Сабақтың бұл бөлімінде twig-bilim сайтындағы видео көрсетіледі. Осы видео төңірегінде келесі GPS жүйесі қалай жұмыс жасайтындығы жайлы айтылады. Нәтижесінде GPS жұмысы барысында кеңістіктеге нүктелердің ара-қашықтығы түсінігі қаншалықты маңызды екендігі айқындалады үшін, яғни сабақ тақырыбының өзектілігін артады. |
|
5 мин | Видеода қарастырылған жағдай төңірегіндегі зерттеушілік әңгіме сұрақ-жауаптар арқылы құрастырылады. Әңгіменің мақсаты, кеңістіктегі координаталық жазықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орнын түсіну болып табылады, сонымен қатар бұл әңгіме бүгінгі сабақ төңірегінде қарастырылатын тапсырманы толығымен түсінуге көмек болады. |
Geogebra |
1) Координатаны анықтау үшін бір жер серігінен алынған мәлімет жеткілікті ма? (Жоқ) 4) Координатаны анықтау үшін екі жер серігінен алынған мәлімет жеткілікті ма? (Жоқ) 6) Координатаны анықтау үшін үш жер серігінен алынған мәлімет жеткілікті ма? (Ия) |
5 мин |
Топтық тапсырма. Оқушылар үш топқа бөлініп, оларға келесі тапсырма ұсынылады. Айдана өзінің ұялы телефонын жоғалтып алды. Оның бағына орай телефонның GPS модулі қосулы тұрғандықтан, полиция қызметкерлері телефонды бірден таба алды. Телефонды іздеу барысын толық түсіну үшін келесі жағдайды талдайық: Жердің үш жасанды серігінен телефонға дейінгі қашықтықты қолданып, телефонның координатасын анықтап көрейік. 1-тапсыма: 1-топ: «Н» жер серігінен телефонға дейінгі қашықтықты сипаттайтын тепе-теңдік құрады:
Бағдарламаның көмегімен телефонның координаталары анықталады: Т(6, -6, 7). |
Таратпа материал 1
|
8 мин |
Тақырыпты бекітуге арналған тапсымалар: 4-тапсырма: Жер радиусын 6 деп алып, жасанды серіктерін жерге дейінгі ара-қашықтырының өсу ретімен орналастырыңыз. Шешуі: Яғни:
|
Таратпа материал 2 |
2 мин | Үй тапсырмасы. Bilimland.kz сайтынан «Геометрия – 10 сынып – Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Кесіндінің ортасының координатасы. Екі нүктенің арасындағы қашықтық» тақырыбы. 1. «Кесіндінің ортасының координатасын табу» материалдарымен танысу. 2. ЖҰМЫС ПАРАҒЫ (ЖМБ) |
|